280
қатыстым, әртүрлі мектептерде, әртүрлі мұғалімдер В.Ф.Шаталовтың
әдістемесін әртүрлі деңгейде меңгеруіне байланысты оқушылардың даму
деңгейі де әртүрлі болуына қарамастан, жалпыға ортақ ерекше психологиялық
ахуал көзіме түсті.
Мұнда мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы байқалады:
- тілектестікпен түсінісуі, ілтипаттылық;
-
шығармашылыққа талпыныс;
- жеке оқушының жетістігіне қызығушылық.
Әбігершіліксіз, жан қысылусыз, қорқынышсыз, сыйлы, байыпты, жанға
жайлы іскерлікті жағдайда оқыту оқушылардың білім сапасының жоғары
болуына себеп болады.
В.А.Кан-Калик жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталов жайлы: «В.Ф.Шаталов
сабақтарында жанға жайлы, психологиялық комфортты қарым-қатынасты
қалыптастырып, оқушыларға өздерін еркін ұстап, ойындағысын,
бойындағысын айқын, ашық көрсетуге мүмкіншілік туғызады» деп оқушыны
жеке тұлға ретінде қарауды ұсынады.
Ғалым Л.Т.Охитина «Сабақтың психологиялық негіздері» еңбегінде:
«Сабақты өткізуде мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруын және оқушылардың
танымдық әрекетін ұтымды басқара алуын ерекше атап айтып кеткен жөн.
Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруының психологиялық компоненттеріне оның
шығармашылық көңіл-күйі мен оқушылармен психологиялық түйіспе (контакт)
орната білуі жатады». Психологиялық түйіспе (контакт) деген не? Оны қалай
жүзеге асыру керек?
Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас төмендегідей
жағдайларда сәтті дамиды:
1) Егер жеткіншектер үлкендердің әрекеттеріне шын ниетімен қолғабыс
көрсетсе.
2) Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе.
3) Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің ісіне қатыстырып, керекті ептілікке
үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе, сонда барып үлкен мен
жеткіншек «қатар» емес, «бірге» өмір сүреді.
Осындай түйіспені «психологиялық түйіспе» деп атайды.
78,79-суреттерде психологиялық комфорт, психологиялық түйіспе
ұғымдарының мәні ашылды.
Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарым-қатынастан
тұрады. Қарым-қатынас ұғымы – адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі,
олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Мұғалім мен оқушы – әртүрлі екі субьект. Мәселенің негізгісі осы
әртүрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын
көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі керек. Мұғалім көп
жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекетін міндетті түрде ескеруі
керек.
Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым-қатынасы
қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдинетін талап етеді.