К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

1 Жөнімен ауытқу; 2 Жөнсіз ауытқу.
Әдеби норманы белгілі мақсатпен, стильдік өңі болғандықтан өзгертіп 
қолдану 
жөнімен ауытқу болады. Әдеби норманы жөн-жосықсыз бұзып
естіген-білгенін қалай болса солай, талғамай қолдану 
жөнсіз ауытқу болады. 
Мұндайды әр уақытта жөнге салып отыру керек.
Сөйтіп, сөздің айтылуын, жазылуын, жұмсалуын, тілдің грамматикалық 
құрылысын мүмкін болғанынша бір қалыпқа түсірудің, тұрақты етудің мәні 
зор: сонда тілде дәлдік, айқындылық күшті болады, тілдің икемділік қасиеті 
артады.
 
 



3 - дәріс. Лексикалық норма 
Сөз байлығы – тіл байлығы. Бірақ тілдегі сөз байлығының барлығының 
жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі-ақ әдебиетте 
жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналды да, бірқатары қолданудан 
қалып қойды немесе өте сирек қолданылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер 
әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, 
әтеш, жүдә сөздері бұрын-соңды жазушылардың шығармаларында кездеседі, 
бірақ олар әдеби емес те, қала, және, қораз, өте (аса, тым, мүлде) сөздері 
әдеби.
Сөздердің әдеби, әдеби еместігін айыру оңай да емес. Әдеби нормаға қай 
сөз жатады, қай сөз жатпайды дегенді субъективті көзқарас тұрғысынан 
болжамай, әдебиетте жалпы халыққа бірдей ортақ байлық ретінде жиі қолдана 
ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғыдан болжау керек. Солай еткенде, 
әшейінде айтыла беретін ас, шеге, тіс, су, өмір, кір, су, отыз, түс, жүгір сияқты 
қарапайым сөздер де, махаббат, әсемпаз, дидар, жүрек («жаралы жүрек»), 
майталман тәрізді поэтикалық сөздер де, мүсін, құрылыс, жарыс, өнеркәсіп, 
радио, атом сияқты терминдік мәні бар сөздер де әдеби тіліміздің сөз байлығы 
болып есептеледі.
Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтық қасиеті бар байырғы 
және өзге тілдерден ауысқан сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, 
техниканың, саясаттың, мәдениеттің әр алуан терминдерінен құралады.
Сөйлеу тілі мен әдеби тіл тығыз байланыста болғандықтан, екеуіне де 
ортақ сөздер көп. Бірақ сөйлеу тілінде олар ауытқығыш, құбылмалы болады. 
Мысалы, «есеп» сөзі бір елде, кейде бір отбасында түрліше айтылуы мүмкін 
(есеп, қысап, қисап, хисап), «көшет» сөзін біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін, 
«құрылыс», «құрам» сөздерінің қайсысы қай мағынада екенін қарапайым адам 
айыра алмай, ауыстырып қолдануы мүмкін. Ал әдеби тілде ондайға жол жоқ. 
Онда сөздер анық, дәл, дұрыс қолданылуы тиіс. Сонда ғана ойды ешбір 
қалтқысыз, мүлтіксіз дұрыс айтуға болады. Ол үшін сөздер әдебиетте жұмсала 
жүріп әбден қалыптасып кетуге тиіс.
Мысалы, қазақ тілінде «шаруа» сөзі бұрыннан бар болатын. Оған -
шылық қосымшасы жалғанып, «шаруашылық» сөзі жасалды, ол мал 
шаруашылығы, егін шаруашылығы, құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы 
дегендей құрамда айтылып, мағынасы кеңейіп, қалыптасып кетті. Бұрын қазақ 
тілінде «революция» сөзі болмайтын. Кейін сол ұғым пайда болғанда, әдепкіде 
«төңкеріс» деп аталып еді. Әдеби тіл оны қабылдамады да, «революция» сол 
қалпында, «төңкеріс» «переворот» сөзінің орнына жұмсалатын болды. Қазақ 
тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты терминдерді қазақыландыру 
барысында «революция» сөзін «төңкеріс» сөзі қайта ауыстырды. Содан бері 
Қазан төңкерісі деп айтылып жүр.


10 
Көптеген сөздер осы күнге дейін әдебиеттен берік орын ала алмай, қиыр-
шиыр болып жүр, бірталай сөздер екі-үш түрлі вариантта айтылып, солай 
жазылып, берекесі қашып жүр. Мысалы, масқара-машқара, тізе-дізе, домалақ-
дұмалақ, шүберек-шүперек, диірмен-тиірмен. Сөйлеу тілінде бір сөздің осылай 
түрліше айтылуы, сөздің бұзылып айтылуы, әрине, жақсы емес. Ал әдеби тілде 
де солай болса, ол – құптарлық іс емес. Әдеби тілі жіптіктей халықтарға 
мұндайлар өрескел-ақ. Біз талас тудыратын сөздердің дұрысын әдеби тілдің 
арнасына қарай бет бұрғызуға тиіспіз. Мысалы, айқай-айғай, жиналыс-
жиылыс, сұрақ-сұрау, палуан-балуан, адым-қадам – бұлардың бәрі де 
әдебиетте жиі қолданылады. Сонда да бір сыңарларын негізгі етуге келісіп, 
әдеби нормаға айналдырып жіберуге болады. Бір кезде, мысалы, және-жана, 
үшін-ұшын, өйткені-үйткені, хат-қат, қазір-кәзір сөздерінің қайсысын жазуды 
білмейтінбіз. Кейін әлгі сөздердің алдыңғы варианттарын қабылдауға 
пәтуаласқаннан бұл күнде сол сөздер баянды болып шықты. Ондай, түрліше 
айтылатын сөздер аз емес, оларды да бір сүрлеуге түсіру керек.
Мұндайда қиыны – бір сөздің бірнеше сөзбен аталуы. Мысалы, сіріңке 
дегеннің қазақ тілінде сегіз аты бар: күкірт, оттық, шырпы, сіріңке, іспешке, 
шақпақ, шишақпақ, кеуірт. Орысша «петух» дегеннің қазақша екі аты бар: 
қораз, әтеш (Ы. Алтынсариннің «Хрестоматиясында» «тауықтың айғыры» деп 
те аталған).
Термин сөздерді қабылдап, жұртшылыққа ұсынып, бір ізге салып 
жібергендей, ондай сөздерге де келісім жасай отырып, жөн сілтеуге болады.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері, әдеби 
нормаға жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, сөйлеу тіліне ғана 
жататындары бар. Соларды айыра, таңдап, талғай жұмсасақ, әдеби тілдің 
лексикалық нормаларын тұрақты етуге болады.
Олай болса, «лексикалық норма» дегеніміз – әдеби тілдің жалпыға ортақ 
сөз байлығының қалыптасқан тұлғада, жалпыға ортақ мағынада жұмсалуы. 
Нормаға түскен сөз сол қалпында қатып қалмайды, әдеби тілдің талабына 
лайық, заңды өзгерістерге ұшырап отыруы да мүмкін. 
Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет