К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет30/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Вербальды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі.

Сурет-35. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері

Кесте 11- Педагогикалық қарым-қатынас мәні

Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.


Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге болады.
36-суретте мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар ашылды.
Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс ретінде сипатталады: тұлғаны тану; ақпаратпен алмасу; іс-әрекетті ұйымдастыру; өзін-өзі тану.



Сурет-36. Оқытушының сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар

Педагогтің дұрыс сөйлеу техникасына қойылатын талаптар: сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары; дикция; екпін қоя білу; дауыс ырғағы; үзіліс (37-сурет).





Сурет-37. Сөйлеу мәдениетінің сапалары


Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері, технологиясы, ерекшеліктері

Менеджердің басқару құзырлығы оның құқықтық, экономикалық, психологиялық және педагогикалық сауаттылығын анықтайды.


Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей параметрлерді жетілдіреді:

  • басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді үйлестіру;

  • ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту;

  • басқару шешімін қабылдау тиімділігін арттыру;

  • ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық;

  • ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру.

Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды.
ХХ ғасырда атақты экономист Н.А.Витке: «Басшы – үкімін жүргізуші емес, ол психологиялық қарым-қатынасының координаторы, әлеуметтік құрылысшы, адамдардың күш-жігерін жинақтаушы» – деп, атап көрсетті.
38-суретте менеджмент негізінде басқару міндеттері ашылды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет