К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Кесте 12 – «Педагогикалық процесс» ұғымының мәні



бет32/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Кесте 12 «Педагогикалық процесс» ұғымының мәні



Анықтама

Автор

1

Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы

М.А. Данилов

2

Педагогикалық процесс – үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі

Б.Т. Лихачев

3

Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы

И.П. Подласый

4

Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс-әрекетін мақсат-бағыттылыққа ұйымдастыру

С.А. Пуйман

5

Педагогикалық процесс тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті

В.И. Смирнов



6

Педагогикалық процесс - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі

П.Ф. Каптерев

7

Педагогикалық процесс - ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеру, әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған

Педагогика /Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің авторлар ұжымы



41-суретте тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері ашылды.


Педагогикалық процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет