К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет160/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   171
Интернет-ресурстар: //
1.http:// www.edu.gov.kz

    1. http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Psihol/_Index.php

    2. http://www.i-u.ru/biblio/archive/averianov_xrpsiholog/

http://www.koob.ru


ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша -1
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР



Интербелсенді әдіс

Сипаттамасы

1

«Ақылдың 6 қалпағы »



2

Дамыту картасы
Жаңа сабақты өтіп жатқан кезеңде пайдаланға болады.
Үш бөлімнен тұрады.



Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Жалпы сабақ туралы мен не білемін соны жазамын

Мені қандай сұрақтар қызықтырады, менің не білгім келеді, сол жөнінде сұрақтар беремін.

Бүгінгі жаңа тақырып туралы мен бүгін не үйрендім соны жазамын.




3

Әңгіме кестесі



Төменде көрсетілген схема бойынша толтырып шығады, әңгіме ертегі т.б. мазмұнына байланысты)

  1. Әңгіменің аты

  2. Әңгіменің авторы

  3. Кейіпкерлері

  4. Қай кезеңді суреттейді

  5. Әңгіме немен аяқталады?

  6. Не үйретті?




4

5 жолды өлең (шарты)






Кім? Не?

Қандай?

Не істеді? Қайтты?

4 сөзден тұратын 1 жай сөйлем

Кім? Не?

Зат есім

2 сын есім

3 етістік








5

Дискуссиялық карта



Білім алушы өзі оқып отырған мәтіннің ішінен өзіне ұнаған және ұнамаған жерін белгілеп жазып отырады және неге ұнады, неге ұнамады, сол жөнінде қорытынды жасайды.
Дискуссиялық карта
Иә Жоқ
Қорытынды.



6

ЖИГСО әдісі



Білім алушыларды 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыптытоптың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз көшбасшыларын тақтаға шығарады. Ол білім алушы оқыған -білгенінің мазмұнын түсіндіреді.



7

Үш қадамнан тұратын сұхбат



А- сұрақ қояды.
В- жауап береді.
N- сұрақ, жауаптарды жазып, талдау жасайды.
Әрбір интервьюден соң рольдер ауысып отырады.



8


Ассоциация



Берілген тақырып бойынша білім алушыларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан жағына жазылады. Тақырып түсіндірілер алдында өткізіледі)



9


Венн диаграммасы



Екі шеңбер жасалады. Екі жағындағы бөліктеріне заттар, адамдар, құбылыстардың өздеріне ғана тән белгілер жазылады. Шеңбердің бір- бірімен айқасқан жеріне ортақ белгілері жазылады

  1. 4 қабырғасы бар

  2. 4 төбесі бар

  3. қарама-қарсы қабырғалары өзара параллель



Шаршы

Тіктөртбұрыш


ВЕНН ДИАГРАММАСЫ




10


Өзіңізді тексеріңіз

Шындық па немесе Жалған ба?
(Білім алушы өзін тексереді сонан соң «Ия»немес «Жоқ »деп жауап береді.)



11

“Білім жәрмеңкесі”





12


Blob Tree ағашы



Бұл парақшаларды сабақ басында немесе сабақ соңында көңіл күйлерін білу үшін алуға болады. Сонымен бірге кері байланысқа да алуға болады. Өтілген сабақтан қаншалықты түсінгенін ағаштағы адамдарды белгілеп көрсетеді.



13



“ Ыстық орындық” әдісі.



Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.


14


«Автор орындығы»



Білім алушыныің өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді

15


«Миға шабуыл» стратегиясы



Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: «Білім сапасын арттыру үшін не істеу керек?»



16


«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі



Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде білім алушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

17


«Бинго» ойыны

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен білім алушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін.»


18


«Он сұрақ» әдісі

  • Білім алушының сұрақ қоюға бағдарлануы.

Оқытушы бір білім алушыны таңдап алады, және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жабыстырады-қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.



19


Серпілген сауал



  • Жаңа сабақты бекітуге арналған ойын.

  • Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы білім алушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.




20


«Ойлан тап»
оқыта үйрету ойыны



  • Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).




21

«Қайталай ғой»
оқыта үйрету ойыны.



  • Ойын шарты: бір білім алушы пәнге қатысты қандай да бір ғылыми терминді атайды, ал екінші білім алушы оны қайталап, тағы бір ғылыми терминнің атауын қосады. Үшінші білім алушы екеуін қайталап, үшіншіғылыми терминді қосады. Осылай ойын 6-7 ғылыми терминге дейін жалғасады.




22


«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны



  • Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшелері ойынды бастайды.




23


«Тақырыптық сөздер»
оқыта үйрету ойыны.



  • Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Білім алушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Оқытушы басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Тәрбие»деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.




24


«Өз жұбыңды тап»
оқыта үйрету ойыны.



  • Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Оқытушы сабақта сөз тіркестерінің педагогикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында білім алушылар саны жұп болуы керек. Оқытушы әр білім алушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық білім алушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін білім алушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы тәрбие, педагогикалық процесс, оқыту және т.б. сөздер таратылады.

25


«Кім көп және тез оқыта үйрету» ойыны



  • Оқытушы пәнге қатысты тән белгілі бір сөз немесе сөзтіркесін атайды, білім алушылар сол сөз немесе сөз тіркесі кездесетін сөйлемдермен анықтамаларды атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған анықтама үшін оқытушы білім алушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған білім алушы жеңімпаз атанады.




26


«Сөзден сөз тіркесіне»
оқыта үйрету ойыны



  • Бұл ойын арқылы білім алушылардың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады.




27


«Сөзілгек» ойыны



  • Бұл ойынды әр пәнге лайықтап алуға болады.

  • Мысалы, математика сабағында: интерактивті тақтадан бір формула көрсетіледі, бірнеше секундтан соң жабылады. Ал оқушылар есте сақтағанын қағазға түсіреді.

  • Сол формула қайта көрсетіліп, білім алушылар өздерін тексереді. Әрі қарай бірнеше формула көрсетуге болады. Осылайша білім алушының есте сақтау қабілетінің артуына ықпал ете аламыз.

  • Орыс тілі мен ағылшын тілі сабақтарында жаңа сөздерді үйрету барысында да өте тиімді.




28


«Солай ма?...» әдісі



  • Оқушыларды жұптастыра отырып әр жұпқа бірнеше тұжырым (ереже, анықтама,т.б) жазылған парақша таратылады.

  • Ол тұжырымдардың бір-екеуі жалған болуы тиіс. Білім алушылар осы жалған тұжырымдарды табуы керек. Егер тұжырым бұрмаланған болса, онда дұрысын айтады.




29


Басқатырғылар базары



  • Бұл әдісті тарауды қорытындылау немесе қайталау сабақтарына пайдаланған тиімді.

  • Білім алушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар, сөзжұмбақтар, ребустар дайындап келеді. Топқа бөлінген соң топ мүшелері дайындап келген жұмыстарын ортаға салады және белгіленген уақыт аралығында басқа топтардың ұнаған жұмыстарымен алмастырып, айырбас жасайды.




30


«Орнымды тап» әдісі



  • Екі парақтың біреуіне тапсырмалар (сұрақтар) жазылады.

  • Екіншісіне жауаптары жазылып тақтаға ілінеді, тек ерекшелігі тапсырма жазылған парақ пен жауап жазылған парақты беттестіргенде бір- біріне сәйкес келуі керек.

  • Ал тапсырма парағын бөліктерге бөліп қиямыз да үстел

үстіне сурет жағын қаратып араластырып қоямыз. Топ басшы таңдаған тапсырмаға топ мүшелері бірлесіп жауап береді, ал тапсырма жауабына қаратылып жапсырылады, соңында келесі беттегі суреттің толық кескіні көрінеді.



31


«ҰТМН-формула» әдісі





32


Бағалау парағы



Оқушының аты-жөн і: _____________________________________________________

Бағалау критерийлері

Орындалған деңгейлер

Балл

Ұпайлар

Өзінің балы

Мұғалімнің балы

Орташа ұпайы

Зерттейтін маңызды мәселелерді білуі

Жартылай













Толықтай

Негізгі себебін түсінуі

Түсіндіріп бере алмауы













Түсіндіріп бере алуы

Берілген уақытты пайдалануы

Жартылай













Толық тиімді

Өзінің ойын еркін жеткізіп, дәлелдей алуы

Жартылай













Толығымен

Шығарма-шылық ізденісте болуы

Оқулықпен шектелуі













Қосымша тапсырманың орындалуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет