К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-158. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері



бет134/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-158. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу – тұрақтанған мұраттар мен наным-сенімдерге негізделіп, саналы белгіленген мақсаттарға сәйкес жеке тұлғаның өз тұлғалық сапа-қасиеттерін өзгертуге арналған педагогикалық іс-әрекеті.
3. Тәрбиеленушінің өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға түрткі туғызу. Гимназия сияқты бағдарлы мектептердегі тәрбие жүмыстарын кураторлар ұйымдастырады. Кураторлардың міндеттері әзірге түбегейлі анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі танда белгілі болған функционалдық міндеттерді атап көрсетуге болады (159-сурет).



Куратордың функционалдық міндеттері



Сурет-159. Куратордың функционалдық міндеттері


Куратордың функционалдық міндеттері:
1. Әкімшіл куратор – тәрбиешінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), ақпараттық (әрбір тәрбиеленушінің сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік шаралар және т.б.).
2. Тәрбиеші куратор – өзінің міндеттерін тәрбиеленушілердің жас ерекшелігі теориясына сүйене отырып, жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің педагогикалық қызметін тәрбиеленушінің жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асырушы педагог.
Тәрбиеші куратор топта сабақ беретін мұғалімдердің көмегіне сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысымен айналысады.
3. Байланыстырушы куратор – өз тобында сабақ беретін оқытушылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын педагог-тәрбиеші.
4. Ұйымдастырушы куратор – пән оқытушыларын олардың сабақтарынан тыс уақытта топтағы белсенді шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып, ұйымдастыратын тәрбиеші. ЖОО тәрбиеленушілермен ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы – кураторлық сағат. Кураторлық сағат – барлық топтарда міндетті түрде ұйымдастырылатын тәрбиелік шара.
Кураторлық сағат – тәрбиеленушілердің адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, ұлтжандылық сезімдерін шыңдауда сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады. Кураторлық сағаттарын өткізу барысында тәрбиеленушілердің танымдық белсенділіктері артады, оларда іскерлік дағды қасиеттері қалыптасады.
Кураторлық сағат негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісінде, әдетте, өткен апта негізінде сыныптағы тәрбиеленушілердің үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Екіншісі – әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, диспуттар, пікірталас пен оқырмандар конференциясы және т.б. бағыттағы тәрбиелік жұмыстарды жатқызуға болады. Кураторлық сағаттарын өткізуде тәрбиешілердің басшылыққа алатын негізгі міндеті – тәрбиелік жұмыстарға тәрбиеленушілердің өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез келген тәрбиеленушінің тәрбиелік шараларды дайындау және өткізу барысында қалыс қалмауын қадағалау.
3-қосымшада ЖОО-да инновациялық мазмұндағы « ЖОО-да қашықтан оқыту жағдайында куратордың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» іс-шараның үлгі-жоспары берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет