К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының әдіснамасы



бет20/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

1.2 Педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының әдіснамасы


Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары мектеп педагогикасы пәннің нақты зерттеу бағыттарына негізделген өзіндік түсініктемелік аппараты бар. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Педагогиканың ғылым ретінде пайда болу уақытынан бастап үш іргелі категориялармен анықталады: тәрбие, оқыту, білім беру ( 14-сурет).




Сурет -14. Жоғарғы мектеп педагогикасының негізгі категориялары

Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты- студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.


15 -суретте жоғары мектеп педагогикасының міндеттері ашылды.



Сурет-15. Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері
Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Тәрбие ұрпақтан ұрпаққа тарихи және мәдени тәжірибелерді беру процесі. Тәрбиелеу – адамның дамуын тұлғаны, оның көзқарастары, органикалық, ақыл-ой және адамгершілік сапаларды қоғамның сұраныстарына сәйкес қалыптастыру мақсатында бағыттау ( 9-кесте).
Кесте 9- Негізгі ұғымдар



Ұғым

Анықтама

1

Тәрбие



Аға ұрпақтан жас ұрпаққа тарихи және мәдени тәжірибелерді беру процесі: тұлғаның көзқарастары, органикалық, ақыл-ой және адамгершілік сапаларын қоғамның сұраныстарына сәйкес қалыптастыру

2

Оқыту



білім мен білікті беру, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру; педагог пен білім алушының өзара әрекеті арқылы білім, білік және практикалық іс-әрекет дағдыларын алмасу және меңгеру

3

Білім беру



Қабылдау, меңгеру, ойлау, қолдану арқылы тәжірибені игерудегі студенттің іс-әрекеті; оқыту мен тәрбие процесі және нәтижесі

4

Педагогикалық процесс



Білім, білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері

5

Тұлға



Қандай да бір өзіндік дара және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы, қоршаған әлем, қоғамға қарым-қатынасы бар адам

6

Іс-әрекет



Өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мен практикалық іске асыруға бағытталған адамның іс-әрекет жиынтығы

7

Даму



Адамның дене және рухани күштерінің тізбекті сандық және сапалық өзгерістерін бейнелейтін объективті процесс

8



Қарым-қатынас



Мотивациялық, танымдық, эмоционалды-еріктік және құрылымдық салада қарым-қатынасқа қатысушы адамдардың көмегімен жүзеге асырылатын іс-әрекет процесі

9



Өзін-өзі тәрбиелеу

Қоғамның талаптарына сәйкес жағымды қасиеттерін қалыптастыру және дамыту, жағымсыз қасиеттерінен арылудағы адамның мақсатты іс-әрекеті



Педагогикалық ғылымдардың нәтижелерін білім беру практикасында жүзеге асыру ерекшеліктері кездеседі. Педагогиканың нәтижелерін оқыту мен тәрбиелеу практикасында жүзеге асыру әрбір педагогтың тұлғалығы, көзқарастары, талпыныстары, кәсібилігімен дәлелдейді.
«Педагогикалық процесс» синонимдары ретінде көбінесе «оқу-тәрбие процессі», «білім беру процесі» терминдері қолданылады.
Педагогика ғылымы адам туралы ғылымдардың барлығымен (философия, анатомия, физиология, психология, биология, кибернетика, т.б.) тығыз байланысты болғандықтан пәнаралық түсініктер кеңінен қолданылады – тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, қарым-қатынас, т.б.
Тұлға – қарым-қатынас өнімі. Адам тұлға болып тумайды, өмір процесінде біртіндеп қалыптасады. Тұлға – қандай да бір өзіндік дара және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы, қоршаған әлем, қоғамға қарым-қатынасы бар адам
Бүгінгі күнгі ізгіліктік педагогика әрбіір тұлғаның ішкі «МЕНІН» дамытуға бағытталған өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет