Бүгінгі сабақта қай әріптің элементін жазып үйрендік?
І і әрпі сөздердің қай жерінде келеді?
Өзге әріптермен қалай байланысады?
Ендігі сабақтан не күтесіңдер?
Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті мәліметті алдыңдарма?
Үйге 5 – тапсырма. «Аң құстардың аталуы» ойыны арқылы сөйлемдерді, көшіріп жазуға ұсыну.
Бағалау. Көркем, сауатты жазған оқушыларды мадақтау.
32 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Ю ю әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Ю ю әрпінің элементтерін жазу техникасы, жазу тәртібі, элементтердің өлшемі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында көркем жазу ережелерін сақтай отырып, әдемі жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ойын, адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көргізбелігі: Ю ю әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық «Қысым-және босаңсу» жаттығуы.
Қатысушылар тік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді
Үйге тапсырманы тексеру. 5- тапсырманың орындалуын сұрау. Берілген тапсырманы тексеріп, оқушылар еңбегіне талдау жасау.
Жаңа білімді меңгерту. Ю ю әріпінің элементерін жазу.
Ой жинақтау:Сергіту жаттығуы.
Біз гүлдерше өсеміз, (Қолдарын жоғары көтереді)
Жапырағы жайқалған.( Құшағын кең ашады)
Сабақтары салалы, (Қолдарды билеу қалпына келтіреді)
Желге ырғалып жайқалған. (Оңға, солға ырғалып қозғалады)