3) Ынталылық – басқамен қарым-қатынаста іскерлік позицияға
бейімділік; алға басу, өздігінше қарым-қатынас орната білу; қажет болса
басқаның сөзін, ісін күтпей, жағдайды жақсартуды өз қолына ала білу.
4) Өзіне-өзі ие бола білу – біреудің бет пердесімен жамылмай әртүрлі
мәселелерге, адамдарға өз көзқарасын ашық айта отырып, өзіне-өзі ие бола білу
қасиеті.
5) Ашықтық – адамның өзгелерге өз ішкі дүниесін ашуға дайын тұруы,
ойларын ашық айта білуі.
6) Сүйіспеншілік– оңтайлы қарым-қатынас жасаудың жетекші қасиеті,
балаларды жақсы көру.
74-суретте
педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын
талаптар ашылды.