І. Жазудың негізгі алгоритмімен танысу Курс жоспары 33 сағатқа түзілген.
Кіріспе бөлімі 9 сағатқа құрылған. Бұл бөлімде оқушылар жазу жолының негізгі құрылымдарымен танысады. Жазу жолындағы арақашықтықтың сақталуы мен сызықтардың көлбеу түсу сырларын түсінуге мүмкіндік береді.
ІІ. Қосымша жолдардың жұмыс кеңістігімен танысу Бөлім 7 сағатқа құрылған. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болу дағдыларын игеруі тиіс.
графикалық белгілерді есте сақтау;
жазу тәртібін меңгеру;
жазу нормативтеріне бағыну;
қатесіз және жатқа жазу;
уақытты дұрыс үнемдей білу.
ІІІ. Әріптердің жазылу элементтерімен танысу Бұл «Көркем жазу» таңдау курсының бағдарламасының негізгі мазмұны
оқушының өз бетімен оқуына, ізденуіне және көркем мәдениетінің
қалыптасуы болып табылады. Осы бөлімде оқушының білім, білік
дағдылары біртіндеп өсуіне қарай құрылады. Бөлім 10 сағатқа жоспарланған.
ІҮ. Әріп элементтерін жазу Курстың соңында оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, ритмикалық әдіс, теріп жазу әдісі, топтастыру әдісі, Карстер әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.
Бұл бөлім 8 сағатқа құрылған.
Пәнаралық байланыс:
Салауаттану
Ана тілі
Бейнелеу өнері
Дене шынықтыру
Музыка
Сызу
Курстың тәжірибелік бөлімі
Курс барысында оқушылардың икем, дағдылары төмендегі іс-
әрекеттер бойынша бекіп отырады.
Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табады.
Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтайды.
Сөздер арасындағы қашықтықты меңгереді.
Әріп элементтерінің жазылу алгоритмін, әріптер мен әріптерді байланыстырып жазады.
Жазудың жылдамдық нормаларын орындау, баспа мәтінінен көшіріп жазу, жай сөздерді жатқа жазуды есте сақтайды.
Тақырып бойынша суретпен сөйлем құрайды.
Ребустар мен сөзжұмбақтар үшін материалдар жинақтайды.