К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет158/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Парадигма – бұл:
A)Нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын теориялық және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы, ғылымның негізгі өлшем бірлігі
B)Компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрдепайдаланумен, ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау
C)Білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету
D)Білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдалану
E)Білім алушылардың технологиялық сауаттылық пен құзіреттілік қалыптастыру

2. Теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы – бұл:


A) Педагогикалық парадигма
B) Психологиялық парадигма
C) Философиялық парадигма
D) Менеджменттік парадигма
E) Басқарушылық парадигма

3. Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру –бұл:


A) Компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрде пайдалану
B) Білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз ету
C) Білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдалану
D) Білім алушылардың продуктивтік және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамыту
E) Барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету
4.Білімді интеграциялау – бұл:
A) Білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісу
B) Барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету
C)Компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрде пайдалану, ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау
D)Білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз ету
E)Білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдалану

5. Білім фундаментализациясы – бұл:


A)Білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз ету
B) Білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісу
C)Білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдалану
D)Білім алушылардың продуктивтік және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамыту
E) Ғаламтор желісіне қосылу
6. Білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісу және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру, жалпы білім беру кеңістігін қалыптастыру –бұл:
A) Білімді интеграциялау
B) Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру
C) Білім фундаментализациясы
D) Жоғары білім беру гуманизациясы
E) Білім беру технологизациясы

7. Барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдық беру, педагогтар мен білім алушыларға академиялық еркіндік беру – бұл:


A) Білімді демократияландыру
B) Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру
C) Білім фундаментализациясы
D) Жоғары білім беру гуманизациясы
E) Білім беру технологизациясы

8. Технократтық парадигма – бұл:


A) Адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады
B) Жеке тұлғаның рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру
C) Адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы ретінде көрінуі
D) Оқушыны ортаға бейімдеу
E) Оқушының ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту

9. Болон процесі – бұл:


A) Жоғары білімнің еуропалық жүйесінің құрылу процесі
B) ЖОО дербес дамуы
C) Тек өз ұлтының мәдениетіне, тіліне, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау
D) Жоғары білімді тек еңбек нарығына сай бейімдеу қажеттігі
E) Жеке тұлғаны дербес тәрбиелеу,білім беру, дамыту

10. Болон процесінің басты мақсаты:


A) Университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту
B)Университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерін мойындамау
C) Тек өз ұлтының мәдениетіне, тіліне, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау
D) Жоғары білімді тек еңбек нарығына сай бейімдеу қажеттігі
E) Жеке тұлғаны дербес тәрбиелеу,білім беру, дамыту

11. Сапаны қамтамасыз ету үшін сәйкес келетін өлшемдер мен әдістерді ойлап табу мақсатына бағытталған европалық ынтымақтастыққа ықпал ету – бұл Болон процесінің ... .


A) Принципі
B) Мақсаты
C) міндеті
D) Нәтижесі
E) Себеп-салдары

12. Жоғары оқу орындары ішіндегі білім сапасын бақылауды енгізу мен ЖОО-нын қызметін ішкі бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту – бұл Болон процесінің ... .


A) Принципі
B) Мақсаты
C) Міндеті
D) Нәтижесі
E) Себеп-салдары

13. Жоғарғы білімде қажетті еуропалық көзқарасқа және біріккен бағдарламалар,тәжірибелік дайындық пен ғылыми зерттеулер өткізуге ықпал жасау– бұл Болон процесінің ... .


A) Принципі
B) Мақсаты
C) Міндеті
D) Нәтижесі
E) себеп-салдары

14. Сәйкес дәрежелердің жүйесін қабылдау, жоғарғы білімнің еуропалық жүйесінің халықаралық бәсекелестігін жоғарылату – бұл Болон процесінің ... .


A) Принципі
B) Мақсаты
C) Міндеті
D) Нәтижесі
E) Себеп-салдары

15. Кез келген жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттің оқу орнын, оқу бағдарламасын, оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру – бұл:


A) Академиялық ұтқырлық
B) Академиялық күнтізбе
C) Академиялық дәреже
D) Сыртқы ұтқырлық
E) Ішкі ұтқырлық

16.Қазақстандық білім беру жүйесін SWOT-талдаудың күшті жақтары:


A) Педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету
B) Оқу орындарында ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі
C) Өңірлік даму қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін көп бейінді университеттер санының артық болуы
D) Оқытушылардың орташа жалақысы әлемдегі ең төменгі жалақылардың бірі болып табылады
E) Педагогикалық білім сапасының төмендігі

17. Дәрежелері бар кадрлардың қартаюы; сенімді білім беру статистикасы жүйесінің болмауы; білім беру жүйесін толық қаржыландырмау – бұл Қазақстандық білім беру жүйесін SWOT-талдаудың ... .


A) Әлсіз жақтары
B) Қауіптері
C) Мүмкіндіктері
D) Күшті жақтары
E) Ерекшеліктері

18. ҚР-да Халықаралық білім берудің стандартының жіктеушімен (ХБСК) үйлестірілген және Болон декларациясының негізгі ережелеріне сәйкес мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісі жүзеге асырылады:


A) Бакалавриат - магистратура - докторантура
B) Бакалавриат - аспирантура - докторантура
C) Маман- магистратура - докторантура
D) Магистратура - докторантура- резидентура
E) ЖОО-академия- докторантура

19.Университеттердің стратегиялық мақсаттары:


A) Білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру
B) Халықаралық әріптестікке ұмтылу
C) Педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету
D) Жан басына қаржыландыруды кезең-кезеңімен енгізу
E) Халықаралық гранттар мен бағдарламалар бойынша оқыту

20. Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты:


A) Студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау
B)Білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымын құру
C) Халықаралық әріптестікке ұмтылу
D) педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету
E) Халықаралық гранттар мен бағдарламалар бойынша оқыту

21. Жоғарғы мектеп педагогикасының негізгі категориялары :


A)Білім беру, тәрбие, оқыту, іс-әрекет табыстылығы
B) Тәрбиелеу, қалыптастыру
C) Білім беру, жетілдіру, креативтілік
D) Оқыту, жаңғырту, шығармашылық
E) Кәсіпту оқыту процесі, ұдайы білімді жетілдіру

22.Объектінің (үдеріс, өнім) жай-күйін бағалау мақсатында нақты бағдарлама негізінде тұрақты бақылау жүйесі, ондағы болып жатқан құбылыстарға талдау жасау және оның өзгерісін дәл уақытында анықтау:


A) Мониторинг
B) Диагностика
C) Ранжирлеу
D)Рефлексия
E) эксперимент

23. Тәрбие – бұл:


A) Ұрпақтан ұрпаққа тарихи және мәдени тәжірибелерді беру процесі
B) Білім мен білікті беру, танымдық іс-әрекеттің тәсілдері
C) Адамның дене және рухани күштерінің тізбекті сандық және сапалық өзгерістерін бейнелейтін объективті процесс
D) Қоғамның талаптарына сәйкес жағымды қасиеттерін қалыптастыру және дамыту
E) Қарым-қатынасқа қатысушы адамдардың көмегімен жүзеге асырылатын іс-әрекет процесі

24.Қабылдау, меңгеру, ойлау, қолдану арқылы тәжірибені игерудегі студенттің іс-әрекеті – бұл:


A) Білім беру
C) Оқу
D) Оқыту
D) Тәрбиелеу
E) Әлеуметтену

25. Білім беру – бұл:


A) Қабылдау, меңгеру, ойлау, қолдану арқылы тәжірибені игерудегі студенттің іс-әрекеті
B)Қарым-қатынасқа қатысушы адамдардың көмегімен жүзеге асырылатын іс-әрекет процесі
C) Білім мен білікті беру, танымдық іс-әрекеттің тәсілдері
D) Адамның дене және рухани күштерінің тізбекті сандық және сапалық өзгерістерін бейнелейтін объективті процесс
E) Қоғамның талаптарына сәйкес жағымды қасиеттерін қалыптастыру және дамыту

26. Білім, білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері:


A) Педагогикалық процесс
B) Психологиялық процесс
C) Физиологиялық процесс
D) Әлеуметтендіру процесі
E) Жетілдіру процесі

27. Педагогикалық процесс – бұл:


A) Тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері
B) Қарым-қатынасқа қатысушы адамдардың көмегімен жүзеге асырылатын іс-әрекет
C) Адамның дене және рухани күштерінің тізбекті сандық және сапалық өзгерістерін бейнелейтін объективті процесс
D) Қоғамның талаптарына сәйкес жағымды қасиеттерін қалыптастыру және дамыту
E) Ұрпақтан ұрпаққа мәдени тәжірибелерді беру процесі

28.Адамның дене және рухани күштерінің тізбекті сандық және сапалық өзгерістерін бейнелейтін объективті процесс:


A) Даму
B) Іс-әрекет
C) Қалыптастыру
D) Психологиялық процесс
E) Педагогикалық процесс

29. Ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі:


A) Модельдеу
B) Болжау
C) Ранжирлеу
D) Корреляция
E) Тіркеу

30. Бақылап зерттеу әдісі:


A)Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
B)Деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуін анықтау
D) Зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
C) Педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
E)Деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің кемуін анықтау

31. Арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес зерттелетін процестің барысына белсенді, әрі мақсатты түрде араласу – бұл:


A) Эксперимент әдісі
B) Болжау
C) Ранжирлеу
D) Корреляция
E) Тіркеу

32. Эксперимент әдісі:


A) Арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес зерттелетін процестің барысына белсенді, әрі мақсатты түрде араласу
B) Зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
C) педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
D) Заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу
E) Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау

33. Ранжирлеу әдісі:


A) Зерттеу объектілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастыру
B) Зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
C) Педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу
D) Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
E) Санада ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу

34. Тіркеу әдісі – бұл:


A) Зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
B) Педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
C) Құбылыстарды мақсатты зерттеу
D) Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
E) Санада ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу

35. Математикалық және статистикалық әдістер:


A)Педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау
B) Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
C) Санада ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу
D) Зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу
E) Заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу

36. Педагогикалық әдеп, педагогикалық рефлексия,педагогикалық бағыттылық– бұлар:


A) Рефлексивті-перцептивті қабілеттер
B) Жорамалдаушы- гностикалық қабілеттер
C) Педагогикалық процесті басқара алу қабілеттері
D) Педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы
E) Заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу

37. Эмоционалды-еріктік сапалар:


A) Педагогикалық ізет және педагогикалық мәдениет
B) Ақпараттық-коммуникативтік қабілет
C) Басқарушылық қабілет және кәсіби -диагностикалық қабілет
D) Азаматтылық және патриотизм
E) Зеректілік, ізгілік, мәдениеттілік

38. Деонтологиялық парыз, үздіксіз өзін-өзі жетілдіру, құндылық бағдарлар, еңбексүйгіштік, креативтілік– бұлар оқытушысының ... сапалары.


A) Кәсіби
B) Тұлғалық
C) Ақпараттық-коммуникативтік
D) Басқарушылық
E) Диагностикалық

39. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби сапалары :


A) Құндылық бағдарлар, деонтологиялық парыз, үздіксіз өзін-өзі жетілдіру
B) Кәсіби білімнің жоғары деңгейі
C) Жаңа іскерлік дағды, қабілетті меңгеру
D) Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
E) Заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу

40. Оқытушының кәсіби-этикалық сапалары:


A) Педагогикалық такт, кәсіби гуманизм
B) Кәсіби білімнің жоғары деңгейі
C) Жаңа іскерлік дағды, қабілетті меңгеру
D) Мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
E) Заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу

41. Оқытушының кәсіби мәдениетінің жеке тұлғалық сапасы:


A) Сыртқы келбеті, киім киісі, сөйлеу мәдениеті
B) Ерік күші, мінезі, ұстамдылығы
C) Эмоционалдығы
D) Заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу
E) Санада ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу

42.Кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды:


A) Кәсіби стандарт
B) Кәсіби заңдылық
C) Педагикалық прицип
D) ҚР « Білім туралы» Заңы
E) ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы
43. Еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігіне қарай сараланатын қызметкерлердің дайындық құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы – бұл ... деңгейі.
A) Біліктілік
B) Мәдениеттілік
C) Құзыреттілік
D) Шеберлік
D) Шығармашылық

44. Қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігін және тәжірибесін қолдану қабілеті:


A) Құзырет
B) Шеберлік
C) Шығармашылық
D) Біліктілік
E) Мәдениеттілік

45. Субъектінің қойылған мақсатқа жету үшін оның ішкі, сыртқы ресурстарын тиімді пайдаланатын білім берудің нәтижесі:


A) Құзыреттілік
B) Шеберлік
C) Шығармашылық
D) Біліктілік
E) Мәдениеттілік

46.Қарым-қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілік – бұл:


A) Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас, ұжымның пікірімен санасу
B) Жан-жақты білім алуға құштарлық
C) Креативтілік
D) Қажетті мәліметті, ақпаратты өз бетінше іздеп табуы
E) Алынған мәліметті өңдей алуы

47. Ақпараттық құзіреттілік – бұл:


A) Қажетті мәліметті, ақпаратты өз бетінше іздеп табуы
B) Жан-жақты білім алуға құштарлық
C) Жаңаны біліп, үйренсем деген талпыныс
D) Ұжымда топтық жұмыс жасай алу
E) Өзіне жауапкершілікті ала білу, бірлесіп шешім қабылдау

48. Өз мінез-құлқы мен серіктесінің қылығын лезде реттей алуы; дау-жанжал жағдайында тиімді шешім қабылдай алуы; қолайлы психологиялық ахуал туғыза білуі:


A) Рефлексиялық қабілеттілік
B) Эмпатияға қабілеттілік
C) Ұйымдастырушылық қабілеттілік
D) Дидактикалық қабілеттілік
E) Коммуникативтік қабілеттілік

49. Іскерлік байланысты анық және тез орнату; инициатива білдіру; тұлғаның ерекшелігіне байланысты психологиялық әсер ету; өзара бірлескен белсенді әрекетке түсуі:


A) Ұйымдастырушылық қабілеттілік
B) Дидактикалық қабілеттілік
C) Коммуникативтік қабілеттілік
D) Эмпатияға қабілеттілік
E) Рефлексиялық қабілеттілік

50. Өзгені түсінуі; жаны ашуы; өзін өзгенің орнына қоя алуы:


A) Эмпатияға қабілеттілік
B) Дидактикалық қабілеттілік
C) Коммуникативтік қабілеттілік
D) Рефлексиялық қабілеттілік
E) Ұйымдастырушылық қабілеттілік

51. Қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі:


A) Құзыреттілік
B) Шеберлік
C) Шығармашылық
D) Біліктілік
E) Мәдениеттілік

52. Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі:


A) Вербальды қарым-қатынас
B) Вербальсыз қарым-қатынас
C) Перцептивті қарым-қатынас
D) Интерактивті қарым-қатынас
E) Аксиалды қарым-қатынас

53.Вербальды қарым-қатынас:


A) Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі
B) Ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас
C) Ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас)
D) Мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас
E)Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы

54. Вербальсыз қатынас:


A) Мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас
B) Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі
C) Ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас
D) Ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас)
E) Қарым-қатынаста сөз адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуымен бірге жүретін қарым-қатынас

55.Ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі:


A) Аксиалды қарым-қатынас
B) Вербальды қарым-қатынас
C) Вербальсыз қарым-қатынас
D) Перцептивті қарым-қатынас
E) Интерактивті қарым-қатынас

56. Мимика– бұл:


A) Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі
B) Ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас
C) Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің кимылдарының қатысуы
D)Ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
D) Қарым-қатынаста адамның аяқтарының кимылдарының қатысуы

57. Пантомимика – бұл:


A)Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы
B) Ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі
C) Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің кимылдарының қатысуы
D)Ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас)
E)Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі

58. Ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас) – бұл:


A) Ретиалды қарым-қатынас
B) Мимика
C) Вербальсыз қарым-қатынас
D) Перцептивті қарым-қатынас
E) Интерактивті қарым-қатынас

59. Оқытушының сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар :


A) Сөздің жүйелі, түсінікті болуы, дауыс күшінің сақталуы, дыбыстардың дұрыс айтылуы
B) Мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас
C) Ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жүйелі жеткізу
D) Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының көрінісін білдіру
E) Қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстарының болуы

60. Педагогтің дұрыс сөйлеу техникасына қойылатын талаптар:


A) Дикция; екпін қоя білу; дауыс ырғағы; үзіліс; түсініктілігі, жүйелігі , мағыналығы
B) Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының көрінісін білдіру
C)Қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстарының болуы
D) Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның ішкі сезімдерінің көрінісінің болуы
E) Ақпаратты бір адамнан екінші адамға жүйелі жеткізу

61.Тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында білім, білік, дағдыны ықпалдастыра алу қабілеті:


A) Ықпалдастық (интегративтік) құзырлық
B) Ақпараттық-коммуникативтік құзырлық
C) Дианостикалық-болжаушылық құзырлық
D) Бақылаушылық құзырлық
E) Бағалаушылық құзырлық

62.Қашықтықтан оқыту:


A) Интернет-технология арқылы жүзеге асырылатын оқыту
B) Инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын оқыту
C) Оқытудың белсенді формасы
D) Электронды оқулықтарды пайдаланып оқыту
E) Мультимедиалық оқулықтарды пайдаланып оқыту

63. Білім, білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтер мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері:


A) Педагогикалық процесс
B) Педагогикалық іс-әрекет
C) Кәсіби іс-әрекет
D) Оқыту процесі
E)Білім беру процесі

64. Процесс – бұл:


A) Күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы
В) Қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы
C) Қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі
D) Еңбек іс-қимылдарының стандартты еместігі, жауапкершілігі
E) Еңбек іс-қимылдарының күрделілігі және дербестілігіне қарай сараланатын қызметкерлердің дайындық құзыретіне қойылатын талаптар
65. Қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы – бұл:
A) Педагогикалық процесс
B) Педагогикалық принцип
C) Педагогикалық заңдылық
D) Педагогикалық іс-әрекет
E) Кәсіби іс-әрекет

66.Үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі – бұл:


A) Педагогикалық процесс
B) Педагогикалық принцип
C) Педагогикалық заңдылық
D) Педагогикалық іс-әрекет
E) Кәсіби іс-әрекет

67.Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – ... .


A) Мазмұн – әдістер – құралдар – форма
B) Заң – заңдылық – ереже – тұжырымдама
C) Кеңес – бірлестіктер
D) Стандарт – типтік оқу бағдарламасы
E) Оқу бағдарламасы– оқулықтар

68. Оқытушылар мен білімалушылардың мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері:


A) Әдістер
B) Мақсат
C) Мазмұн
D) Құралдар
E) Принциптер

69. Мақсатқа жету жолдарын анықтайды:


A) Принциптер
B) Әдістер
C) Мақсат
D) Мазмұн
E) Құралдар

70. Мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер:


A) Құралдар
B) Принциптер
C) Әдістер
D) Мақсат
E) Мазмұн

71. Танымдық процестер:


A) Қабылдау,ойлау, есте сақтау
B) Оқуға қызығушылық
C) Еңбекқорлық не шаршау динамикасы
D) Белсенділік, қабілетті, ынтаны айқындау
E) Дене мен күш-қуаты

72. Тəрбиеленушіні сауаттандыру – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) Ақпараттық
B) Тəрбиелік
C) Дамытушылық
D) Аксиологиялық
E) Педагогикалық

73.Тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) Аксиологиялық
B) Тəрбиелік
C) Дамытушылық
D) Ақпараттық
E) Педагогикалық

74.Тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) Дамытушылық
B) Тəрбиелік
C) Аксиологиялық
D) Ақпараттық
E) Педагогикалық

75.Тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.


A) Әлеуметтік
B) Тəрбиелік
C) Аксиологиялық
D) Ақпараттық
E) Дамытушылық

76. Педагогикалық жағдаятты шешу жолдары:


A) Жағдаяттың мәнін түсіну; өзіндік ой-пікірдің пайда болуы
B) Педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру
C) Педагогикалық кеңес ұйымдастыру
D) Әдістемемелік кеңестер ұйымдастыру
E) Пән бойынша әдістемелік бірлестіктер құру; педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру

77. Педагогикалық жағдаят ... нәтижесінде пайда болады.


A) Қарама-қайшылықтардың
B) Даудың
C) Қарама -қарсы пікірлердің
D) Мақсатты дұрыс қоймау
E) Міндеттерді дұрыс қоймау

78. Педагогикалық құбылыстардың дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты байланыстары:


A) Педагогикалық заң
B) Педагогикалық ереже
C) Педагогикалық талап
D) Педагогикалық принцип
E) Педагогикалық әдіс

79. Педагогикалық процестің принциптері – бұл:


A) Баланың тұлға ретінде дамуының қамтамасыз ететін мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидалары
B) Тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келеді
C) Еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі
D)Арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті
E) Әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыру

80. Оқыту процесінің заңдылықтары:


A) Студенттің білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі
B)Арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті
C) Әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыру
D) Педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік уақытқа бағытталған
E) Тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келеді

81. Оқыту процессінің заңдылығы – бұл :


A) Құбылыстар мен процесстердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс
B) Еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі
C)Арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті
D) Әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыру
E) Педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік уақытқа бағытталған

82. Жалпы заңдылықтар:


A) Оқыту процесі студентің нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді
B) Баланың тұлға ретінде дамуының қамтамасыз ететін мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидалары
C) Арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті
D) Әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыру
E) Педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік уақытқа бағытталған

83. Педагогикалық қарама-қайшылықтар пайда болады:


A) Күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында
B) Қоғамның дамуы мен педагогикалық процестің дамуы арасында
C) Студенттердің физиологиялық дамуы мен қоғамның экономикалық-индустриялық дамуы арасында
D) Педагогкалық жүйеге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлары арасында
E) Әлеуметтік орта мен қоршаған ортаның арасында

84. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы  ... деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды.


A) Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» (1657)
B) И.Г.Песталоций
C) А.Дистерверг «Ұлы педагогика»
D) Д.Дьюи «Дидактиканың алтын ережесі»
E) Г. Кершенштейнер «Педагогиканың алтын ережесі»

85. Топтық оқыту түрі:


A) Бір топта 5-6 студент ұйымдасады
B) Студент – студент қарым- қатынасы
C) Оқытушы – студент қарым- қатынасы
D) Оқытушы – басқа пән оқытушы қарым- қатынасы
E) Оқытушы –тәлімгер қарым- қатынасы

86. Саралап оқыту:


A) Студенттер қабілетіне карай іріктеледі
B) Бір топта 5-6 студент ұйымдасады
C) Студент – студент қарым- қатынасы
D) Оқытушы – студент қарым- қатынасы
E) Оқытушы – басқа пән оқытушы қарым- қатынасы

87. Тапсырманы топ алады және бір топта 5-6 студент ұйымдасады – бұл:


A) Топтық оқыту
B) Саралап оқыту
C) Өзара бірлесіп оқыту
D) Жеке-жұптық оқыту
E) Жеке оқыту


88.Құбылыстар мен процесстердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс – бұл оқыту процесінің ... .
A) Заңдылығы
B) Әдісі
C) Формасы
D) Нәтижесі
C) Құралы

89. Оқыту процесінің заңдылығы:


A) Оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді
B) Қоғамның дамуы мен педагогикалық процестің дамуы арасындағы байланыс
B) Студенттердің физиологиялық дамуы мен қоғамның экономикалық-индустриялық дамуы арасында байланыс
C) Педагогкалық жүйеге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлары арасында тәуелділік
D) Әлеуметтік орта мен қоршаған ортаның арасындағы тәуелділік
E) Педагогкалық жүйеге әсер ететін субьектілер арасындағы тәуелділік

90. Оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді – бұл оқыту процесінің ... .


A) Заңдылығы
B) Әдісі
C) Формасы
D) Нәтижесі
E) Құралы

91. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының авторы:


A) Н.Д.Хмель
B) Л.В.Занков
C) М.И.Махмугов, И.Я. Лернер, А.М. Матюшкин т.б.
D) Л.Я. Лернер, В.В.Краевский, В.С.Леднев, т.б.
E) Ю.К.Бабанский

92. Студенттердің ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру – бұл:


A) Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту ұстанымы
B) Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі ұстанымы
C) Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік ұстанымдары
D) Оқытудың көрнекілік ұстанымы
E) Оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік ұстанымдары

93.Оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқыту– бұл:


A) Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік ұстанымдары
B) Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту ұстанымы
C) Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі ұстанымы
D) Оқытудың көрнекілік ұстанымы
E) Оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік ұстанымдары

94.Блум таксономиясының кезеңдері: білім (танып білу кезеңі), түсіну, қолдану кезеңі, ... .


A) Бағалау кезеңі
B) Болжау кезеңі
C) Диагностикалау кезеңі
D) Рефлексия жасау кезеңі
E) Зерттеу кезеңі

95.Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді жаңарту – бұл Блум таксономиясының ... кезеңі.


A) Білім (танып білу кезеңі)
B) Талдау кезеңі
C) Жинақтау кезеңі
D) Бағалау кезеңі
E) Тексеру кезеңі

96. Жаңа материалда берілетін білімді түсініп, өзінше түсіндіріп болжам жасауы – бұл Блум таксономиясының ... кезеңі.


A) Түсіну
B) Талдау кезеңі
C) Жинақтау кезеңі
D) Бағалау кезеңі
E) Тексеру кезеңі

97.Жаңа білімді тәжірибеде пайдалану – бұл Блум таксономиясының ... кезеңі.


A) Қолдану кезеңі
B) Білім (танып білу кезеңі)
C) Талдау кезеңі
D) Жинақтау кезеңі
E) Бағалау кезеңі


98. Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгісін ала білу – бұл Блум таксономиясының ... кезеңі.
A) Талдау кезеңі
B) Қолдану кезеңі
C) Білім (танып білу кезеңі)
D) Талдау кезеңі
E) Жинақтау кезеңі
99.Блум таксономиясының білім (танып білу кезеңі):
A) Берілген жаңа түсінікті ұғады, есте сақтайды, бұрынғы білімді жаңартады
B) Жаңа материалда берілетін білімді түсініп, өзінше түсіндіріп болжам жасайды
C) Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
D) Бұрыңғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
E) Ойланады, салыстырады, табады, талдайды
100. Блум таксономиясының талдау кезеңі:
A) Алған білімді жіктейді, саралайды, ең негізгісін ала біледі
B) Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасайды
C) Бағалайды, талқылайды, өз талабып айтады
D) Бұрыңғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
E) Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды

101. Блум таксономиясының жинақтау кезеңі:


A) Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасайды
B) Алған білімді жіктейді, саралайды, ең негізгісін ала біледі
C) Бағалайды, талқылайды, өз талабып айтады
D) Бұрыңғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
E) Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды

102. Блум таксономиясының бағалау кезеңі:


A) Бағалайды, талқылайды, өз талабып айтады
B) Ойлап табады, құрастырады, шығарады
C) Ойланады, салыстырады, табады, талдайды
D) Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды
E) Бұрыңғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді

103. Нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген білім мазмұнына және мақсатына сәйкес бағалау – бұл ... бағалау.


A) Критериалды
B) Қалыптастырушы
C) Жинақтаушы
D) Дәстүрлі
E) Тоқсандық

104.Жиынтық бағалау – бұл:


A) Белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады
B) Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды
C) Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді
D) Апталық алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды
E) Бір айда алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды

105.Қалыптастырушы бағалау – бұл:


A) Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды
B) Белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады
C)Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады
D) Апталық алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды
E) Он күнде алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды

106. Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары ... анықтайды.


A) Оқу жүктемесінің ең төменгі (минимал ) деңгейлерін
B) Оқу жүктемесінің ең жоғарғы ( максимал) деңгейлерін
C) Білімалушылардың тәрбиелік деңгейлерін
D) Білімалушылардың мәдени деңгейлерін
E) Оқытушының дайындық деңгейлерін

107. Білімалушылардың жалпы мәдени және ұлттық мәні бар құндылықтарға араласуын, олардың қоғамдық идеяға сәйкес жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді – бұл білім беру стандартының ... бөлігі.


A) Инвариантты
B) Теориялық
C) Әдістемелік
D) Вариативті
E) Дидактикалық

108.Білімалушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың қызығушылығы мен бейімділігін ескеруге мүмкіндік береді – бұл білім беру стандартының ... бөлігі.


A) Вариативті
B) Теориялық
C) Әдістемелік
D) Инвариантты
E) Дидактикалық

109. Дублиндік дескрипторлар анықтайды:


A) Жоғары білім берудің әрбір цикліндегі оқыту нәтижесін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін
B) Жоғары білім берудің әрбір цикліндегі оқу нәтижесін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін
C) Білімалушылардың тәрбиелік деңгейлерін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін
D) Білімалушылардың мәдени деңгейлерін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін
E) Білімалушылардың шығармашылық қабілет деңгейлерін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін

110.Жоғары білім берудің әрбір цикліндегі оқыту нәтижесін бағалауға қойылатын келісілген талаптар жүйесін анықтайды :


A) Дублиндік дескрипторлар
B) Болон процесі
C) Кредиттік оқыту технологиясы
D) Критериалды бағалау
E) Блум таксономиясы

111.Мамандықтың және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат:


A) Оқу жұмыс жоспары
B) Типтік оқу жоспары
C) Тұжырымдама
D) Стандарт
E) Академиялық күнтізбе

112. Оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер:


A) Пререквизиттер
B) Постреквизиттер
C) Міндетті пәндер
D) Таңдау пәндері
E) Кәсіби пәндер

113. Аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер:


A) Постреквизиттер
B) Пререквизиттер
C) Міндетті пәндер
D) Таңдау пәндері
E) Кәсіби пәндер

114.Транскрипт (Тrаnsсrірt) – бұл:


A) Білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат
B) Пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы
C) Мамандықтың және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат
D) Оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі
E) Аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндертізбесі

115.Тьютор – бұл:


A) Студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық
кеңесші рөлін атқаратын оқытушы
B) Тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына ықпал ететін оқытушы
C) Білім алушының білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы
D) Білім алушының тәрбиесіне жауапты оқытушы
E) Білім алушының ғылыми жұмыстарына жауапты оқытушы

116.Білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат:


A) Үлгілік оқу жоспары
B) Типтік оқу жоспары
C) Стандарт
D) Тұжырымдама
E) Базистік оқу жоспары

117.Белгіленген кредит шеңберінде білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін және жоғары оқу орнының қажеттiліктерін есепке алатын таңдау компонентке кiретiн оқу пәндерi:


A) Элективтік пәндер
B) Пререквизиттер
C) Постреквизиттер
D) Міндетті пәндер
E) Кәсіби пәндер


118.Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы– бұл:
A) Дәріс
B) Конференция
C) Семинар
D) Практика
E) Өз бетінше жұмыс


119.Оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізілетін дәріс – бұл:
A) Ағымдағы дәріс
B) Шолу дәрісі
C) Кіріспе дәріс
D) Проблемалық дәріс
E) Кеңес беру дәрісі


120.Бинарлы дәріс – бұл:
A) Бірге жүргізілетін дәрісте материал екі дәріс берушінің өзара диалогтік қарым-қатынас жасау түрінде беріледі
B) Дәріс тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды
C) Тақырып қарама-қайшылықты мәселе қою арқылы шешіледі
D) Дәрістің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі
E) Студенттерге курстың жалпы мазмұны мен құрылымын пайымдауына көмектеседі

121.Қашықтықтан Интернет желісін, электронды оқыту платформаларын пайдаланып берілетін дәріс:


A) Он-лайн дәріс
B) Ағымдағы дәріс
C) Шолу дәрісі
D) Кіріспе дәріс
E) Проблемалық дәріс


122.Проблемалық дәріс:
A) Тақырып қарама-қайшылықты мәселе қою арқылы шешіледі
B) Бірге жүргізілетін дәрісте материал екі дәріс берушінің өзара диалогтік қарым-қатынас жасау түрінде беріледі
C) Бірлесе ортақ алынған нәтиже негізделеді
D)Дәріс тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды
E)Студенттерге курстың жалпы мазмұны мен құрылымын пайымдауына көмектеседі

123.Кіріспе дәріс:


A)Студенттерге курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі
B)Шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді
C) Тақырып қарама-қайшылықты мәселе қою арқылы шешіледі
D)Дәріс тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды
E) Дәрістің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі


124.Дәрістің ғылымилығы:
A) Қазіргі кездегі ғылымның дамуына, жетістігіне сәйкестілігі
B) Дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрақтарды ажырата біліп, оларды түсіндіру
C)Жекеленген метериалдың бөлімдері бойыша студенттерге өз бетінше тапсырма беру
D) Студенттердің танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
E) Дәрістің соңында бүкіл дәріс материалы бойынша қорытыңды, тұжырым жасау

125.Дәрісті ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар :


A) Дәрістің мазмұнының пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келуі
B) Студенттердің танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
C)Дәрісті тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау
D) Материалды өңдеу; тұжырымдап, қорытынды жасау
E) Дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрақтарды ажырата біліп, оларды түсіндіру
126.Белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды:
A) Семинар сабақтары
B) Дәріс сабақтары
C) Конференция
D) Педагогикалық практика
E) Өз бетінше жұмыс
127. Арнайы семинар:
A) Белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі
B)Әдебиет көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйретеді
C) Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамытады
D) Танымдық мотивтерді тудырады
E) Оқу жағдайларында кәсіби біліктілік пен білімді қолданады

128. Теориялық материалды болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен байланыстыру:


A) Мақсатқа бағыттылық
B) Теорияның практикамен байланысы
C) Ғылымилық
D)Көрнекілік
E) Бірізділік пе жүйелілік

129.Ойын оқыту әдісі имитациялық және ... болып бөлінеді.


A) Имитациялық емес
B) Белсенді
C) Белсенді емес
D) Дәстүрлі
E) Дәстүрлі емес

130.Жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі:


A) Тренинг
B) «Миға шабуыл»
C) Іскерлік ойындар
D) Рөлдік ойындар
E) Дөңгелек үстел
131.Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы :
A) Мақсаты шектеулі
B) Теориялық сипаттылығы
C) Әлеуметтік сипаттылығы
D) Әдістемелік бағыттылығы
E) Экономикалық сипаттылығы

132.Алдын-ала жоспарланған, алдына қойған түпкі мақсаты бар сабақ:


A) Жобалау сабағы
B) Тренинг сабақ
C) Дөңгелек үстел
D) Пікірталас
E) «Миға шабуыл»

133. Нөлдік деңгейдегі инновация:


A) Жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру
B) Сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады
C) Білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді
D) Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады
E) Білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады

134. Бірінші деңгейдегі инновация:


A) Сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады
B) Білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді
C) Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.
D) Білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады
E) Шешімнің жаңа нұсқасы болады

135. Екінші деңгейдегі инновация:


A)Белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі
B) Дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру
C) Сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады
D) Білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді
E) Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.

136. Үшінші деңгейдегі инновация:


A) Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады
B)Жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді
C)Белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі
D) Дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру
E) Сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады

137. Төртінші деңгейдегі инновация:


A)Білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейіп, қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады
B) Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады
C)Жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді
D)Белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі
E) Дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру

138. Бесінші деңгейдегі инновация:


A) Жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады
B) Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады
C)Жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді
D)Белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі
E) Дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру

139. Жетінші деңгейдегі инновация:


A)Нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады
B) Жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады
C)Ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады
D)Белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі
E) Дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру

140.Тәрбие заңдылықтары:


A) Тәрбиенің баланың жас және жеке басының ерекшелігіне тәуелділігі
B) Баланы зорлап оқыту ізгіліктік бағыт еместігі және оның нәтижесінің мардымсыздығы
C) Тәрбиенің ЖОО -ның типіне байланысты болатындығы
D) Тәрбиенің куратордың жеке тұлғасына байланысты болатындығы
E) Тәрбиенің куратордың жұмыс жоспарына тәуелді болатындығы

141. Модификациялық инновация:


A)Бағдарламаның немесе белгілі
бір әдістеменің түрін өзгертіп пайдаланумен байланысты
B) Әрбір бағдарлама технологиясының бөлшектерінің жай бірігуі емес, жаңа кіріктірілген тәсілдің пайда болуы
C) Жаңа пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
D)Жаңа құрылымда элементтердің қосылып, бұрыннан таныс әдіс-тәсілдердің осы қосылыста бұрын пайдаланылмаған жаңа түрі
E) Сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады

142.Бағдарламаның немесе белгілі


бір әдістеменің түрін өзгертіп пайдаланумен байланысты болатын инновация:
A) Модификациялық
B) Комбинаторлық
C) Радикалды
D) Сипаттамалы
E) Мағыналы

143.Бұл жаңа құрылымда элементтердің қосылып, бұрыннан таныс әдіс-тәсілдердің осы қосылыста бұрын пайдаланылмаған жаңа түрі болатын инновация:


A) Комбинаторлық
B) Модификациялық
C) Радикалды
D) Сипаттамалы
E) Мағыналы

144.Мағыналы технология:


A) Құрылымы қызметіне қарай анықталынатын технологиялар
B) Оқу пәнінің ақпараттық мазмұнына сәйкес арнайы бір әдістің технологиясы
C) Оқу пәндерінің ғылыми-оқу ақпаратын жаңаша өңдеу, жетілдіру іс-әрекеті
D) Белгілі бір үлгі бойынша мұғалімнің басшылығымен тапсырманы бірнеше рет қайталау іс-әрекеті
E) Оқытудың ауызша әдісі пайдаланылады

145.Ақпараттық технология :


A) Ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы
B) Оқушыларды жеке, дара, дербес ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқыту
C) Ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы
D)Оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы
E) Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне негізделеді

146.Дифференциациялық (саралау) технология:


A) Оқушыларды жеке, дара, дербес ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқыту
B) Компьютерлі бағдарламалық оқыту
C) Сендірудің әр түріне негізделген технология
D) Ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы
E)Оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы

147.Суггестотехнология:


A) Сендірудің әр түріне негізделген технология
B) Ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы
C) Ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы
D) Компьютерлі бағдарламалық оқыту
E) Оқушыларды жеке, дара, дербес ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқыту

148.Ойын технологиясы:


A)Қарастыратын жүйені, құбылысты, процесті имитациялық нобайлау барысында жүзеге асырады
B) Сендірудің әр түріне негізделген технология
C) Ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы
D) Ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы
E) Компьютерлі бағдарламалық оқыту

149.Педагогикалық диагностика технологиясы:


A)Оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы
B)Қарастыратын жүйені, құбылысты, процесті имитациялық нобайлау барысында жүзеге асырады
C) Сендірудің әр түріне негізделген технология
D) Ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы
E) Ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы

150.Сендірудің әр түріне негізделген технология :


A) Суггестотехнология
B) Алгоритмдік технология
C) Коррекциялық технология
D) Алгоритмдік технологиясы
E) Ойын технологиясы

151. Оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы:


A) Педагогикалық диагностика технологиясы
B) Өзін-өзі дамыту технологиясы
C) Өзара іс-әрекеттілік технологиясы
D) Коррекциялық технология
D) Алгоритмдік технологиясы

152. Акмеологиялық технология:


A) Тұрақты мотивация негізінде әрбір оқушыны оқыту мен дамытуда жоғары нәтиже мен жетістіктерге жеткізетін технология
B) Жаңалық ашу арқылы оқыту
C)Оқушылардың іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
D) Оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру
E) Оқытудың аудиовизуалдық құралдарын пайдалану

153. Имитациялық технология (ойындық):


A) Оқу модельдері, рөлдік оқыту, шешім қабылдау әдістері
B) Тұрақты мотивация негізінде әрбір оқушыны оқыту мен дамытуда жоғары нәтиже мен жетістіктерге жеткізетін технология
C) Жаңалық ашу арқылы оқыту
D)Оқушылардың іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
E) Оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру

154. Психологиялық теориялар негізінде құрылған технология: сеземін – сезінемін – көрсетемін қарым-қатынасы – бұл:


A) Психотехнология
B) Акмеологиялық технология
C) Жобалау технологиясы
D) Тренингтік технология
E) Зерттеушілік технологиясы

155. Жаңалық ашу арқылы оқыту:


A) Зерттеушілік технологиясы
B) Акмеологиялық технология
C) Психотехнология
D) Жобалау технологиясы
E) Тренингтік технология

156.Тұрақты мотивация негізінде әрбір оқушыны оқыту мен дамытуда жоғары нәтиже мен жетістіктерге жеткізетін технология:


A) Акмеологиялық технология
B) Зерттеушілік технологиясы
C) Психотехнология
D) Жобалау технологиясы
E) Тренингтік технология

157. Оқу модельдері, рөлдік оқыту, шешім қабылдау әдістерін қолданатын технология:


A) Ойын технологиясы
B) Зерттеушілік технологиясы
C) Психотехнология
D) Жобалау технологиясы
E) Тренингтік технология
158.Ойынның психологиялық қызметі:
A) Қобалжуды басып, көңіл-күйдің көтерілуіне әсер етеді
B)Баланың өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасын өзгертуге көмектеседі
C) Ойлауды тиімді қалыптан шығарып, нақты жағдайды түрлендіре түсетін фантазияға ауыстыруға мүмкіндік береді
D) Қатынас тәсілін өзгертеді
E) Психикалық көңіл-күйін реттейді

159.Ойынның педагогикалық қызметі:


A) Ойлауды тиімді қалыптан шығарып, нақты жағдайды түрлендіре түсетін фантазияға ауыстыруға мүмкіндік береді
B)Баланың өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасын өзгертуге көмектеседі
C) Қатынас тәсілін өзгертеді, психикалық көңіл-күйін реттейді
D) Қобалжуды басып, көңіл-күйдің көтерілуіне әсер етеді
E) Сындарлы ойлауды қалыптастырады

160. Оқытушының басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылатын оқытуды ұйымдастыру формасы:


A) Іскерлік ойын
B) Педагогикалық тренинг
C) Дөңгелек үстел
D) Миға шабуыл
E) Семинар

161. Іскерлік ойындардың дамытушылық міндеті:


A) Қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды
B)Іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады
C) Ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады
D) Білім алуға деген белсенділігі артады
E) Ақпараттық құзыреттілігі артады
167. Тренингтік сабақтың соңғы сатысы ... арналады.
A) Топтық релаксацияға
B) Топтық рефлекцияға
C) Топтық демонстрацияға
D) Ғылыми жоба қорғауға
E) Өзін-өзін тануға

168. Проблемалық оқыту мәні:


A)Толық шешімін таппаған сұрақтар
B) Өзара қабылдаушылық
C) Өзара түсінушілік
D) Өзара іс-әрекеттілік
E) Өзара бақылаушылық

169. Проблемалық оқытудың артықшылығы:


A) Жауаптылық, сыншылдық, өзін сынау, инициативтік және өзіне баға беру әрекетін дамытады
B) Топта белсенді жұмыс жасауға түрткі болатын мотив (ниет) қалыптасады
C) Білімалушылардың бір-бірімен қарым-қатынастары жақсарады
D)Жаңа алған білімнің оқушының жеке жетістіктеріне әсері зор болады
E) Білімалушылардың мәдени деңгейі артады

170. Ғылыми-зерттеу жұмысының диагностикалық кезеңі:


A) мәселені қою және оның көкейкестілігін негіздеу
B) Эксперименттің бағдарламасын жасау
C) Нәтижені талдау; болжамды түзету, өзгерістер енгізу
D) Мақсат, міндеттерін анықтау; болжамын жасау; алынатын нәтижені шығару
E) Материалдық базаны дайындау, әдістемелік жабдықтау

171. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі:


A) Алынған нәтижелерді өңдеу
B) Эксперименттің бағдарламасын жасау
C) Әдістемелік жабдықтау
D) Материалдық базаны дайындау
E) Мақсат, міндеттерін анықтау, болжам жасау

172. Эксперименттің бағдарламасын жасау; материалдық базаны дайындау; әдістемелік жабдықтау– бұл:


A) Ұйымдастырушылық кезең
B) Диагностикалық кезең
C) Прогностикалық кезең
D) Зерттеушілік кезең
E) Қорытынды кезең

173. Алынған нәтижелерді өңдеу; қойылған мақсат пен алынған нәтиженің ара-қатынасы; нәтижені талдау; болжамды түзету; алынған нәтижені көрнекті түрде көрсете алу– бұл:


A) Қорытынды кезең
B) Диагностикалық кезең
C) Прогностикалық кезең
D) Зерттеушілік кезең
E) Ұйымдастырушылық кезең

174. «Кейс-стади» – бұл:


A) Нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы оқыту
B) Өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдістері арқылы оқыту
C) Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту
D) Студенттердің оқу материалын белсенді қабылдауы арқылы оқыту
E) Ақпараттық-зерттеушілік әдістерін қолдану арқылы оқыту

175. Интерактивті әдістер:


A) Кейс-стадий әдісі
B) Семинар
C) Өзін-өзі бағалау
D) Өзіне-өзі баға беру
E) Өзін-өзі тану

176. Қисынды және қисынсыз сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты, жаңа ақпаратты меңгерту әдісі – бұл:


A) «Миға шабуыл» әдісі
B) «Кейс-стади» әдісі
C) Рефлексия
D) Диагностика
E) Мониторинг

177. Тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми зерттеу әдісі – бұл:


A) Талдау
B) Диагностикалау
C) Эксперимент жүргізу
D) Мониторинг
E) Сауалнама

178.ЖОО қызметінің SWOT талдауының қауіптерінің көрсеткіштері:


A) Қаржыландырудың жеткіліксіздігі
B) Білім берудің жоғары әлеуметтік құндылығы
C) Әкімшілік тарапынан қолдау табуы
D)Ақпарат алмасу жылдамдығының артуы
E) Материалдық базаның жеткілікті деңгейі

179.Жобалау сабағының ерекшеліктері:


A) Білімалушыларға өз өмір тәжірибесін, өз ойларын сабақта тікелей пайдалануға мүмкіндік беріледі
B) Білімалушылардың бір-бірімен қарым-қатынастары жақсарады
C) Жаңа алған білімнің оқушының жеке жетістіктеріне әсері зор болады
D) Білімалушылардың мәдени деңгейі артады
E) Білімалушы өзін-өзі ақпараттандырады

180.Жобалау сабағындағы оқытушының іс-әрекеттері:


A) Бағыт беруші
B) Негізгі тұжырымдаманы беруші
C) Қорытынды жасаушы
D) Зерттеу жүргізуші
E) Өз білімін жаңартушы

181.Жобалау сабағындағы білім алушының іс-әрекеті:


A) Шешім қабылдайды
B) Бағыт беруші
C) Кеңесші
D) Негізгі тұжырымдаманы беруші
E) Қорытынды жасаушы

182.Жобалай сабағының соңғы өнімдері :


A) Декорация, апликация
B) Ауызша жауап беру
C )Жазбаша жауап беру
D) Сынақхат
E) Ашық хат

183.Кредиттік оқыту технологиясының өзегі:


A) Өздігінен білім алу мүмкіндіктерін дамыту
B) Оқу-әдістемелік нұсқаулар дайындау
C) Шешімдердің көп нұсқалығы
D) Қобалжуды басып, көңіл-күйдің көтерілуіне әсер ету
E) Шешімін күтетін мәселелердің болуы

184.Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мақсат-міндеті:


A) Студенттің өздігінен білім алуын, ізденісін қамтамасыз ету
B) Тапсырманың зерттеушілік, шығармашылық сипаты
C) Әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі
D) Аудиториялық және өзіндік жұмыс көлемінің өзара үйлесімділігі
E) Студенттің дербес қабілетін есепке алу

185.Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру принциптері:


A) Жүйелілік
B) Болжаушылық
C) Жоспар құру
D) Міндеттеме алу
E) Диагностикалық

186.Студенттердің өзіндік жұмысының түрлері:


A) Эссе
B) Дәріс
C) Семинар
D) Қызметтік хат
E) Әңгіме

187.СӨЖ-ның кеңесшілік қызметі:


A) Студентті ізденушілік, шығармашылық жұмыстарға бастайды
B) Студенттің лекция, семинар дәптерлерін тексеруге, бақылауға мүмкіндік беріледі
C) Студенттің жеке, дербес, дара ерекшеліктерін тануға жол ашылады
D)Мақсатты көздейді, жоспар құрады, талдау жүргізеді, рефлексия жасайды
E) Оқу әрекетіне өзіндік бақылау жасайды , интеллектуалды ой-өрісі бар шығармашыл тұлға қалыптастады

188.СӨЖ-ді тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарты:


A) Студенттің дербес ерекшеліктерін есепке алу
B) Студентті жұмысты тыңғылықты орындауға ынталандыру
C) Оқу-орнының материалдық-техникалық базасын ескеру
D)Оқу орнындағы электрондық залда бар әдебиеттердің ақпараттар қорын толық пайдалану
E) Студентке берілген тапсырманың оның мүмкіндігіне сәйкес келуі

189.Cтуденттердің баяндамалары тыңдалып, курс бойынша өтілген материалды бекітуде тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін практикалық сабағы – бұл:


A)Семинар
B)Дәріс
C)Тренинг
D)Дөңгелек үстел
E) Тәрбие сағаты

190. Курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін лекцияның немесе әдебиеттің негізгі қысқаша мазмұны:


A)Конспект
B) Эссе
C) Реферат
D) Баяндама
E) Глоссарий

191.Тақырып категориясы мен негізгі түсініктері бойынша қысқаша жинақталған сөздік:


A) Глоссарий
B) Эссе
C) Реферат
D) Баяндама
E) Конспект

192.Көлемі шағын, бірақ күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма:


A) Эссе
B) Глоссарий
C) Реферат
D) Баяндама
E) Конспект
193.Семинар – бұл :
A) Студенттердің баяндамалары тыңдалып, курс бойынша өтілген материалды бекітуде тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін практикалық сабағы
B) «Сұрақ-жауап» түріндегі нақты тақырып немесе жағдаят бойынша ауызша пікірлесу
C) Көлемі шағын, бірақ күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма
D) Курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін дәрістің қысқаша мазмұны
E) Пайдаланған әдебиеттің негізгі қысқаша мазмұны

194.Эссе :


A) Көлемі шағын, бірақ күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма
B) «Сұрақ-жауап» түріндегі нақты тақырып немесе жағдаят бойынша ауызша пікірлесу
C)Студенттердің баяндамалары тыңдалып, курс бойынша өтілген материалды бекітуде тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін практикалық сабағы
D)Курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін дәрістің қысқаша мазмұны
E) Пайдаланған әдебиеттің негізгі қысқаша мазмұны

195.Глоссарий – бұл:


A)Тақырып категориясы мен негізгі түсініктері бойынша қысқаша жинақталған сөздік
B) «Сұрақ-жауап» түріндегі нақты тақырып немесе жағдаят бойынша ауызша пікірлесу
C) Көлемі шағын, бірақ күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма
D) Студенттердің баяндамалары тыңдалып, курс бойынша өтілген материалды бекітуде тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін практикалық сабағы
E) Курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін дәрістің қысқаша мазмұны

196.Конспект – бұл:


A)Курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін дәрістің қысқаша мазмұны
B) «Сұрақ-жауап» түріндегі нақты тақырып немесе жағдаят бойынша ауызша пікірлесу
C) Көлемі шағын, бірақ күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма
D) Студенттердің аяндамалары тыңдалып, курс бойынша өтілген материалды бекітуде тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін практикалық сабағы
E) Тақырып категориясы мен негізгі түсініктері бойынша қысқаша жинақталған сөздік
197. Студенттің мамандығының сырларымен етене танысып, ғылыми ізденіс жолымен бет алуына, жазу дағдысына машықтануы мол мүмкіндік ашатын соңғы курста жазылатын өзіндік жұмыс түрі:
A) Дипломдық жұмыс
B) Өзіндік жұмыс
C) Эссе
D) Реферат
E) Баяндама

197. Академиялық күнтізбе:


A) Оқу жылы бойына демалыс күндерін көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі
B) Білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академиялық кезеңі
C) Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші
D) Кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты
E) Білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі

198.Транскрипт – бұл:


A)Білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат
B) Оқу жылы бойына демалыс күндерін көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі
C) Білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академиялық кезеңі
D) Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші
E) Кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты

199. Адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге жеке-дара қабілеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын стандарттық тапсырма :


A) Тест
B) Кейс
C) Жағдаят
D)Жоба
E) Ғылыми жұмыс

200.Білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі – бұл:


A)Кредит
B)Сағат
C)Баға
D)Балл
E)Ұпай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет