3 Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер. Бұлар – әдеби тілдің, жалпы
тіл мәдениетінің ата жауы. Сондықтан олар әдеби тілдің лексикалық
нормалары қатарынан орын алуы мүмкін емес.
4 - дәріс. Орфоэпиялық және орфографиялық норма
Сөз ауыздан шығып, құлаққа естіледі де, кісінің ойынан орын тебеді.
Сөйлеу тілінің бұл қасиеті ауыздан шыққан сөздің дәл, анық айтылуын керек
етеді. Анық айтылмаған сөз көмескі естіліп, көздеген жеріне жетпей жатады.
Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті
дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты
айтылу нормасын
орфоэпия дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін
кісілердің сөзінде болады. Әдеби тілде сөйлемейтін қарапайым кісілердің
сөздерді айтуда өзіндік өзгешеліктері бола береді. Сөздерді әдеби тілдегі
жалпыға бірдей ортақ нормада айтып сөйлеу – кісінің тіл мәдениетінің жоғары
екендігінің белгісі.
Әдеби тілде сөйлеуге төселген құлақ бұзылып айтылған сөздерді
тосырқай қарайды. Сондықтан сөздерді дұрыс айтуға, сәніне келтіріп дұрыс
сөйлеуге үлкен мән береміз.
Тілдің шатқалаңды кедір-бұдыры көп. Солардың қайсысы нормаға
жататынын, қайсысы жатпайтынын, дұрыс-бұрысын айыру да оңай емес.
Сонда да жалпылама түрде айтқанда, сөздердің айтылу нормасы былай болу
керек: құлаққа жағымды, көңілге қонымды айтылғанның бәрі – норма, бәрі
дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естілетін, көңілге қонбайтын, бұлдыр, оғаш,
түсініксіз, дөрекі айтылғанның бәрі нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тілдік
нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен, олар жалпы халыққа бірдей
түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс.
13
Жаппай сауаттылық орнаған біздің мәдениетті елімізде халықтың сөйлеу
мәдениеті де артып келеді. Алайда от басындағы өз руының ескі сөйлеу
дәстүріне тілі үйренген үлкен кісілердің бұл күнде солай сөйлеуіне онша таң
қалмасақ та болады. Ал орта, жоғары дәрежелі білімі бар деген қазіргі жас
мамандар солардың тіл байлықтарынан нәр алумен қатар, қазіргі әдеби тіл
үшін көнерген сөз қолданыстардың шеңберінде қалып қоюы өкінішті-ақ. Олар
көптеген кітап, газет-журнал оқиды, радио тыңдайды, жиын-мәжілістерге
қатысады, мәдениетті, сауатты кісілер арасында жүреді. Сондай кісілердің,
кейде тіпті жүргізуші, оқытушы, мұғалім, журналистердің т.с.с. сөздерді дұрыс
айтпай, бұзып айтқанын естиміз. Іздеген кісіге ондайға кінәлілер – отбасы,
мектеп, мұғалімдер (оқытушылар), ЖОО... дегендерді тізуге болады.
«Дұрысында солардың бәрінің тілдік талғамын арттырып, жұртты соған
тәрбиелеп, жөн сілтейтін қазақ тіл білімінің бұл жағынан кенже қалуынан,
мәдени-ағарту орындары мен баспасөздің оған соншалықты мән бермей
келуінен қазақ тілі мәдениетінің дәрежесі алдыңғы қатардағы елдердің тіл
мәдениетінен әлдеқайда төмен деуге болады», - дейді ғалым М. Балақаев.
Тіл мәдениеті жоғары елдердің өнер-білім, мәдениет қайраткерлері
сөздердің өздеріне тән дыбыс құрылыстары сақталып, буын жігі, екпіні
бұзылмай айтылуына үлкен мән береді де, ауыздан шыққан жеке сөздердің
құлаққа естілер әуен-ырғағының дұрыс болуын уағыздайды.
Бір сөзді дұрыс айтатын бол дегенде, алдымен сол дәстүрді сақта, сол
негізде дамып келе жатқан әдеби тілдің бүгінгі дәстүрін бұзба, егер біраз
сөздерді жұмсауда ондай дәстүр болмаса, соны орнатуға тырыс деуге тиіспіз.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы. Қазақ сөздерінің айтылуында өзіндік
әсем үн, қалыптасқан жатық әуен бар. Оның негізі мынада: сөздердің
құрамындағы дыбыстар өзара үндесіп, біріне-бірі ықпалын тигізе айтылады.
Мысалы, қазақ тіліндегі жуан, жіңішке, еріндік, езулік дауыстылардың сөз
ішінде біркелкі қатар түзеп айтылуы арқылы ауыздан шыққан сөздердің ағысы
кедір-бұдырсыз, біртегіс болады.
Қазақ тілінің сол мүмкіншіліктерін пайдаланып сөйлеген кісінің сөзі
жатық әрі әсерлі болмақ. Мысалы, «Төрде төртеу отыр төремін деп» дегеннің
айтылуы былай болады: «Төрде төртөу отұр төрөмін деп».
Бұл сөздердің құрамындағы дауыстылар былайша үндескен: төр, төртеу,
төре сөздерінің басқы буындарында жіңішке еріндік ө болғандықтан, олардан
кейінгі буындарда да жіңішке еріндік айтылады: төрдө, төртөу, төрө, «отыр»
сөзінің бірінші буыны жуан, еріндік о болғандықтан, одан кейінгі буындағы ы
дыбысы ұ болып айтылады, бірақ жазуда бұлардың бәрі елене бермейді, «төрде
төртеу отыр төремін деп» деген қалпында жазылады.
Сөйтіп, қазақ тілі сөздерінің айтылуы мен жазылуы әр уақытта бірдей
бола бермейді: көп сөздерінің айтылуы мен жазылуы арасында көп
14
айырмашылық болмаса (мысалы, намыс, терезе), бірқатар сөздер айтылуы
бойынша жазылмайды және жазылуы бойынша айтылмайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |