К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-30. «Құзыреттілік» ұғымына сипаттама



бет28/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   171
Сурет-30. «Құзыреттілік» ұғымына сипаттама

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігімен сипатталады ( 31-сурет).


Ғалым В.А Сластенин педагогтың құзыреттілігін 4 топқа біріктіреді: оқу процесін және басқа оқытушының іс-әрекетін талдау және өзін-өзі талдауды жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенін анықтау білігі.


Сурет-31. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

Ғалым В.А Сластенин педагогтың құзыреттілігін 4 топқа біріктіреді: оқу процесін және басқа оқытушының іс-әрекетін талдау және өзін-өзі талдауды жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенін анықтау білігі.


Құзыреттілік – педагогтың өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби шеберлігін, мәдениеттілігін көтеріп, қазіргі заман талабына сай бейімдей білуі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі оның кәсіби және даралық қасиеттерімен сипатталады ( 32-сурет).
Ал құзыреттілік – тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі.



Сурет-32. Қабілеттілік түрлері
ҚР «Педагогтың мәртебесі жөнінде» Заңы. Педагогтың құқығы мен міндеттері. Білім және ғылым министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірледі.
Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады (33-сурет).



Сурет-33. Педагог мәртебесінің мазмұны

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы педагогтің жеке тұлға мен қоғамды дамытудағы ерекше рөлін, осы рөлге сәйкес келетін жағдайды қамтамасыз етудің маңыздылығын негізге ала отырып, кәсіптік қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және педагогтің құқықтық мәртебесін сапалы жақсартуға, оның әлеуметтік-экономикалық қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған ( 34-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет