9-10 балл – «5»
6-8 балл – «4»
4-5 балл – «3»
0-3 балл – «2»
33
|
Қабырға газеті (кері байланыс)
|
Сабақтағы тапсырмаларды орындап болған соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, өз әсерлерін, пікірлерін, өз сезімдерін білдіреді. Көңіл –күй парақшаларына смайликтер қыстыру арқылы да сабақтан алған әсерлерін білдіреді.
|
34
|
«Кезбе тілші» әдісі
|
Топ мүшелері 5 рөлге бөлінеді: көшбасшы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы, баяндамашы.
Әр топ басшысы сыныпқа келген хаттардың біреуін таңдайды. Әр хатта жаңа сабақтың әр бөлігі түсіндірмесімен, мысалдарымен берілген. Берілген мәтінді топта талқылап алған соң баяндамашы келесі топтарға сағат тілімен ауыса отырып, хаттың мәтінін баяндап береді.Соңында өз топтарына оралады.
|
35
|
Білу-түсіну-қолдану
|
|
36
|
«Сиқырлы айна» әдіс
|
Бұл әдісті сабақ соңында алуға болады. Білім алушылардың көңіл күйлерін сұрау мақсатында, сергіту сәтіне алуға болады. Білім алушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне қарап сұрақтар қояды, қарсы тұрған оқушы сол сұраққа жауап беруі тиіс. Орындарымен алмасып отырады.
|
37
|
Блиц кездесу
|
Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама -қарсы жаққа қарап отырыңыз. 1-қатысушы да келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөздерді түсіндіру үшін бар жоғы 30 сек уақыты бар- мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді. Сіздің негізгі сөзіңіз:
(Білім алушылардың жеке талдауы )
|
38
|
Константино-поль
|
Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет. Сіздің нәтижеңіз қандай?
Өте жақсы -10 одан да көп сөз.
Жақсы - 8 одан да көп сөз.
Жаман емес - 6 және одан да көп сөз.
|
39
|
Құпия зат
|
Құпия зат – мына зат бойынша
5 сұрақ құрастырыңыз.
Бұл не деп сұрамаңыз.
|
40
|
Келтірілген мысалды пайдалана отырып, жоқ сөздерді қойыңыз
|
Мұғалім затқа қатысты баламаларды ұсынуы тиіс
|
41
|
Лездеме
|
Сіздің топтың 2 қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде 1 мин бар
Конвертте бір сөзді бір рет алу, сөздің өзін атамай түсіндіру, сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді.
|
42
|
Тақырыптық Теннис
|
3 адамнан топқа бөліңіздер:Ойыншы және судья. Мен тақырыпты айтқан соң сіздер кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайсыздар, біреулеріңіз тоқтағанға дейін жалғаса береді. Топтың 3 қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді.
Есеп: Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады. (15 -0, тең және т.б ) немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.
|
43
|
Бірге ойлаймыз
|
Көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
Мұғаліміңіз 1-4 дейін санды таңдайды;
Осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
Талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
|
44
|
Жадыны дамыуға арналған ойын
|
Біз бүгін соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. Оларды жаттау үшін сендерде 2 мин бар.
Топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске алу қажет. Барынша көп дұрыс жауаптарға сыйлық тағайындалады.
- дұрыс сөз
+ жазу ережесін сақтау
|
45
|
Ойлан, Бірік, Бөліс
|
Жұптық жұмыс)
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеялары бар сөздерді көп жазады (Ойлан).
Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік).
Соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
|
46
|
Тақырыптық түйінді сөздер
|
Келтірілген сөздердің қайсысы жатады? Сөздер банкісі – оқушыны шатастыру үшін
Тақырыпқа қатысты бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араласытырып орналастырыңдар. Біздің тақырып-негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс.
|
47
|
Бірге ойлаймыз
|
Топпен жұмыс)
Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін “Қолыңды көтер немесе бір адамға сену” көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсіл:
1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз. Әр оқушыға 1-4 дейін номер беру.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі. Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады.Одан барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамда қайталайсыз.
|
48
|
Сұрақтары бар қорап
|
Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.
|
49
|
Оқушылар сұрақтарын қалдырады
|
Мысалы:
Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/ түсінбеу саласын көрсету.
Қабілеттері шамалы оқушыларды “НЕ” сұрау есімдігін пайдаланып, сұрақ қоюға қабілеттері барынша дамыған оқушыларды “ЕГЕР де ..., не болады” деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
|
50
|
Кезбе тілші
|
Топтарда .... Туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет. (мысалы: су тасқыны және т.б)
1-ші оқушы: телефон соғып жатқанға ұқсатып,
тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы
хабарлайды.
(Мыс: Су тасқынының деңгейі).
2-ші оқушы : Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-ші оқушы:Тілші; Оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-ші оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер.
|
51
|
Пилот және новигатор
|
Мұндай жұмыс түрі компьютерде жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы, бірақ басқа жағдайда да пайдалану мүмкін. Оқушылар жұппен бөлінеді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі - пилот ролін атқарады.
“Штурман” “Пилотқа” не жасайтындығын және неліктен жасау керектігін айтады. Мыс: “Тінтуір арқылы Фаилға бас және басып шығаруды таңда”.
Пилот команданы орындайды және қажет болған жағдайда оны штурман түзетеді. Штурман “Басқару элементтерін өзіне алмауға” тиіс. Неғұрлым мықты оқушының штурман болғаны жақсы, алайда, ролдерді алмастыру да пайдалы. Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан штурмандар пилоттарға қарағанда көбірек үйренеді.
|
52
|
«Қатесін табу» ойыны
|
Жұпқа бөлініңіздер
Үш ұйғарым жазыңыз, оның біреуі
«Жалған»болып табылады.
Өз ұйғарымыңызды басқа жұпқа беріңіздер.
2- жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.
|
53
|
Ғажайып алаңы
| |
54
|
«9 - ромб» әдісі
|
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
|
55
|
Қос шеңбер ішінде танысу
|
Студенттер екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне қарап тұрған студенттер бір-бірімен әңгімелесіп, танысады. Берілген уақыт өте студенттер жұптарымен алмасады: ол үшін бір шеңбердің оңға немесе солға бір қадам жасауы керек.
|
56
|
Қарама-қарсы
|
Студенттер екі сапқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, екі минут ішінде олар қарсы тұрғанмен әңгімелеседі, бір-біріне сұрақ қояды. Берілген уақыт аяқталған соң, оқытушы бір саптың оң жаққа, ал екінші саптық сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. Студенттердің жұптары өзгеріп, олар басқалармен сұхбаттасады (шетте тұрғандар саптың басына оралады).
Осылайша студенттер бір-бірімен танысып шыққанша жылжи беруге болады.
|
57
|
Есім әріптерінен басталатын сөйлем
|
Студенттер өз есімдерінің бастапқы әріптерінен сөйлем құрады. Мысалы, Айгүлдің мынандай сөйлем келтіруіне болады: «Айшықтай иілген гүл үзіле лүпілдейді». Тапсырма орындалғаннан кейін, әр студент өз жазғандарын жариялап, басқалар олардың есімдерін атайды.
Бұл тапсырманың алдыңғы тәсілге қарағанда анағұрлым қиын екендігін ескеру керек, сол себепті де мұнда студенттер келтірген сөйлемдердің құрылымы мен мағынасына аса сын көзбен қараудың қисыны жоқ. Бұл жұмыстың басты мақсат – танысу, көңіл-күйді көтеру деп түсінген абзал
|
58
|
Есім-акроним
|
Әр студент өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын (немесе өзіне тән) сын есімдер (эпитеттер) келтіруі керек. Мысалы, Айгүлдің былай деп жазуына болады:
А – алғыр
И – инабатты
Г – гүлденген
Ү – үлбіреген
Л – лапылдаған.
Тапсырма орындалғаннан кейін, әр студент өз жазғандарын жариялайды.
|
59
|
Биографиялық поэма (Биопоэма)
|
Тақтаға немесе әрбір студентке параққа жазылып, өзі туралы келесідей сауалдарға жауап беру тапсырылады:
1. Есім (Өз есіміңізді келтіріңіз).
2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби).
4. Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз).
5 Өмірлік қағидам (кредо). (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз).
6. Сүйікті есімдер (Қандай есімдерді ұнатасыз?).
7. Сүйікті тағамдар (Қандай тағамдарды ұнатасыз?).
8. Фамилия.
|