Лекция 9. Ғаламтордағы жарнама
Технология дамыған ХХІ ғасырда ғаламтордағы жарнама да кеңінен етек ала бастады. Бұл тұтынушыға да жарнама ұсынушыға да өте тиімді. Үйде отырып алып та қажет нарсеңізді ғаламтор желісі арқылы танып, білуге немесе ғаламторға жарнама енгізуіңізге болады. Ғаламторда соңғы уақытта жарнама беру тәсіліне орай бірнеше жарнамалықлық сайттар мен жарнама түрлері пайда болды.
– сайт трафигін арттыруға бағытталған ғаламтор жарнама. Жарнама негізі браузерде сайтпен бірге экран бетіне қалқып шығатын баннерде орналасады. Бұл мақсатты трафикке жатпайды, қалқымалы баннерді жапқан кез-келген адам сайтқа шыға алады. PopUp жарнама берушінің сайтына келушілер санын арттыру үшін қолданылады, мақсатты тұтынушылар жинау ықтималдығы аз. Pop-Up жарнаманың бағасы өте төмен болғандықтан аз бюджетті жарнама кампаниялары қолданады.
2. BodyClick – жарнама берушінің сайтына адамдарды тарту үшін қолданылатын ғаламтор жарнамасының бір түрі. Негізгі ерекшелігі қандай да бір жарнамалық жадығаттардың болмауында. Жарнама берушінің сайты тұтынушы отырған сайтың кез-келген жерін шерткенде пайда болады. Онымен мақсатты тұтынушылар жинау қиын, тек сайтта көбірек адам жинау үшін қолданылады, BodyClick жарнамасының бағасы ең төмен болып келеді!
3. TopLine (Созу) - жарнамалық мәтіні бар кішігірім жарнама форматы. Әдетте браузердің жоғарғы жағында созыла орналастырылады. TopLine – кез-келген сайттың дизайнына оңай бейімделетін қызықты форматтардың бірі.
4. Баннерлік жарнама – сайтқа келушілер санын арттыруға бағытталған, сайт брендін танымал жасауға бағытталған кең тараған жарнамалардың бірі. Компания имиджін қалыптастыруға таптырмас құрал.
5. Сілтемелердің жылжымалы блогы, жарнама сілтемелері орналастырылған кішігірім блок. Сайт парағын жоғары-төмен қозғағанда экран бетіндегі контент бетінде қоса жылжып отырады.
6. Контекстік жарнама – сайтқа мақсатты тұтынушыларды жинауға кепілдік беретін күшті жарнамалардың бір түрі. Бұл жарнама сайтқа тез арада мақсатты тұтынушыларды жинақтау үшін, іздестіру жүйелерін оңтайландыру үшін қолданылады. Ол тақырыбы, қысқаша сипаттамасы және адресі көрсетілген қысқа мәтін блогынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |