К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ



бет2/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

1-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
1.1 Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы


Білім беру дамуындағы әлемдік дағдарыс. Білім берудің қазіргі кездегі парадигмалары. Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз. ЮНЕСКО XXI ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөледі. Олар бірлікте өмір сүруге үйрену, білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену болып табылады. Бұларға нақты тоқталатын болсақ, біріншіден, әр мемлекет, әр халық басқа мемлекеттер мен халықтардың, олардың тарихы, дәстүрлері мен ойлау жүйесі туралы білімдерді дамыта отырып, олармен бірлікте өмір сүруге үйренуі кажет. Екіншіден, білімге деген талғамды қалыптастыратын, сондай-ақ ғұмыр бойы (шын үйренудің негізі болып саналатын үздіксіз білім жүйесіне қол жеткізу жалпы мәдени деңгейдің көрсеткіші іспеттес, сондықтан ең әуелі білімді меңгеруді үйрену қажет. Үшіншіден, еңбек етуге үйрену үшін әркімнің өз мамандығын жетілдіруі қажет, яғни өзгермелі өмірдегі күтпеген кездейсоқ жағдайлардан жол тауып шығуға мүмкіндік беретін, қажетті біліктілікті меңгеруі керек. Төртіншіден, XXI ғасыр өмір сүруге үйренуді, яғни ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Демек, оқыту үрдісінде алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді қолдануға айырықша назар аударылуы тиіс.
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйым–дастырылады. Егер ХХ ғасырда білім беруді ұйымдастыру «ғылым-өндіріс-білім» мәдени макромодель аясында жүрсе, ал жаңа ХХІ ғасырда білімді ұйымдастыру «мәдениет-білім-тарих» макромодель аясында болатындықтан білімге деген жаңа көзқарас туды. Білім мәдениеттің бөлігі ретінде 4 жақты жаңа сипатқа ие болды: білім–құндылық; білім–жүйе; білім–үрдіс; білім- нәтиже ( 1-сурет).
Білім беру – адам, қоғам, мемелекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (В.А.Сластенин).
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту.
Жалпы дағдарыс деген ұғым – кез келген құбылыстардағы терең жатқан ішкі қарама-қайшылықтарының күшейген жағдайы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет