Қосарлы дауыссыздардың емлесі
1. Қосарлы
сс, лл, тт, мм дыбыстарына біткен сөздер түбір қалпында
өзгеріссіз жазылады. Мысалы: прогресс, металл, киловатт, грамм. Орыс
тілінен енген бұл сөздерге қосымша жалғанғанда, қос дауыссыздың соңғы
сыңары түсіп қалады. Мысалы: прогресс-прогрестің, прогресі; металл-
металдан, металы; киловатт-киловатқа, киловаты; грамм-грамнан, грамы.
2.
нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстарының тізбегіне біткен сөздер түбір
күйінде өзгеріссіз жазылады. Оларға дауыссыз дыбыстан басталған
қосымшалар ы немесе і дәнекері арқылы жалғанады. Мысалы: тренд-трендіге,
трендіні; генофонд-генофондының; штамп-штампылау, штампыны; факт-
фактіде, фактілер, фактіге, фактіден, фактісі, митинг-митингіге,
митингіде, митингілер; ромб-ромбыға, ромбыны, ромбыда; Томск-Томскіге,
Томскіден; киоск-киоскіде, киоскілер; шрифт-шрифтіден, шрифтімен.
3.
ст, сть, зд дыбыстарының тізбегіне біткен термин сөздер түбір күйінде
сол қалпында жазылады. Мысалы: журналист, ведомость, подъезд. Бұл
сөздерге қосымшалар жалғанғанда, соңғы т, ть, д әріптері түсіріліп жазылады.
Мысалы: журналист-журналиске, журналистер, журналистік; ведомость-
ведомостың, ведомосқа, ведомосы; подъезд-подъезі, подъездер, подъездің.
4. Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздерге және рк, лк, кс, нкт,
кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымшалар әрдайым
жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагогтер, педагогі, педагогтік;
геологтер, геологке; округтік, округке, округтер; парктен, паркке, паркі;
полктер, полкке, полкі; факс, факске, факстің, факстен; пункттер, пунктке,
пункті; ансамбль, ансамбльге, бинокльдер, бинокльдің, бинокльде.
Достарыңызбен бөлісу: |