Сурет-60. Оқытудың жалпы заңдылықтары
Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады. Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады ( 61-сурет).
Сурет-61. Оқытудағы қара-қайшылықтар
Ұстанымдары – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: қолданады немесе оны қажет етпейді.
Ал, зандылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар.
62,63-суреттерде оқытудың ұстанымдарының ( принциптері) түрлері берілді.
Сурет- 62. Оқытудың принциптері
Сурет-63. Оқытудың ұстанымдарына (принциптеріне) сипаттама
Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін тандауды белгілейтін ұстанымдары ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың студенттердің танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет ( 15-кесте).
Кесте 15- Блум таксономиясының мәні мен кезеңдері
Кезең
|
Мақсат
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білім (танып білу кезеңі)
|
Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді жаңарту
|
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды
|
Түсіну
|
Жаңа материалда берілетін білімді түсініп, өзінше түсіндіріп болжам жасауы
|
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
|
Қолдану кезеңі
|
Жаңа білімді тәжірибеде пайдалану
|
Бұрыңғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблема шешеді
|
Талдау кезеңі
|
Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгісін ала білу
|
Ойланады, салыстырады, табады, талдайды.
|
Жинақтау кезеңі
|
Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау
|
Ойлап табады, құрастырады, шығарады
|
Бағалау кезеңі
|
Жаңа ұғым жаңа материалдың құндылығын анықтау
|
Бағалайды, талқылайды, өз талабып айтады
|
Достарыңызбен бөлісу: |