К. Ж. Қожахметова


Тәрбие заңдылықтары мен принциптері



бет38/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Тәрбие заңдылықтары мен принциптері


Мақсаты: студенттерді тәрбие заңдылықтары және принциптерімен таныс- тыра отырып, тәжірибеде қолдануды үйрету.
Жоспары:

    1. Тәрбие процесінің сипаты.

    2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары және принциптері.

Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары, тәрбие принциптері.


    1. Тәрбие процесінің сипаты


Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалып- тастыру, дамыту процесі.

ТП – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбие- леу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып да- мушы тәрбиелеу жағдайында (тәрбие ісі) есептеледі. Мұнда тәр- биеленушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленуші- лерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.


ТП көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі бас- қару сияқты қасиеттермен сипатталады.
ТП-да мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңіре- гінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракция- лау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекетінің барлығы тәрбие процесі болып табылады. Олардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін пе- дагогикалық абстракциялау керек. Абстракциялаудың жеткілік- ті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан ауытқу қаупі туады.
Педагогикалық процесс, біріншіден, мазмұны жағынан өзін- де оқу, сонымен бірге оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттерін де қамтиды, екіншіден, процестің өзінің екі жақтылық қасиетін көр- сетеді, үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қа- рым-қатынастарының күрделілік қасиетін дәлелдейді, яғни оқу- шылар да, ұстаздар да педагогикалық процесте бірдей нысаналар ретінде, ықпалдың субъектісі-объектісі ретінде және іс-әрекеттің субъектісі ретінде де көрінеді.
«Оқыту» – педагогикалық процестің бір бөлігі, онда өсіп ке- ле жатқан ұрпақтың тұлғасын қалыптастыру міндеттері оқушы- лардың білімдер негізін меңгерудегі танымдық әрекеттерін мұға- лімдердің ұйымдастыруы арқылы шешіледі; «оқыту формалары» мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзара әрекеттерін қам- тамасыз ету арқылы шешіледі. Педагогикалық процесс – оқыту- шылар мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді. Педагогикалық процесс бір ғана сәттік емес, уақыты жағы- нан ұзақ процесс. Оның заңдылықтарының ерекшеліктері оқу ба-


рысында олардың бірқатары педагогикалық процестің әлеуметті- лік сипаттағы ерекшелігін көрсетеді және біртұтас педагогикалық процесте қалыптасушы тұлғаға қойылатын талапқа және осы та- лаптарға тәуелді мақсат, міндеттер мен мазмұнға әсерін тигізеді.
Біртұтас педагогикалық процесс тұлға мен қоғамның мүддесі- не сай жасалынып жүзеге асырылатындықтан, онда ол тұлғалық бағытталған сипат алады. Демек, тұлға дамуының қайшылықтар тобы ең өзекті, жетекші болады.
Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады. Бұл процестің орны мен рөлі тұлға қалыптастыру проце- сі құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқару- шы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын ала белгіленген жоспар мен міндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие іске кіріседі. Тәрбие – бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесі. Бұл сонымен қоса қоғамға қажетті әрі пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатын- дағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ұйымдасқан, басқарыл- ған, бақыланатын бірлескен өзара әрекеті. ТП – бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер- дің нақты пәрменді бірлескен әрекеті.
ТП-ның өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл процесс мақсатты-бағдарлы болып табылады. Оны ұйымдастыруда мей- лінше пәрменділікке жеткізетіні – тәрбие мақсатының тәрбиелеу- шіге жақын әрі түсінікті мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсат- тардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы қазіргі тәрбие процесі сипатталады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет