Сурет-48. Тұтас педагогикалық процестің компонеттері
Тұтас педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы:
Қауымдастық-бірлік пен байланыс жиынтығы
Тұтастық-оның дамуының жоғары деңгейін, онда жұмыс істейтін субъектілердің саналы қызметінің нәтижесін сипаттайтын синтетикалық сапа
Бірлік-сабақтастық, өзара байланыс
Тұтас педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары
49- суретте тұтас педагогикалық процестің функциялары ашылды.
Сурет-49. ТПП функциялары
Педагогикалық процестің қозғаушы күштері
Педагогикалық процестің қарапайым «бөлшегі» ретінде қолданылатын «педагогикалық жағдаят» туралы Н.Д.Хмель: « ...педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты болады» – деген болатын.
Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.
Жағдаятты шешу біріншіден, фактіні айқындаумен, екіншіден өзіндік бекімнің пайда болуымен, үшіншіден, жағдаяттың не екендігін (мәнін) түсінумен сипатталады.
Педагогикалық жағдаяттарды дұрыс шешу үшін, біріншіден терең теориялық білім, екіншіден жағдаятты талдау барысында меңгерген білімін дәлелдеуі, үшіншіден, психологиялық, педагогикалық біліміне байланысты дұрыс және дәлелді шешім қабылдауы қажет (50-сурет).
Педагогикалық жағдаят педагогикалық шындыққа тән көпжақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны, мәні, тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, қалыптасудың қас қағым сәті арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысы мен дамуын көруге мүмкіндік туады.
Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген тұжырымында педагогикалық жағдаяттарды өз бетінше шешу әрекеті, яғни адамның жадында бірінші кезекте тек өз бетінше жасаған әрекеті қалады екен.
Фактіні айқындау
Жағдаяттың мәнін түсіну
Жағдаятты шешу
Өзіндік ой-пікірдің
пайда болуы
Достарыңызбен бөлісу: |