К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет163/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   171
2-жүргізуші:
Ендеше, сұрақтар бойынша ойталқыға көшейік.

  • Рим халқын атақты, күшті қылған кім?

  • Тәрбие.

  • Ескендірді данышпан хакім қылған кім?

  • Аристотельдің тәрбиесі.

  • Неронды залым қылған кім?

  • Философ Сенеканың қате тәрбиесі.

  • Жұрттың ұлтшылдық, бірлікшілдігі неден?

  • Тәрбиенің қуаты. Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие.

Ж.Аймауытов
1-жүргізуші:
Жылқы біткен дүлдүл болмайды, құс біткен бұлбұл болмайды, адам баласы да солай. Жұрттың бәрі шешен, әнбоз, ақын, данышпан болып туа бермейді. «Күйсіз көңіл жүгірмейді» деген бар. Дүлдүлге де күй керек, бұлбұлға да жайлы орын, көңілді бақша керек. Адам баласы бәрінен де артық күй таңдайды. Тумысында зеректік болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді.
М.Дулатов
2-жүргізуші:
Жеке тұлғаға әсер ететін биологиялық факторлар
«Алтын, күміс, қорғасын,
Нендей асыл болмасын,
Тартады өз тегіне»
М.Х.Дулати
1-жүргізуші:
Жеке тұлғаға әсер ететін әлеуметтік факторлар
«Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбыдан болады»
Абай

2-жүргізуші: Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин: «Педагогикалық іс-әрекет – өте нәзік, қасиетті іс. Ол өте сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана қатал, талапты, өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады» деп атап өткеніндей, сөз кезегін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.к. Ұ.Қ.Қияқбаева мен болашақ педагогтарға берейік.
1-жүргізуші: Жеке тұлғаға әсер ететін педагогикалық факторлар
«Тәрбиелеу дегеніміз – халықтар бойына адамгершілікке негізделген игіліктерді дарыту»
әл-Фараби
2-жүргізуші:
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі – білсем екен деп ұмтылып, одан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естіген нәрсенің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет