К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет150/159
Дата16.10.2023
өлшемі7,04 Mb.
#116057
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159
Байланысты:
Ярочкина-Электр-техника-негіздері.-Оқулық

Электржетектерді басқару. 
Электржетектерді басқару айналым 
бағытын қосу, тоқтату, ӛзгертуден және электрқозғалтқыштардың айналым 
жиілігін реттеуден тҧрады.
Электржетектерді басқару жҥйелері екі тҥрге бӛлінеді. 
Бірінші тҥрге
жылдамдықтың қосылу, тежелу, ӛзгеру процестерінің автоматтандырылуын, 
қорғанысты және т. б. қамтамасыз ететін ажыратылған жҥйелер жатады. 
Екінші тҥрге
– әр тҥрлі кері байланыстар: жылдамдық, ЭҚК, ток және т. б. 
бойынша пайдаланылатын басқарудың тҧйық жҥйелері жатады. Кері 
байланыстар жетекші (басқару) сигналмен бірге берілген технологиялық 
талаптарға сәйкес электржетектердің статикалық және динамикалық 
сипаттамаларын қалыптастыруға мҥмкіндік береді. Электржетектердің дҧрыс 
және ҥздіксіз жҧмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызды шарты басқару 
схемасын таңдау болып табылады. Басқарудың бірнеше әдістерін 
пайдаланады.
Қолдан басқару 
адамның ӛзінің қатысуымен автоматты емес 
коммутационды аппараттарды (контроллерлерді, ҥзгіштерді және ӛзгелері) 
пайдалану арқылы жҥзеге асырылады.
Автоматты басқару 
автоматты әрекетке ие аппараттарды (релелерді, 
контакторларды және ӛзгелерді) қолдану арқылы жҥзеге асырылады. 
Автоматты басқару адамдардың еңбек етуін оңайлатады. Еңбек ӛнімділігін 
арттырады. Механизмдерді қашықтықтан басқаруға мҥмкіндік береді. 
Электржетектер арқылы қашықтықтан басқару аппараттары арасында 
электрмагниттік контакторлар мен іске қосқыштар пайдаланылады. Іске 
қосқыштар дегеніміз электрмагниттік контактордың ортақ қорапта 
орнатылған, «Іске қосу» мен «Тоқтау» атты басқару батырмалары бар 
биметалл термиялық релемен ҥйлесімін айтады.
Электржетектерді тҥйіспесіз аппараттар арқылы да басқаруға болады. 
Олар магниттік (трансформаторлардан, дроссельдерден, кҥшейткіштерден), 
жартылай ӛткізгіш (диодтардан, транзисторлардан, тиристорлардан және 
ӛзгелерден) және жанама (резисторлардан, конденсаторлардан және 
ӛзгелерден) элементтерден тҧрады. Бҧндай аппараттарда тез тозатын 


механикалық бӛлшектер жоқ. Оларға тез арада әрекет ету тән. Алайда 
олардың тҧрақты жҧмыс істеуі температураға тәуелділікті тудырады. 
Тҥйіспесіз аппараттары бар тізбектер кҥрделірек әрі қымбат болып 
келеді. Зақымдалуды анықтау мен баптау ҥшін аса қымбат және кҥрделі 
аппаратура қажет. Оларды реттелетін, қосылу жиілігі ҥлкен жетектерде және 
жарылу қаупі бар орталарда жҧмыс істейтін жетектерде кӛбіне-кӛп 
пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет