К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-47. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы



бет36/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   171
Сурет-47. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы
Педагогикалық процестің біртұтастығы. Педагогикалық процесс дамушы жүйе.
Педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айқындалады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.


Педагогикалық процестің компоненттері:

  • Оқытушыарнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін кәсіби маман;

  • Білімалушы – объект және субъект ретінде қарастырады.

  • Педагогикалық процестің мазмұны ол адамның әлеуметтік қатынасынан туындайды. Оның мазмұнына идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет және т.б. жатады.

  • Педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару комплексі. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады.

  • Педагогикалық диагностика. Оқытушылар мен білімалушылардың тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі.

  • Педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Білімалушылардың іс-әрекетінің нәтижесінің қорытындысын, бағасын, сол білімалушыны қоршаған орта, қауым береді.

  • Педагогикалық процестің қоршаған ортамен байланысында.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді (48-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет