К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сапаны бақылау (quality inspection)



бет144/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сапаны бақылау (quality inspection) – өнімнің соңғы техникалық сипаттамасын және оның алдын-ала анықталынған көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесін анықтау мақсатында мекеме маманының іс-әрекеті;

  • Сапаны басқару (quality control) - өнімнің барлық дайындалу кезеңіндегі сапаға қойылатын талаптарды мамандар мен орта буын басшыларының алдын-алу, қадағалау, түзетушілік қызметі;

  • Сапаны қамтамасыз ету (quality assurance) – мекеменің ішіндегі сияқты одан тысқары жерде де сапаға қойылатын талаптар орындалатындығына сенімділік беретін іс-әрекет;

  • Сапаны басқару (сапа менеджменті, quality management) – сапа аймағында мекеменің саясатын анықтайтын талап деңгейіне жетуде мақсат пен жауапкершілікті біріктіретін сапаны жоспарлау, басқару және қамтамасыз етудегі жоғары басшылық тарапынан берілетін жалпы нұсқаулар.

    Сапаның тотальдық менеджменті ТQМ (Total Quality Management) – қоғам мен мекеменің әрбір мүшесі үшін пайда әкелетін және тұтынушының талабын қанағаттандыруда мерзімінен бұрын жетістіктерге жетуге бағытталған, мекеменің әрбір мүшесі толықтай қатысуға жұмылдырылған мекемені басқару.
    Сапаның тотальдық менеджмент жүйесіне әр түрлі анықтама беріледі. Ғалым В.В.Окрепилов бойынша, сапаның тотальдық менеджменті – бұл жалпы сапаға алып келетін, сапаға жетуге бағытталған және басқару іс-тәжірибесіне негізделген мекеме философиясы, бұдан шығатын қорытынды, сапа – өндірістік үдерістің қандай да бір кезеңінде қадағалап, қол жеткізетін нәрсе емес, мекеменің мән-мағынасы.
    Сапа деп объектінің нақты белгіленген қажеттілігін қанағаттандыратын барлық сипаттамаларының жиынтығын атайды. ИСО 9000:2000 халықаралық стандартта сапа «қойылатын талаптар сипатына тән сәйкестік дәрежесі» ретінде анықталады. Әр түрлі ғылыми әдебиеттерде сапа әртүрлі анықталады: сапа – мақсатқа сәйкестік; сапа – сұранысты қанағаттандыру; сапа – бақылау құралы; сапа – процесті жетілдіру әдісі.
    Білім - сапаның басты көрсеткіші.
    Сапа – бұл өнімнің, үдерістің не жүйенің алдын-ала белгіленген мүмкін болатын немесе міндетті талаптарын қанағаттандыратын жекеленген қасиеттерінің жиынтық дәрежесі (Стандарт ИСО 9000:2000).
    Сапа сипаттамасы – стандарт талаптарынан шығатын өнімнің, үдерістің және жүйенің дербес ерекше қасиеті.
    Білім беру қызметінің сапасы – білім алушының білім, білік, дағдыларының жиынтығының талапты орындайтын дәрежесі (35 -кесте).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет