Сурет-51. Г.К.Костюк бойынша қарама-қайшылықтар
С.Қ.Мұхамбетова педагогикалық заң мен заңдылыққа төмендегідей анықтама береді: «Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты байланыстары, ал педагогикалық заңдылық – нақты педагогикалық заңның көрінісі». Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз кезегінде жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарды құрайды.
52-суретте педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары берілді.
Педагогикалық процестің заңдылықтары мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Сондықтан, егер мұғалім нақтылы педагогикалық процесті негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысы сапасының өзгерісіне әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды.
Сурет-52. Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары
Біртұтас педагогикалық процестің принциптері – нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады. Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді.
Принциптер оқытушының іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық ықпал етеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады ( 53-сурет).
Сурет-54. Педагогикалық процестің принциптері
55-суретте біртұтас педагогикалық процестің қасиеттері ашылды. Біртұтас педагогикалық процестің даму кезеңдері жүйелі түрде жүріп отырады. Олар: дайындық кезеңі, мұнда мақсатқа сай қажетті жағдайлар жасалады, мақсат тұжырымдалады, нәтиже болжамдалады. Негізгі кезеңде мұғалім мен оқушы арасында өзара байланыс формалары, әдістері, құралдары негізінде педагогикалық процесс жүзеге асады. Қорытынды кезеңде нәтиже талқыланады.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы, философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен олардың ішінен сол заттар мен құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар – заңдар деп аталады.
Сонымен, заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын, біршама тиянақты байланысы.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен студенттердің білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.
Педагогакалық процесстің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық процесстін ішкі қозғаушы күші танымдык еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы студенттердің іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші – бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құраддары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |