К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-34. Педагог әдебінің мәні



бет29/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   171
Сурет-34. Педагог әдебінің мәні

Заңда педагог мәртебесі және оның педагогикалық қызметінің мәні ашылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, біліктілік сипаттамаларында және (немесе) кәсіптік стандарттарда көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін, кәсіптік қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары педагог мәртебесіне ие болады.




1.4 Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік құзыреттілігі


Адамзат коммуникациясы туралы түсінік.Коммуникативтік процестер: қабылдау, тыңдау, репрезентация және өзінің «МЕН» ұғымын қолдау. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.
Проблемалардың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктердің қалыптасу жолдарын іздестірді.
Тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1. Қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп отырғандығына байланысты болып отыр.
2. Мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.
3. Болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді.
4.Болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негізі біртұтас педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісіндегі пәнаралық интеграция, құзыреттілікті қалыптастыру, инновациялық теорияларына сүйенеді.
5. Мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуы әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттердің бірлігінде және өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде жасалған құрылымдық – мазмұндық – үдерістік модельге байланысты.
Заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесінің ескі моделіне үлкен өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Соның бірі ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілердің бойында проблеманың шешімін таба білу құзыреттілігін қалыптастыру. Жас зерттеушілер алдынада ізденудің әдіснамалық құрылысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау сияқты ғылыми жұмысты зерттеу барысында, т.б. сұрақтар туындайды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының сапасын төмендететін түрлі қателіктерге ұрынбау үшін қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық қызметтің күрделі саласы, кәсіптік іскерлікті қажет ететін қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынаста ұсақ-түйек жоқ: көзқарас, дене қимыл, көз жанарының көзқарасы – бәрі мәнді.
Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білім, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде мұғалім тұлғасының жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.
Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері кездеседі (11-кесте; 35-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет