54
Көз дегенің құр әйнек.
Қатардан қалғанша,
Қатерден қал.
Бойы үйренген дозаққа
Басы сыймас жұмаққа.
Халық жаққан шырақты сөндірем дегеннің сақалы күйер.
Қатты ағашта жейтін жұмсақ құрт.
БІЛӘЛ НАЗЫМ
(1825-1900)
Біләл Назым – XIX ғасырдағы ұйғыр әдебиетінің аса көрнекті
өкілдерінің бірі. Ол 1825 жылы Құлжа қаласында өмірге келді. Әкесі
Жүсіп өз еңбегімен күнелткен етікші еді. Біләл 14 жасында анасынан, 20
жасында әкесінен айырылып, ағасы Жалалиддин екеуі жетім қалады.
Ағайын-туыстары жетім қалған ағалы-інілі екеуіне зорлық-зомбылық
көрсетеді. Сол үшін Біләл жас кезінде жазған өлеңдерінің бірінде:
Әкем де өліп кеткен,
Анам да өліп кеткен.
Жат емес, туысымнан
Қайғы һәм қасірет жеткен.
Жақыным
жаққан оттан
Жан-дүнием жанып кеткен.
Әкем де
тірі болса,
Анам да
тірі болса,
Дертімді зарлап айтсам,
Запыран құсар едім – дейді.
Біләл Құлжа қаласындағы медресені бітіріп, араб, парсы тілдерін
жетік біліп шығады, Шығыс классикалық поэзиясымен түпнұсқадан оқып
танысады. Біләлдің есімі лирик ақын ретінде жас кезінде-ақ күллі
Түркістанға мәшһүр болады.
Біләл Назым Бұхараға барып оқуын жалғастыруды, әрі Меккеге
барып хажы болып қайтуды армандайды. Әйте де, кедейлік оған мүмкіндік
бермейді. Ақынның «Пұл тапсам дейді Назым, Меккеге етем тағзым»
деген жыр жолдары халық арасында мәтелге айналып кеткен.
Біләл Назым 1864 жылы Іле уәлиятында болған ұлт-азаттық
көтерілісіне қатысып, ағасы сонда қайтыс болған еді.
55
Петербург келісіміне сәйкес 1882 жылы Ресей әскері Іле уәлиятын
Маньчжур-Қытай әкімдеріне тастап шығып кетті. Сол-ақ екен мұнда ұлт-
азаттық көтерілісіне қатысқандарды, озат ойлы азаматтарды, уақытында
салық төлей алмаған кедейлерді қудалау, қамауға алу басталды.
Сол кезде Біләл Назым мыңдаған ұйғырлармен бірге туған елін
тастап, Жаркент (Қазақстанға) қаласына қоныс аударуға мәжбүр болады.
Біләл 1900 жылы осы қалада дүниеден өтті.
Біләл ақын ретінде көзге түсті. Ол 1851 жылы «Ғазалият» деп
аталатын өлеңдер жинағын аяқтап, сол жылы оны өз қолымен көшіріп
халық арасына таратады. Біләл ақын ұйғыр аруларының бейнесін жасауда,
махаббат тақырыбын жырлауда ұйғыр поэзиясына жаңа леп, тың тыныс,
терең мазмұн, көркем форма әкелді деуге болады.
Біләл ақын 1876 жылы Құлжа қаласында тұрған кезінде өзінің
«қытай мемлекетіндегі қозғалыс» («Ғазат дәр мулки Чин») атты тарихи
дастанын жазып бітірді. Сонда барған орыстың шығыс зерттеушісі
Н.Н.Пантусов (1849-1909) бұл дастанды Біләлдің өз қолынан алып, Қазан,
Петербург баспаларына көп таралыммен бастырып шығарды.
Біләл Назымның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» атты дастаны
тарихи еңбек ретінде де, көркем шығарма ретінде де мейлінше жоғары
бағаланады. Мұнда XIX ғасырдың екінші жартысында ұйғырлардың
Маньчжур-Қытай отаршыларына қарсы көтерілісі тарихи негізде, көркем
сөзбен хикая ретінде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: