К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-50. Педагогикалық жағдатты шешу жолдары



бет38/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-50. Педагогикалық жағдатты шешу жолдары

Сонымен, педагогикалық жағдаят адамның тұлға ретінде қалыптасуын сипаттайтын, тұлғаның даму тетігін үлгілеуде ұстанымдық рөл атқаратын, жат көзге, әлемге байқала бермейтін тұлғаның меншікті өзіндік ортасы, яғни тұлғаның даму тетігін айқындауға ықпал ететін құрал екендігін байқатады.


Педагогика ғылымында педагогикалық жағдаят қарама-қайшылықтардың нәтижесінде пайда болады делінеді. Қарама-қайшылықтардың рөлін зерттеген ғалымдар М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.И.Загвязинский, Л.И.Новикова, И.С.Марьенко, Г.И.Шукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, т.б.
Қайшылықтар мұғалімдер мен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін (И.Б.Лийметес, Н.Н.Хан және т.б.).
Қарама-қайшылық көп жағдайда оқыту процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда мұғалімдер мен оқушылар арасында нақтылы бір жағдайларды ескермеу нәтижесінде пайда болады.
Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы – бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтер жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген.
51-суретте Г.К.Костюк бойынша қарама-қайшылықтар ашылды.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі.
Педагогикалық процестің мақсаты білімалушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Зерттеу нәтижесінде қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретіңде олар зерттелетін объектінің мәнін ашуы тиіс; қарама-қайшылықты оқытушылар мен білімалушылардың іс-әрекетін педагогикалық процестің басты құрал-көрсеткіші ретінде сипаттау керек; қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Педагогика лық процестің негізгі заңдылықтары, принциптері Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері - педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі, яғни тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников, С.В.Грехтенберг). Біршама кейін педагогикалық процестің оқу процесіндегі заңдылықтарын В.И.Загвязинский, Г.И.Щукина, Н.И.Болдырев, Н.Н.Петухов және т.б. ғалымдар зерттей бастады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдау жасай келе, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеген ғалымдар: И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет