К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
жаңа, және, жане болып, қалық, халық болып, үйткені, өйткені болып 
түрліше болып жазылатын-ды. Кейін және, халық, өйткені деген 



варианттарын қабылдап едік, сол әдеби норма болып сіңісіп кетті. 
«Промышленность» деген терминді қазақша «өнерлі кәсіп», «өндіріс кәсібі», 
«өнеркәсібі» деп түрліше атайтынбыз. Ақыры олардың бәрі қалып, 
«өнеркәсіп» ресми түрде қабылданып нормаға айналды. Тілде барды осылай 
нормаға түсіріп отыруға болады.
Бұл тұста жазушының жазу стилін бір стильге түсіру мақсаты 
қойылмайды. М. Әуезов айтқандай, «бар жазушының стилін бір қалыпқа 
салуға болмайды, барлық көркем шығармаға ортақ бір-ақ рецепт ұсынуға 
болмайды». Әр алуан стильмен жазатын жазушының өзінше шеберлік өнері 
болуға тиіс. Сондықтан көркем сөз шеберлері «ой толқынын, сезім ырғағын, 
психологиялық тартыс пен тайталасты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап 
айтқысы келеді». Ондайға жол ашық, ондай шеберлік шыңына қол сермеген 
жазушы тілін нормаға келтіру мүмкін емес. Ал сөз шеберлерінің кітаптарында 
бір сөз әр түрлі жазылатын болса, әдеби тілге тән сөз тұрғанда, қайдағы 
ұсқынсыз сөздерді қолданса, грамматикалық, стильдік қателер жіберсе, әрине, 
ондайды сынға алмасқа болмайды.
Тілдің нормалану процесі үздіксіз жүріп отырады. Бірақ ол процесті 
жеделдететін кез – әдеби тілдің еркін, жан-жақты даму жолына түскен кезі. 
Әдеби тіл пайда болғанда, халық тілінде бар дөрекілікке, қара дүрсін ала-
құлалыққа тыйым салына басталады да, таңдау күшейеді. Соның нәтижесінде 
әдеби тіл белгілі жүйеге түскен тіл болып табылады. Мысалы, XVIII ғасырда 
араб-парсы тілінен енген сөздердің айтылуында, жазылуында ешқандай тиянақ 
болмайтын. Соның өзінде сол кездегі әдеби тілде қазіргі «әдет», «ғадет» болып, 
«өмір» - «ғұмыр» болып, «күнә» - «гүнә» болып, «кітап» - «китап» болып 
жазылатын мұндай сөздердің бұрынғы нұсқасын сақтау діни зиялылар 
арасында күшті болғанымен, қарапайым қазақтар оларды халық тілінің заңына 
бағындырып, өзгертіп айтатын еді. Осы күні солар әдеби тілдің нормасына 
айналып кетті. Керісінше, орыс тілінен енген сөздердің көбі ол кезде 
қазақыланып айтылып, солай жазылатын. Бұл күнде орыс тілінен енген 
сөздердің көбінің орысша нұсқасын сақтап жазу, солай айту әдеби сипат алып 
отыр.
Қазақ әдеби тілінің әр түрлі даму кезеңінде әр түрлі нормалар болды. 
Мысалы, XVIII-XIX ғасырлардағы әдеби тілде түркі халықтарының біразына 
ортақ ескі өзбек (шағатай) әдеби тілінің нұсқалары норма болса (мысалы, 
бірлан, барадүр, айтылмыш, үшбу, хақиқат, уағда, һәм, ғамал), Абайлар 
тұсында әдеби тілдің өлең-жырлардан басқа да нұсқалары халықтық қасиетке 
ие болғанда, араб-парсы сөздерін, шағатайзмді өзгертіп қазақша айту, қазақ 
тілінің дыбыс заңына лайықтап қолдану бағыты күшті болды. Ескі норма 
бірден жойылып, жаңа норма аз күннің ішінде орнай қалмайды. Абай сөздігіне 
қарап отырсаң, оның алғашқы жылдардағы шығармаларында, әсіресе қара 



сөздерінде, араб сөздерін «кітаби дәстүр» бойынша жазғаны байқалады. 
Мысалы: хаким (әкім), ғыззат (ізет), ғұмыр (өмір), ғараб (араб), ғадат (әдет), 
ғанимат (ғанибет), ғамал (амал), ғайып (айып). Бірақ Абай өзінен бұрынғы 
әдебиеттің ондай нормаларын кейін бұзып, әлгідей сөздердің қазақ тіліне 
жатық нұсқаларын жиі қолданды. Сол кейін нормаға айналды.
Терминдер жүйесінің тиянақтай бастаған, жаңа бетбұрыс кезеңі 1930-
1940 жылдары еді. Терминдер жүйесінің саралануы соны жаңа әдеби тілдің 
ілгері даму бағытының керек еткендігінен. Әдетте әдеби тілде болуға тиісті 
прогрессивті құбылыс оның белгілі даму кезеңінде қылаң беріп, бой көрсетіп 
отырады. Соларды тани, жетілдіре, ұштай түсу негізінде жаңа нормалардың 
қалыптасқаны жөн. Нормалардың басты принципі осы болу керек.
Әдеби тілді нормалау қалам қайраткерлерінің, ғылыми қызметкерлердің 
күшімен баспасөз, мектеп, радио, телевизия арқылы іске асады. Тілді нормалау 
дегеніміз – бір жағынан, тілде барды сол күйінде қалыптастыру болса, 
екіншіден, тілде барды өзгертіп қалыптастыру, үшіншіден, тілде жоқты, бірақ 
әдеби тіл үшін керекті жаңадан енгізіп қалыптастыру болады.
Қатынас құралы болып қалыптасқан тілге реформа жасау мүмкін емес. 
Бірақ оны әдеби нормаға түсіріп байытуға, жақсартуға, икемді етуге болады. 
Сонымен, тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға 
ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз. Ол тілде барды қоғамның 
таңдау, талғау елегінен өткізу негізінде және де тілге енген жаңалықтарды 
үйлесімді бір арнаға салу негізінде қалыптасады.
Әдеби тілдің нормалары әрдайым сол түр-тұрпатын сақтап қатып 
қалмайды. Олар да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ондайды нормадан ауытқу 
дейміз. Әдеби тілді жұмсаушылар тәжірибесінде нормадан ауытқу екі түрлі 
болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет