К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Кесте-35. «Білім сапасы» ұғымының мәні



бет145/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Кесте-35. «Білім сапасы» ұғымының мәні

Рет саны

Анықтама

Шығу көзі

1

Білім сапасы – адам өз білімін әр түрлі қызмет түрлерінде көп аспектілі талдауды меңгеру және қолдану нәтижесін айқындайтын, білім мазмұны мен меңгеру деңгейлерінің ара қатынасын анықтайтын көрсеткіш

Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 185 б.

2

Білім сапасы – тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың білімі, ептілігі, дағдылардың мазмұнына, көлеміне тұрақты және дамудағы тұтынушылықтарын қанағаттандыратын қабілеттілікті сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі туралы Ереже, Алматы, 2004.

3

Білім сапасы – қоғамның экономикалық дамуына сәйкес жеке тұлғаның әлеуметтік, рухани сұраныстарын қанағаттандыратын, қоғамдағы білім беру үдерісінің жай-күйін және нәтижесін анықтайтын әлеуметтік ұғым

Шишов С.Е., Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе. – М.: Педагогическое общество России, 1999. – 320 с.

4

Білім сапасы – өндірілетін өнімнің сапасы, өндірілетін өнімнің тұтыну қасиеттерінің жиынтығы, жеке тұлғаның даму әлеуетін анықтайтын оқушы білімінің сапалық көрсеткіші

Поташник М.М. Управление качеством образования. – М.: Педагогическое общество России, 2006. – 448 с.

5

Білім сапасы – алға қойылған мақсат пен міндеттерге қол жетізу дәрежесі, білім беру мекемесі ұсынған оқыту қызметі барысындағы педагогикалық үдеріске қатысушылардың бала тәрбиесі мен дамуы бойынша күткен нәтижелеріне қанағаттану дәрежесі

Мониторинг достижений в обучении. - Алматы, 1999.

Білім беру сапасы – білім беру үдерісінің жай-күйі мен нәтижесін көрсететін әлеуметтік категория, жеке тұлғаның азаматтық тұрмыстық және кәсіби құзіреттілігін дамыту мен қалыптастыру ішкі (қызметкер) және сыртқы (жеке тұлға, қоғам мен мемлекет) тұтынушылардың сұранысы мен талап – тілектерінің сәйкестік дәрежесімен сипатталады
Тұтынушы – өнімді қабылдайтын ұйым немесе жеке тұлға. Ұйымға қатысты тұтынушы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Тұтынушы болып табылатындар:

  • оқушы (білімгер);

  • ата-ана немесе жұмыс беруші;

  • компания, мекеме, ұйым, өндіріс орындары және т.б.;

  • ішкі тұтынушы (білім беру мен оқу орындарының ішкі бөлімшелері немесе жеке тұлғалар);

  • мемлекеттік басқару органдары;

  • қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер.

Жеткізуші – дайын өнімді жеткізуші жеке тұлға немесе ұйым (мекеме).
Жеткізуші де ұйымға қатысты ішкі және сыртқы болуы мүмкін. ЖОО-ның жеткізушісі мектеп, лицей, колледждер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет