К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет - 102. «Педагогикалық технология» ұғымын деңгейлік талдау



бет85/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет - 102. «Педагогикалық технология» ұғымын деңгейлік талдау

Инновациялардың саралануы төмендегідей бағытта өтеді:



    • білім беру мазмұнына қарай;

    • оқыту технологиясына сай;

    • білім беру жүйесінің тәрбие саласында;

    • педагогикалық процеске қатысушылардың өзара іс-әрекеттестік құрылымына қарай;

    • педагогикалық құралдар жүйесіне қарай және т.б.

Білім беру саласындағы инновациялық процестерді зерттеу бойынша ғылыми және арнаулы әдебиет көздеріне жүргізген зерттеуіміз көрсеткеніндей, білім беру мекемелерінің дидактикалық жүйелерінде ендіріліп жатқан инновациялық педагогикалық технологиялардың төмендегідей түрлерін атап кеткен жөн:

  1. Психотехнология (психологиялық теориялар негізінде құрылған): сеземін – сезінемін – көрсетемін қарым-қатынасы, мысалы, ӨЕШТ (өнертапқыштық есептерді шешу теориясы). Бұл технология оқушыларда шығармашылық ойлауды қалыптастырады.

  2. Ақпараттық-кибернетикалық технология - кері байланыс тетігі негізінде жүйеленген ақпарат, мысалы, компьютерлік техникамен жұмыс.

  3. Диалогтық технология (бұл сұрақ-жауап негізіндегі жұмыс емес!). Оқу диалогтарының (М.М. Бахтин, И.Е. Берлянд, В.И. Библер, С.Ю.Курганов идеялары бойынша) педагогикалық маңыздылығы төмендегідей:

  • мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас: оқушының өмірге деген көзқарасын қабылдау, оқушының жеке тұлғасын сыйлау, құрметтеу, оқушының өз орнын өзі анықтауы, оқушының өзін-өзі ұйымдастыра алуы;

  • оқушының өзінің ішкі жан дүниесімен өзінің күресуі;

  • сұхбаттың оқушы тұрмақ мұғалім үшін де белгілі-белгісіздік шегінен шыға алуы;

  • оқу материалының құрылысына оқушы үшін таң қаларлық ғажайыптардың енгізілуі оқушылардың танымдық қызығушылықтарының артуына жол ашады;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет