К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет6/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
1 Диалектизмдер. Бірқатар сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті 
болмай, тек кейбір облыстағы, кейбір аудандағы қазақтардың сөйлеу тілінде 
кездеседі. Олар жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің орнына жұмсалуы да 
мүмкін. Мысалы: 


11 
Жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің тұрқын бұзып айту жиі ұшырайды. 
Олар диалектизм болуы да, ел аузында өзгеріске ұшыраған дөкер сөз 
(просторечье) болуы да мүмкін. Мысалы:
Диалектизмдер мен дөрекі сөздерді диалогте қолдануға болар, ал 
автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір келтіреді. Бірқатар 
авторлар оларға түксие қараудың орнына қызық көріп жаза салады. Мысалы: 
«Тырли арық қара қатын» (Ә. Нұрпейісов). «Жақып дүзеліп қалды», «...дізесін 
бүкті» (Ғ. Мұстафин).
Әдеби тілде бар сөздің мағынасы әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. 
Мысалы, елек, елгезер сөздерінің орнына шығыста қалбыр сөзін қолданады 
екен, ал «қалбыр» әдеби тілде ұн емес, бидай, арпа, тары сияқты дақылдарды 
елейтін елеуіш.
Ел аузындағының бәрін қалдырмай әдеби тілге енгізе берсек, әдеби 
тілдің өзіндік қасиеттері жойылады, сөздер сөз шеберлерінің талғампаз 
елегінен өтпейді.
2 Кәсіби сөздер. Жергілікті халықтардың кәсібіне, шаруашылығына 
байланысты сөздері болады. Мысалы, Каспий, Арал, Балқаш өңіріндегі 
балықшылар тілінде былайғыларға түсініксіз сөздер көп. Балық 
шаруашылығына байланысты қабадан ау (талдан иіп жасалған аудың бір түрі), 
ақаншы (қызыл балық аулаушы адам), инелік (ау тоқитын ағаш ине), азына 
Әдеби 
Диалектизм 
жаңғақ 
жүгері 
тәрізді 
балапан 
тақия 
барлығы 
шаттауық 
борми 
рәуішті 
шіби 
тебетей 
әмбесі, әммасы 
Әдеби 
Әдеби емес 
сияқты 
дөңгелек 
түзеу 
диірмен 
рұқсат 
жиырмасыншы 
сиықты 
доңғалақ 
дүзеу 
тиірмен 
ұлықсат 
жиырманшы 


12 
(адам отыру үшін қайыққа салынған көлденең тақтай) деген сияқты сөздер 
кездеседі. Сондай-ақ бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп 
ететін оңтүстік аудандарда көшет, әңгелек, масақ, собық тәрізді сөздер бар.
Мұндай кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби 
нормаға айналдырып, әдеби тілдің байлығын арттыруға болады. Мысалы, 
дақыл, собық, атыз, қарық деген сөздер бұрын әдеби тілде қолданылмайтын, 
қазір бұлар жиі кездесетін болды.
Түрлі кәсіптегі еңбек ерлерін, олардың іс-әрекетін сөз еткенде, сол 
айналаның сөздерін айтпасқа болмайды. Мысалы, С. Мұқанов «Сырдария» 
романында күріш егісімен, қауын шаруашылығымен байланысты көптеген 
сөздерді, Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар» романында балықшылардың көп 
айта беретін үкі, шоланда, батаға, талка тәрізді сөздерін енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет