К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-28. «Біліктілік», «құзырет» ұғымдарының мәні



бет27/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-28. «Біліктілік», «құзырет» ұғымдарының мәні
Жоғары оқу орны оқытушысының құзіреттілігінің құрылымы
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін О.А.Абдулина, Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский, И.Я. Лернер, И.Ф. Харламов, Б.Г.Гершунский, Ш.Таубаева, М.Н.Сарыбеков, Н.В.Кузьмина, Н.Д. Хмель зерттеді.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін, іскерлігін, құзіреттілігін қажет етеді. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді. Ал құзіреттілік-тәжірбиеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі.
Құзыреттілік – субъектінің қойылған мақсатқа жету үшін оның ішкі, сыртқы ресурстарын тиімді пайдаланатын білім берудің нәтижесі.
Құзіреттілік теориясын дамытуда «Еуропалық тұғырлық құзіреттіліктер» Еуропа кеңесінің (Берн, 1996) ұсынған 5 құзіреттіліктердің мәні ерекше:
1) Әлеуметтік құзіреттілік – ұжымда топтық жұмыс жасай алу; өзіне жауапкершілікті ала білу; бірлесіп шешім қабылдау.
2) Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алу құзіреттілігі өзара сыйластық; толеранттылық; жан-жақты білім алуға құштарлық.
3) Қарым-қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілік – өз ойын ашық жеткізе алу; өзара ынтымақтастық қарым-қатынас; ұжымның пікірімен санасу, өзінің көзқарасын дәлелдей алуы.
4) Ақпараттық құзіреттілік – қажетті мәліметті, ақпаратты өз бетінше іздеп табуы; алынған мәліметті өңдей алуы.
5) Өмір бойы оқу, іздену құзіреттілігі – жаңаны біліп, үйренсем деген талпыныс; креативтілік (29-сурет).





Сурет-29. Педагогтың тұғырлық құзіреттіліктері

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы педагогтың біліктілігін, іскерлігін - құзыреттілігін қажет етеді. Біліктілік маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді, ал құзыреттілік - тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі ( 30-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет