ЖОО-нын бітірген түлектердің сапасы төмендегідей көрсеткіштермен анықталынады:
білім беруді жалғастыру мүмкіндігі;
жұмысқа орналасу пайызы;
қызметте кәсіби өсу;
жарнамалау, жұмыс берушінің бағасы;
ЖОО-ның мекеме, өндіріспен байланысы.
Профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ).Оқытушы білім беру жүйесінің субъектісі бола отыра, оның сапасын қамтамасыз етеді. Профессорлық-оқытушылық құрамын жақсы жасақтау үшін олардың әлеуметтік мәртебесін көтеріп, еңбекке ақы төлеу деңгейін жақсы жолға қою керек. Профессорлық-оқытушылар құрамына еңбек ақы тағайындалуда міндетті түрде олардың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жалпы педагогикалық еңбек өтілі, жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі ескеріледі.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытудың әдісі мен технологиясы.Жаңа ғасырда оқытудың дәстүрлі әдісімен қатар, білім беру мен оқытудың инновациялық технологиялары, компьютерлік, мультимедиалық технологиялары пайдаланылады. Сонымен қатар ЖОО-да қашықтықтан және виртуалды оқытуға кең мүмкіндік бар.
Білім сапасы жоғары оқу орны әзірлеген оқу-әдістемелік кешеннің сапасына да байланысты болады. Жоғары оқу орны стандарты бойынша оқу-әдістемелік кешенге оқу жұмыс бағдарламасы, базалық оқулық, пәнді меңгеру мен оқыту бойынша білімгер мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар, білімгерлер білімін бағалауға, тексеруге арналған бақылау тапсырмалары, тест пакеттері, глоссарий, курстық және дипломдық жұмыстар, жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар жатады. Сондай-ақ, білімгерлердің білімін аралық, қорытынды бағалау бойынша мемлекеттік бақылау да жүргізіледі.