Сурет-110. Интербелсенді оқытудың неriзгі қағидалары мен мақсаттары
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интербелсенді әдістер оқу қарым-қатынастары ортасын құрады, ол: ашықтықпен; қатысушылардың өзара әрекеттестігімен; қатысушылардың дәлелдерінің теңдігімен; бірлесе білім жинаумен; өзара бағалау мен бақылау мүмкіншілігімен сипатталады (111-сурет).
Интербелсенді оқыту бұл ең алдымен диалогты – сұхбаттасып оқыту.
Интербелсенді оқытуда барлық білім алушылар бірлекен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасайды;білім алушы өзінің үйренгені мен білімін, түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, өз ойларын қортындылайды;білім алушылар білімді өздігінен меңгереді.
1-қосымшада интербелсенді әдістердің түрлері берілді.
Сурет-111. Интербелсенді оқытудың неriзгі ерекшеліктері
112-суретте оқытудың интербелсенді әдістері ашылды.
Сурет-112. Интербелсенді әдістер
Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары.
Нидерландтық ғалым К.Парререн интербелсендi әдістердің 11 қағидасын ұсынады ( 113-сурет).
Сурет-113. К.Парререн интербелсендi әдістердің қағидасы
К.Парререн интербелсендi әдістердің 11 қағидасын басшылыққа алған жағдайда студенттердің оқу материалын жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына, өз әрекеттеріне деген жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.
Жалпы алғанда, білім беру жүйесінде инновациялық оқыту технологиясын қолдану оқыту процесінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Интерактивті әдістер ақпаратты беруде оқытушы мен студенттің өзара ынтымақтастық қарым-қатынас жасау ұстанымына негізделеді және жаға мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік ашады.
Интерактивті әдістің мақсаты – тек жаңа ақпаратты меңгерту ғана емес, білім алушыларды өз бетінше ізденіске, шығармашылыққа баулу.
Интерактивті әдістер: кейс-стадий әдісі; «Миға шабуыл» әдісі; «SWOT талдау әдісі және т.б.
«Кейс-стадий» әдісінің өзегі педагогикалық жағдаят болып табылады. Педагогикалық жағдаятты шешу барысында тақырыптың мазмұны ашылады, мақсат-міндеттер анықталады. «Кейс-стадий» әдісін қолданғанда педагогикалық жағдаяттарды тақырыпқа сай таңдау маңызды рөл атқарады, себебі жағдаятты шешу ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың барысында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.
Case (Кейс) технологиясы – білім алушылардың дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды өз бетінше меңгеруіне негізделген технология.
Кейс технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс технологияға арналған материалдарға жататындар: әдістемелік нұсқаулықтар; жұмыс дәптері; анықтамалық материалдар; аудио-, бейнематериалдар; бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады:
Кейс құрамында белгілі бір нормативті талаптар жоқ, кең таралған көрнекі материалдар және дыбыс, анимация, графикалық кескіндер, слайдтар пайдаланылады.
Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады.
Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
Оқулық бетінен тікелей Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Кейс–стади технологиясы немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс–стади технологиясы алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл технология арқылы оқытудың қолдану аясы кеңейді. Қазір кейс-стади технологиясын педагогикалық процесте қолдану жолдарын қарастырды: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар және т.б.
Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, материалды тереңірек меңгереді.
Кейс стади технологиясы білім алушының креативті ойлауын дамытып, шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Кейстің құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |