К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет91/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Проблемалық оқыту - проблемалық принципін ескере отырып жасалған оқыту үдерісі:

  • ойлау операцияларының логикасын талдау, жүйелеу, қорытындылау мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын жағдаяттың, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің дәрежесін ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жүйесі;

  • ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру, ақыл-ойын, ойлауды дамыту заңдылықтары негізінде арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларды ғылым негіздерін оқып-үйрену, ғылыми біліммен қаруландыру арқылы жүргізілетін жұмыс.

Проблемалық оқыту, оқытудың жаңа принципі, ол қазіргі кезеңде ең өзекті, оны іс-тәжірибеге енгізу қажет және де дидактикаға оқытудың әдіс, жүйесі, типі, түрі, не формасы мағынасында емес, оқыту формасы мағынасында енеді (Э.Г. Мингизов).
Проблемалық оқыту - оқытудың жаңа типі. Ол түсіндірмелі - иллюстративтік әдісті алмастырып, оқушылардың шығармашылық ізденіс негізінде білім алуына негіз болады (В.И. Загвязинский).
Дәстүрлі оқыту мен проблемалық (ділгірлік) оқыту арасындағы негізгі ерекшелік, айырмашылық 2 жайттан көрінеді:
1) педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мақсатынан;
2) қағидасынан (принципінен);
Дәстүрлі оқыту мақсаты - таным нәтижелерін меңгеру, оқушыларды ғылым негіздері білімімен қаруландыру, оларға тиісті іскерліктер мен дағдыларды сіңіру болса, ал проблемалық оқыту мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білім деңгейін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып қоймай, бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісін де меңгерту, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық ізденіс үстіндегі алғырлығы мен ойшылдығын арттыру, қабілеттерін дамыту;
Проблемалық оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізінде оқушының оқу-танымдық ізденіс әрекетінің, білімдерді ділгірлік меңгеру, яғни ғылым қорытындыларын, әрекет тәсілдерін ашу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану тәсілдерін ойлап табу принципі жатыр.
Проблемалық мәселенің мазмұны оқушылардың алған білімімен, олар шешуге тиісті жаңа мәселелерінің арасындағы қайшылыққа негізделген проблемалық жағдаятқа байланысты. Проблемалық мәселенің шешімін табу оқушылардан жаңа жағдайда алған білімін пайдалануды қажет етеді, бұл олардың ойлау қабілетін дамытады.
И.Я. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді:
- ділгірлік баяндама;
- эвристикалық (пікір алысу);
- жеке ізденіс (жартылай);
- зерттеу әдістері.
Ділгірлік баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім ділгірлік жағдай туғыза отырып, ізденіс материалын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Оқушылар әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді.
Эвристикалық пікір алысуда мұғалім ділгірлік мәселені тікелей енгізеді де, бір-біріне байланысты сұрақтар қояды, қайтарылған тура жауаптар мәселенің шешіміне әкеледі.
Жеке жартылай ізденіс әдісі оқушылардан қойылған мәселені өз бетінше шешуді талап етеді. Дегенмен, мұғалім көмектесіп, ойлау әрекетінің жоспарын белгілейді, қиындықтарды шешу жолын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет