К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Айтылуы 
Жазылуы 
құлұн 
жүрөк 
жұмышшы 
ауышша 
метал 
құлын 
жүрек 
жұмысшы 
ауызша 
металл 
Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірлестік болуы мүмкін де емес. 
Фонетикалық принципті қолданып, қалай естісең, солай жаз деп қоя берсек, 
жұрт сөздерді түрлі-түрлі вариантта жазар еді. Өйткені сөздерді әркім әр түрлі 
айтып, әр түрлі естуі мүмкін.
Орфоэпиялық нормаларды белгілеу қиын-ақ. Өйткені, біріншіден, мұнда 
ресми түрде қабылданған қағида, ережелер жоқ, екіншіден, сөздердің сөйлеу 
тілінде айтылуында бәлендей тиянақ жоқ. Орыс тілінде собака, корова сияқты 
сөздердің басқы буындарындағы дауыстыны а етіп те, о етіп те айтатындар бар. 
Мұндайда Мәскеу говоры бойынша а етіп сөйлеу – орфоэпиялық норма деп 
танылады. Қазақ тілі сөздерінің айтылуында ондай, басы ашық, говорлық 
айырмашылық жоқ. Сондықтан бәлен жердің тұрғындарынша сөйлейік деу 
мүмкін емес. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары жеке диалектіге, говорға 
негізделмегендіктен, жалпыхалықтық қасиеті күшті.
Кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы. Қазақ тілінің дыбыс заңы 
бойынша екі дауысты дыбыс сөз ішінде, тіркескен сөздердің аралығында екі 
бөлек айтылмайды, айтылса, бірін-бірі «жұтып қояды». Мысалы: алты+ ыншы-
алтыншы, жеті+інші-жетінші, торы ала ат-тор ал ат-торалат (айтылуы), бара 
алмадым-баралмадым (айтылуы).
Осылай сөз ішінде екі дауыстының қатар айтылмауы жазуда да еленеді 
де, сөздер тіркесінде еленбейді – түбірлері сақталып жазылады. Біріккен 
тұлғалы кісі аттарының аралығында екі дауысты дыбыс қатар келсе
алғашқысы түсіріліп жазылады. Мысалы: Торайғыров (Торыайғыров емес), 
Серәлі (Серіәлі емес), Ұлмекен (Ұлмаекен емес) т.б. Осылайша кісі аттарының 
айтылуы мен жазылуы арасын жақындату дұрыс-ақ. Осы жаңалықты баспасөз 
қызметкерлері біле сала кісі аттарының әлгідей жазылуын жөнге салып 
жіберді.
Егер сөзді айтылуы бойынша жаз деп үйретсек, ондай сөздердің 
жазылуында тиянақ болмайды, сауатсыздық көбейеді.


15 
Әдеби тілді қалыптастыруға жүйелі жазудың көмегі көп тиеді. Жазу 
ережелері мен орфографиялық сөздіктер арқылы сөздердің бір ізбен, бір түрлі 
жазылуын қамтамасыз ету – сауаттылықты арттырудың ғана шарасы емес
сонымен қатар әдеби тілдің басқа да нормаларын бекемдей түсудің де шарасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет