аудиториясы көп жағдайда жаңа тауарлар мен қызметтерге құмар жастар болып келеді.
Эфирлік уақыт:
Таңғы эфир – 6.00-ден 7.00-ге дейін;
Таңертеңгілік пик – 7.00-ден 9.00 немесе 10.00 дейін;
Күндізгі уақыт – 10.00-ден 16.00-ге дейін;
Кешкі уақыт -16.00-ден кейінгі уақыт.
Радио журналист халықтың көп бөлігінің радио тыңдайтын уақытын дөп басуы керек. Бұл көп радиостанцияларда таңғы 7.00-де болса, ал аз тыңдарман күндізгі 12.00-13.00 уақыт аралығы. Ал, жексенбі күндері жергілікті радиостанциялардың мамандануына байланысты радиотыңдармандардың аудиториясы әр түрлі болады.
Жарнамалық роликтің тұрақты ұзақтығы – 30 не 60 сек.
30 секунд – тыңдармандарға белгілі бір ақпаратты беру үшін тым қысқа уақыт болуы мүмкін. Ал, 60 сек. Музыка, дыбыстық эффектілер, дауысты толық қамтуға болады. Мұндай ұзақтылық саяси партияларды жарнамалауға, нарыққа енген жаңа тауар мен қызметті жарнамалауға қолайлы (60 тан 70 сөзге дейін).
Радиоға жарнамадан түсетін табыс көлемі әрдайым ұлғайып отырады.
Даралық, рентебелділік жұмыс берушілерді тартатын радионың негізгі факторлары:
Орта есеппен алғанда адам күніне 3 сағат радио тыңдайды. Радионың қамтитын аудиториясы кең.
Арнайы радиобағдарламалар жұмыс берушілердің мүмкіндіктерін арттырады. Жарнама белгілі бір діни және этникалық топтарға, белгілі бір жастағы адамдарға бағытталуы мүмкін.
Кез келген компанияға, басылымдарға немесе телеарнаға жарнама бергеннен гөрі радиоға жарнама берген тиімді.