топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.
Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.
Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен
тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар,
хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті,
қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың
стратегиялық бағытын анықтайды.
Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы,
әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, тәлімгер,
мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, өзін-өзі басқаруға
қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Үшінші деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының
өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың
арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара
әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады
(13-сурет).
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда
басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша – жалпы
мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша – қоғамдық
ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер,
бригадалар және т.б.