Жай, бос ұрандар мен уәделерден бас тарту. Мекеме басшысы қолында жоқ ресурстардан өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру үшін ұжымды әр түрлі ұран, уәделерден, «еңбек майданындағы ерліктен» бас тартуы керек. Мекеме басшысы өз жұмысшыларынан ақаусыз жұмыс істеуді талап етпегені жөн, оның есесіне осы мақсатқа жету әдістерін көрсетуі қажет. Көп жағдайда сапа мен өндірістің төмендігі басқару жүйесіне байланысты болады және оны шешу жәй жұмысшының қолынан келе бермейді. Жұмысшыларды өндіріске керектінің бәрімен қамтамасыз ету, сонда олар сапалы өнім шығарып, жақсы жұмыс істейді.
Басқарудың объектілік (нысаналық) әдістерінен бас тарту. Менеджер мекемені басқаруда сандық көрсеткіштерді көп пайдаланбауы керек. Сауатты басқару үшін нәрсенің мәнін түсіну қажет, сондықтан «құр сандарға» сене бермей, үдерістің мәніне де көңіл бөлу қажет.
Өз жұмысын мақтан тұту. Мекемеде әрбір қызметкер өз жұмысы, өз орны бойынша қуанатындай, мақтан тұтатындай жағдай жасау қажет. Өзінің мекемеге қажет екендігін түсінген қызметкер жұмыс үшін өз күш-жігерін аямайды және ол үшін қуанып, өзінде де мәртебелік сезім пайда болады.
Қызметкердің біліктілігін көтеру. Мекеме өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша жұмыстың жүйесін жасап, оны жүзеге асыруы тиіс, әрбір қызметкерге өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасауы қажет. Мекемеге тек қана жақсы жұмысшылар ғана керек емес, оған өз білімі мен өзін-өзі жетілдіру арқылы өсетін жұмысшылар керек.
Сапаны жақсартуға ұмтылу. Мекеменің жоғары басшылығы ұдайы өнім мен қызметті жақсарту бойынша жұмыс жасайтынын анық әрі дәл айтып жеткізе алуы керек және оны өзінің іс-әрекетімен дәлелдеуі қажет ( 174-сурет).
Сурет-174. Э.Демингтың 14 принципі
«Басқару» және «менеджмент» ұғымдарының мағынасын ашатын болсақ, біріншісінің ауқымы кең, менеджмент – басқарудың бірден бір әдісі, жолы. «Менеджмент» ұғымының этимологиялық шығу тарихына үңілсек, менеджмент «ману» - қол деген сөз түбірінен шыққан. Сол себепті кейде американдықтар «басқару – бұл өз ісіңді басқа біреудің қолы мен жасату»деп қалжыңдайды.
Менеджмент негізінде басқару принциптерін қарастыралық:
Достарыңызбен бөлісу: |