К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-104. Іскерлік ойынның негізгі ерекшеліктері



бет88/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-104. Іскерлік ойынның негізгі ерекшеліктері

Әдетте ойын элементтерінің 2 түрі қолданылады:


1) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар (міндеттер);
2) арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері:

  • белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;

  • дидактикалық материалдар дайындау;

  • әр оқушыға тапсырма беру;

  • оқушыларды рөлге, топтарға бөлу;

  • міндеттерді белгілеу;

  • мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;

  • оқушылардың қызығуын ояту.

Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар:
1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады;
2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады;
3) дамытушылық: қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.
Іскерлік ойындарды ұйымдастыруда төмендегідей психологиялық-дидактикалық жағдайларды атап көрсетуге болады:

  • белсенділік – ойын барысындағы оқушының дене және интеллектуалдық күштерінің белсенді көрінісі, бұл ойын әрекетінің негізгі ұстанымы болып табылады;

  • рөлдерді орындау – адам әрекетінің ойын негізінде нобайлануы және қайта жасалу құбылысын көрсетуі. Рөлдерді орындаудың дидактикалық құндылығы оқушылардың кәсіби даярлығына бағдарланушылығы болып табылады;

  • ұжымдық сипаты – оқушылардың ойын топтарына бөлінуі. Ойынның ұжымдық сипаты негізінде оқушылардың өзіндік қарым-қатынасы, достығы, ұйымшылдығы, өз ойларын айту, пікірлесу сияқты жағымды қасиеттері дамиды;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет