К. Е. Раманкулова, А. М. Омаралиева, И. Килибаев


 Зертханада жұмыс жүргізуге арналған нормативтік құжаттар



Pdf көрінісі
бет83/174
Дата28.09.2022
өлшемі6,33 Mb.
#40700
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174
5.3 Зертханада жұмыс жүргізуге арналған нормативтік құжаттар
Стандарттау өнім сапасын басқарудың негізі болып табылады және 
өндіріс тиімділігін арттыруға, сонымен қатар жоғары және тұрақты сапа 
көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етеді.
Стандарттар-стандарттау объектісіне нормативтік ережелер мен 
талаптар кешенін белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттама түрлерінің 
бірі. Стандарттардың көмегімен өнімді дайындау, сақтау, тасымалдау және 
пайдалану реттеледі.
Стандарттармен анықталатын көрсеткіштер, шикізат пен дайын 
өнімнің сапасына, сынау мен бақылау әдістері мен құралдарына қойылатын 
нормалар мен талаптар ғылым мен техниканың қазіргі жағдайына сәйкес 
келуі және соңғы зерттеулердің нәтижелеріне негізделуі керек.
Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттар мен нормативтік 
құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және енгізу, сондай-ақ олардың 
орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау 
жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1)
Халықаралық стандарт:
2)
өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат
жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі қағидалар мен ұсынымдар;
3)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары және
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
4)
ұйым стандарттары;
5)
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
ұлттық стандарттар, ұйымдардың стандарттары, техникалық-экономикалық 
ақпарат жіктеуіштері, шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі 
қағидалары, нормалары мен ұсынымдары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты - уәкілетті 
орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді 
стандарт. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, 
өзгерту және күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Мемлекеттік 
стандарттар өнімге, процестерге (жұмыстарға), көрсетілетін қызметтерге 


124
әзірленеді. Стандарттарды әзірлеуді стандарттау жөніндегі мемлекеттік және 
мемлекетаралық техникалық комитеттер, республиканың басқа да мүдделі 
заңды 
тұлғалары 
мемлекеттік 
стандарттау 
жоспарларының 
(бағдарламаларының) тапсырмаларына сәйкес немесе бастамашылық 
тәртіппен жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар, өнімді дайындаушылар 
мен тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, республиканың 
басқа да мүдделі тұлғалары стандарттарды әзірлеуге тапсырыс берушілер 
бола алады.
Мемлекеттік стандарттарда мыналар белгіленуі мүмкін:
1)
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық
актілерде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін өнімнің, 
көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігі бойынша қажетті талаптар;
2) өнімдерді, қызметтерді жіктеуге қойылатын талаптар;
3)
өнімнің біріздендіру, үйлесімділік және өзара алмастырылу
көрсеткіштері;
4) терминдер мен анықтамалар;
5)
өнімнің, көрсетілетін қызметтің тұтынушылық қасиеттері мен
сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсат көрсеткіштері;
6)
қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату
және жою қағидалары;
7) сапа мен қауіпсіздікті сынау әдістері;
8)
ресурстардың барлық түрлерін сақтауға және ұтымды
пайдалануға қойылатын талаптар;
9)
сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерін
енгізуді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10)
қызметтің белгілі бір саласы үшін ұйымдастырушылық-
әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен 
ережелер.
Мемлекеттік стандарттар мыналарға бөлінеді:
Зертхана жұмысының негізгі "өнімі" ақпарат болып табылады. Ол деректер 
мен құжаттар түрінде ұсынылады. Құжаттар мен деректер сапа жүйесінің 
.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет