Сурет-107. Проблемалық оқытудың кезеңдері
Сөйтіп, проблемалық оқыту сабағын бірнеше кезеңге бөлуге болады: эксперименттік көмек арқылы тапсырмаларды орындау мен эвристикалық сұхбат негізінде мұғалімнің проблеманы қоюы; бір немесе бірнеше гипотеза қалыптастыру бойынша мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысы; оқушының қателікті талдай білуі; проблемалық міндеттерді шешу жолындағы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы, т.т.
Мұғалімде зерттеушілік іс-әрекетінің қалыптасуы оның өз ісіне жаңаша қарап, оқу-тәрбие үдерісіне оң өзгерістер әкелуіне жол салып, мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияны меңгеруіне жол салады. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысы мектептің оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру құралына айналады. Педагогикалық ұжымда тек бір ғана мұғалім ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыспай, әрбір мұғалім, яғни тұтастай педагогикалық ұжым өзекті мәселе төңірегінде (мектептің өзекті проблемасына сәйкес) ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқаны орынды. Қазіргі кезеңде әрбір мектеп, әрбір педагогикалық ұжымда оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, жаңарту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Диагностикалық кезең (мәселені қою және оның көкейкестілігін негіздеу): қиындық жақтарын ашу; алынған мәселенің қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде алатын орны; қарама-қайшылықтарын көрсету; мәселе бойынша әдебиеттер оқу.
Прогностикалық кезең: мақсат, міндеттерін анықтау; болжамын жасау; алынатын нәтижені шығару (көру).
Ұйымдастырушылық кезең: эксперименттің бағдарламасын жасау; материалдық базаны дайындау; әдістемелік жабдықтау.
Қорытынды кезең: алынған нәтижелерді өңдеу; қойылған мақсат пен алынған нәтиженің ара-қатынасы; нәтижені талдау; болжамды түзету (өзгерістер енгізу); алынған нәтижені көрнекті түрде көрсете алу.
Нәтижені шығару: реферат, баяндама, мақала (басылымдарға), бағдарлама, дидактикалық құрал, көмекші құрал, оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау және т.б. дайындау.
Ақпараттық технологиялар ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары екендігі белгілі . Ақпараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатысушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:
- әрбір адамның өздігінен білім алуының меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды;
- ақпаратпен жұмыс істей алу бірлігін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады;
- таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді;
- оқу процесінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады;
- жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды;
- білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытуға тән ерекшеліктерді анықтау оның басқа технологиялардан айырмашылығын неғұрлым тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді:
- проблемалық оқытудың бірінші шарты оқу іс-әрекетінің дамуын алдын-ала анықтайтын оқу ақпаратының дамушы және дамитын құрылымының жүйесі болып табылады;
- проблемалық оқытудың екінші шарты ақпаратты оқу міндетіне ауыстыру барысында оны шешу тәсілін талдау мүмкіндігі қарастырылған кезде ғана іске асырылады;
- проблемалық оқытудың үшінші шарты – студенттің субъекті ретіндегі ұстанымы, оның таным мақсатын саналы түсінуі мен қабылдауы және нәтижелерді шешу мен алу үшін бар құралдарды өзіндік бағалау;
- проблемалық оқытуды анықтайтын негізгі сипат оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің тәсілі ретіндегі проблемалық жағдаят болып табылады.
Қазіргі кезде проблемалық оқыту педагогика ғылымы мен практикасының ізгілендіру бақытын жүзеге асырып отырған негізгі технологиялардың бірі болып табылады. Оның негізін мұғалімнің кәсіби қалыптасуына ерекше ықпал ететін инновациялық ортаны құру идеясы құрайды. Сондықтан проблемалық оқыту барысында оқытушы оқу процесін студенттің білім алуға өз бетімен ізденуі логикасына неғұрлым жақындасатындай етіп ұйымдастырып, белсенді таным процесі үшін барлық жағдай жасауы тиіс .
Аталған жаңа педагогикалық технологиялардан басқа келешегі мол «кейс-стади» (нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы оқыту), рефлексия (өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және студенттердің оқу материалын белсенді қабылдауын 6амтамасыз ететін педагогикалық технология), жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологияларын ерекше атап өтуге болады.
«Кейс стади» технологиясын іске асыру кезеңдері 108-суретте ашылды.
Сурет-108. «Кейс стади» технологиясының кезеңдері
«Кейс-стади» технологиясын кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдаят нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайды, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы студенттер талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |