К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет146/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сапа менеджменті – сапаға қатысты ұйымды басқарудың жүйеленген іс-әрекет және сапа аймағындағы саясат, сапа шеңберіндегі мақсат, жоспарлау сапасы, басқару сапасы, сапаны жетілдіру және сапаны жақсарту сияқты іс-әрекеттер жиынтығын құрайды.
164-суретте жоғары білім беру жүйесіндегі сапа түйіні ашылды.




Сурет-164. Сапа менеджменті бойынша адами құндылықтар
Сапаны басқару – сапаға қатысты талаптарды орындауға бағытталған менеджмент бөлімі. «Сапаны басқару» ұғымы оперативтік жоспардың түзетушілік іс-әрекетін білдіреді.
Сапаны қамтамасыз ету – сапаға қойылған талаптар орындалатынына толық сенімділік беретін сапа менеджментінің бөлімі.
Сапаны жақсарту – сапаға қойылатын талаптарды орындау қабілеттілігін арттыруға бағытталған сапа менеджментінің бөлімі.
Мониторинг – объектінің (үдеріс, өнім) жай-күйін бағалау мақсатында нақты бағдарлама негізінде тұрақты бақылау жүйесі, ондағы болып жатқан құбылыстарға талдау жасау және оның өзгерісін дәл уақытында анықтау.
Білім беру жүйесінің сапасы білім беру қызметін ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынастарына тікелей байланысты.
Білім беру жүйесінде елеулі нәтижелерге жету үшін сапа менеджменті білім беру қызметін ұжымдастырушылардан төмендегідей адами құндылықтарды талап етеді (165-сурет).





Сурет-165. Жоғары білім беру жүйесіндегі сапа түйіні

166-суретте жоғары оқу орнындағы сапа құрылымы білімгерге қатысты ашылды.





Сурет-166. Жоғары оқу орнындағы сапа құрылымы

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында аккредиттеу ұғымына төмендегідей анықтама береді: «білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін белгіленген талаптар мен стандартқа сәйкестегін тану рәсімі, ал мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау».


167-суретте ғалым Н.А.Селезнева ұсынған ЖОО-да білім сапасын анықтаудың басым бағыттары берілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет