суггестотехнология: сендірудің әр түріне негізделген технология;
ойын технологиясы: қарастыратын жүйені, құбылысты, процесті имитациялық нобайлау барысында жүзеге асырады; дидактикалық ойындарды төмендегідей реттелген оқу әрекеті түрінде беруге болады: сабаққа өз бетінше дайындалу - басты мақсатты қою-объектінің имитациялық нобайын таңдау - осы негізде қойылған мәселені шешу тексеру, түзету алынған шешімді жүзеге асыру оның нәтижесін бағалау алынған нәтижені талдау және белгілі тәжірибелермен салыстыру жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс;
педагогикалық диагностика технологиясы: оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы;
өзара іс-әрекеттілік технологиясы: оқыту процесін әртүрлі формада ұйымдастыруды қарастырады (жекеше, топтық, жалпылама);
өзін-өзі дамыту технологиясы: өзін-өзі түсіну, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару және өзіне-өзі баға беруді білдіреді;
коррекциялық технология: тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне негізделеді; оқыту процесі барысында оқыту әдіс-тәсілдері мен формаларына түзетулер енгізіледі, түзетулерді тек қана мұғалім ғана ендірмейді, өз кезегінде оқушылар өз іс-әрекеттерін өздері түзейді, өздерінің жіберген қателерін түзетумен өздері айналысады.
100-суретте академик Б.Т.Лихачев бойынша технологиялық процестерді жүзеге асыруда қолданылатын инновациялық технологиялар берілді.
Сурет-100. Инновациялық технологиялар құрылымы Ғалым Б.Т.Лихачевтің педагогикалық технологияларды жүйелеуінің астарында педагогикалық технологияны педагогикалық процестің ұйымдастыру-әдістемелік құрылғысын анықтайтын әдіс-тәсіл, құрал, формаларының жиынтығының психологиялық-педагогикалық құрылымы ретінде қарастыру жатады. Б.Т.Лихачевтің осы ұсынған классификациясы педагогикалық технологиялардың мән-мағынасын толықтай ашуға көмектеседі.
Оқыту процесі мен оның нәтижесіне оқушының ақыл-ойының даму деңгейі тікелей әсер етеді. Ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау критерийлеріне оқу жетістігі, білімді қабылдау жылдамдығы мен сабақтағы оперативті түрде лезде, адекватты жауап берулері және т.б. жатады.
Ақыл-ойдың даму деңгейі білім, білік, дағдыларды қабылдаудан басқа баланың дамуына еңбексүйгіштік, өз бетінше жеке жұмыс жасау, инициатива таныту және т.б. жеке тұлғалық сапалық ерекшеліктері тікелей әсер етеді. Сол себепті оқу технологиясының негізіне оқушылардың танымдық қызығушылық аспектілері алынады.
Ал ғалым Л.А.Чепляева өзінің зерттеуінде оқытудың инновациялық технологияларын жүзеге асыруда тұлғаның төмендегідей сапалық ерекшеліктерін есепке алуды ұсынады:
жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік, мәдени, іскерлік және т.б.);
тұлғаның бағыттылығы: болашақта баланың кәсіби өзін-өзі жетілдірудегі адам-адам, адам-қоғам, адам-техника, адам-таңбалар жүйесі, адам-көркем образдар бағытындағы іс-әрекеттері;
білімділік деңгейі;
денсаулығының ерекшеліктері: көру мен есту қабілеті, сезу, сезіну, түсіну қабілеттері, дене мүшесінің саулығы және т.б.
101-суретте «педагогиаклық технология» ұғымының негізгі аспектілері сипатталды.