К. Д. Бузаубакова


Педагогикалық  қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет368/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   446
  Педагогикалық  қарым-қатынас    –  коммуникацияны  орнату,  дамыту, 
ұйымдастыруға  бағытталған,  ортақ  іс-әрекеттің  мақсаты  мен  мазмұнына 
байлансты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара 
әсер ету процесі. 
  Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г.М.Андреева бойынша): 
- коммуникативті;  
- интерактивті;  
- перцептивті.   
   Педагогикалық қарым-қатынастың атқарылатын қызметі
- әлеуметтік; 
- психологиялық; 
- инструменталдық. 
    Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар: 
-   тиімді байланыс орната алмау; 
-  сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау; 
-   педагогикалық  міндеттерге  сәйкес  қарым-қатынасты  құрастыра  және 
өзгерте алмау; 
-  оқушының  ішкі психологиялық позициясын түсінбеу; 
-  өзінің психикалық жағдайын басқара алмау және  т.б. 
   Педагогикалық  іс-әрекеттегі  қарым-қатынас  –  бұл  оқу  міндеттерін 
шешу  құралы,  оқу  процесін  әлуметтік-психологиялық  қамтамасыз  ету;    оқыту 


278 
 
мен  тәрбиенің  тиімділігін  әсер  ететін  педагог  пен  балалардың  өзара  қарым-
қатынасын ұйымдастыру. 
   Педагогикалық қарым-қатынасты төмендегідей  іскерліктер құрайды
- ақпаратты беру іскерлігі; 
- оқушы жағдайын түсіну; 
- балалармен өзара қарым-қатынас орнату; 
- қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі; 
- өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б. 
Психологиялық  кедергі,  дау  «конфликт»  сөзімен    сайма-сай  келеді.  
«Конфликт» сөзі латын тілінен аударғанда  «сonflikt’s» – қақтығысу мағынасын 
білдіреді. 
 Шетелдік  педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерде:  «Конфликт- 
құндылық  үшін  күрес  және  белгілі  бір    мәртебе,  ресурстар  үшін  таласу 
барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру»  – деп көрсетіледі. 
 Педагогикалық  қақтығыс, психологиялық кедергілердің ерекшеліктері: 
-  Проблемалық    жағдаяттарда  мұғалімнің  дұрыс  шешім  қабылдауға 
жауаптылығы; 
-  Конфликтіге қатысушылар әртүрлі әлеуметтік  мәртебеге  ие; 
-  Өмір тәжірибесі әртүрлі; 
-  Дау тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс; 
-  Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек; 
-  Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін. 
77-суретте педагогикалық  қақтығыстың    түрлері ашылды. 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет