К. Ж. Қожахметова


Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу



бет36/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу


Тәрбие мақсатының педагогикалық процесс пен қоғам қажет- тілігіне қарай өзгеріп отыратыны баршамызға мәлім. Қоғам мү- шелерінің бәрінде ортақ, бірегей мінез-құлық, қасиет болмайды. Адамдар тұлға ретінде, өзіндік жеке ерекшеліктерімен дүниеге келмейді. Әрбір адам жеке тұлға ретінде қалыптастырылып, тәр- биеленуі оның өзіндік іс-әрекеттеріне де тікелей байланысты. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп, тәрбиелеп отыруы тиіс. Біз тақырыпқа байланысты алдымен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін қарастырайық. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзінің те- ріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байла- нысты саналы, мақсатты іс-әрекеті.


Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуде «мен» ұғымының мәні зор. Әрине, тәрбие барысында адамдарды бірдей, инкубаторлық тұр- ғыдан тәрбиелеу тіпті де дұрыс емес. Біз тәрбие процесін барша- ға бірдей, ерекшеліктерін ескере отырып жүргіземіз. Бірақ әрбір жеке тұлға жекелік қасиеттеріне сай қабылдап, бойына сіңіреді. Тәрбие процесінде адамдардың өз қоғамына сай тәрбиеленуін басшылыққа аламыз. Көптеген жағдайда адамдар тәрбиесі қо- ғаммен, ортамен үйлеспей жатады. Мұндай жағдайда әрбір же- ке адам өзін-өзі тәрбиелеумен саналы түрде айналысуы тиіс. Бұл процесс педагогикалық процесте өзін-өзі тәрбиелеу процесі деп аталады. Мұның құрамына: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі аңғару, өзін- өзі басқару, өзін-өзі бағалау. т.б. жатады.
Ал тәрбиесінде белгілі бір себептермен көлемді ауытқушылық- тар болған жағдайда қайта тәрбиелеу процесі іске асырылады. Ол:
– жеке тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтың басты себептерін анықтау;
– тәрбие процесінде туындап отырған мәселелерді айқындау;
– қиындықты жеңу жолдары мен әдіс-тәсілдерін жобалау;
– таңдалып алынған әдістеме ықпалын бақылау;
– жобаланған жоспардың іске асуын қадағалау (тәрбиелену- шінің белсенділігін есепке алу);
– таңдалған әдіс нәтиже бермеген жағдайда жаңа әдіс таңдау;
– талап қоюды нақтылау.
Қайта тәрбиелеу процесіне психолог, кейде медицина маман- дары да араласа алады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие процесі қашан да өз нәтижесін берері хақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет