К. Ж. Қожахметова


Педагогика ғылымының әдіснамасы және педагогикалық зерттеу әдістері



бет11/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Педагогика ғылымының әдіснамасы және педагогикалық зерттеу әдістері


Ең бастысы, педагогика ережесін зерттеу емес, ережелер туындайтын ғылыми негізді зерттеу.


К. Д. Ушинский
Мақсаты: студенттерге педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері туралы мәлімет беру, олардың ғылыми мәдениетін қалыптастыру.
Жоспары:

    1. Педагогика ғылымының әдіснамасы ұғымына түсінік.

    2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары. Педагогика- лық зерттеу әдістері.

    3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің құрылымы.

Негізгі ұғымдар: педагогика ғылымының әдіснамасы, педагогикалық зерт- теулердің ұстанымдары, педагогикалық зерттеулердің әдістері, зерттеулер- дің теориялық әдістері, зерттеулердің практикалық әдістері, педагогикалық эксперимент.


    1. Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік




Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами ала- ды. Игерілген білім ең алдымен әдіснамалық зерттеулерді таң- дауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама (грек сөзі methodos зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз ұғым): 1) теориялық және практика- лық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай да бір ғы- лымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Әдіснама – зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағ- дарламасын құруға, ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағыттал-

ған іс-әрекет. Сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерек- шеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принцип- терін таңдау, мәселесіне әр тұрғыдан келу.


Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл таным процесі, фор- масы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құ- былыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғы аспектіден келу жүйесі.
Теориялық білім педагогиканың шынайы құбылыстар әдіс- намасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама
– танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады. Ғылымда әдіснаманың иерархиясының бар екендігі мойындалды. Көптеген авторлар әдіснамалық білімнің құрылымында төрт деңгейді бөледі: фило- софиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық. Әдіснаманың барлық деңгейлері нақты бір-біріне бағынышты (соподчиненность) болады және күрделі жүйені құрайды.
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуге, әлемнің тұтастығына бай- ланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымда- рын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі.
Ғылымның әдіснамасы: талдау объектісі мен пәнінің талдауына, зерттеу міндеттеріне, оларды шешуге қажетті зерттеу әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығына, зерттеу компоненттеріне сипатта- ма береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесінде ке- зең, іс-әрекеттің жүйелілігі туралы түсінікті қалыптастырады.
Енді барынша толығырақ, әр деңгей немен сипатталатыны ту- ралы қарастырайық.
Әдіснаманың философиялық деңгейі бүтіндей ғылымның ка- тегориялық аппараты мен танымның жалпы принциптерін құрай- ды. Таным процесіне дүниетанымдық жолдарды анықтай отырып және болмысты құруда философиялық деңгей түрлі әдіснамалық білімдердің мазмұндық негізі ретінде алда тұрады. Қазіргі кезде әртүрлі адамтану ғылымдарының әдіснамасы ретінде қолданы- латын түрлі философиялық ілімдер, соның ішінде педагогика- ның да: экзистенциализм, неотомизм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм, т.б. бар


Экзистенциализм немесе тіршілік ету философиясы – адам- ның дүниеде өз болмысын кешу. Экзистенциализмнің негізгі түсінігі – тіршілік ету (экзистенция), өз МЕН-іне толық енген адамның жеке болмысы. Экзистенциалистер объективті ақиқат пен объективті білімді жоққа шығарады. Олардың ойы бойынша, объективті дүние тек субъектінің болмысы арқасында ғана өмір сүреді. Әр адамның ішкі МЕН-і сыртқы дүниені қалай қабылдаса, ол солай болады.
Экзистенциалистер қазіргі дүниеде тұлғаның өзгеруі, шеттеті- луі орын алуда, тұлғаның өзгешелігі жоғалуда деп есептейді. Бұл жағдайдан шығудың жолын индивид өзінің МЕН-ін жасаумен көрсетеді. Сондықтан да оқытудың мақсаты білім алушылар өз- дерін тұлға ретінде қалыптастыруды үйрету үшін; оларды өзде- рін өздері жаратуды үйрету керек. Мұнда басты рөлді ақыл емес, сезім, арман, сенім ойнайды. Осылайша, экзистенциализм оқы- тудың индивидуализациялануының философиялық негізі болып табылады.
Неотомизм – әлем екі жақты, рухани және материалдық әлем- нен тұрады дейтін ілім. Рухани дүние мейірімді және бай болған- дықтан, оның құндылығы жоғары. Ол мәңгі өмір үшін жаралған Құдай әлемі. Неотимистердің пікірі бойынша, ғылым эмпирика- лық мәліметтерді жинайды, бірақ ол Құдаймен анықталған дү- ниенің мәнін ашуға қабілетсіз.
Неотомистер жас ұрпақты тәрбиелеуде діннің басты рөлін дә- лелдейді, мектепті рационалдық үшін айыптайды.
Позитивизм – тек табиғи ғылымдар мен сандық тәсілдер кө- мегімен алынғанды ғана дұрыс деп есептейтін ілім. Позитивис- тер қоғамның дамуымен, әлеуметтік қайшылықтармен қоғамдық білімді мифологияға жатқызады, ғылым деп тек математиканы және жаратылыстануды есептейді.
Қазіргі неопозитивизм, мәні бойынша позитивизм бола тұра, өзіне кейбір жаңа түсініктер мен идеяларды алды. Неопозитивис- тер педагогиканың әлсіздігін нақты фактілердің орнына керексіз идеялар мен абстракциялардың басым болуын көреді. Бастысы білім емес, оны алудың тәсілі дейді.
Прагматизм ғылымның, техниканың, өндірістің тез дамуы абсолютті идеализмнің негізін үзуге байланысты пайда болған философиялық ағым. Осы ағымды жақтаушылар прагматизм
– идеализм мен материализмнен тыс тұратын философия деп

есептейді. Бастысы – «тәжірибе», «іс» дейді. Шындықты тануда прагматиктер адамның жеке тәжірибесіне алып келеді. Адамның практикалық әрекеті процесінде алынған білімнің бәрі ақиқат жә- не ол үшін пайдалы. Олар бала тәжірибесін оқу процесінің негізі деп есептейді. Сондықтан да оқыту мен тәрбиелеу баланың са- баққа деген қызығушылығын арттыруға, белсенділігін дамытуға бағытталуы керек .


Диалектикалық материализм – қозғалыстың, табиғат да- муының, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдылықтары ту- ралы философиялық ілім, диалектикалық материализмнің негізгі ойы материя бірінші, ал сана екінші дегенге алып келеді. Сана материяның даму нәтижесінде пайда болады және оның жемісі.
Осы ілімнің өкілдері материализмді қоғам тарихын түсіну- ге бағыттайды, танымдағы қоғамдық практиканың рөлін анық- тайды.
Диалектикалық материализм философиясында маңызды орын- ды диалектика заңы алады: сандық өзгерістің сапалыққа ауысуы, бірігу және қарама-қарсылық күресі, жоққа шығаруды жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикада тұлға қоғамдық қа- тынастардың объектісі мен субъектісі деп қабылдануында көрі- ніс табады. Тұлға әрекетте құрылады. Ал адамның тұлғасы мен әрекеті тұтастықта.
Біз әдіснаманың философиялық деңгейін қарастырдық, келесі деңгей – жалпы ғылыми. Оның негізінде көптеген ғылымдарда қолданатын тұжырымдар, ғылыми амалдар жатыр.
Әдіснаманың жалпы ғылыми деңгейі зерттеушіні және тәжірибе жүргізушіні өмір құбылысына қызмет етудің өзіндік заңдылық- тары және белгілі бір құрылымы бар жүйе ретінде қарауға бағыт- тайды.
Жүйелі амалдың мәні мынада: өзіндік компоненттер жеке емес, өзара байланыста, дамуда, қозғалыста қарастырылады. Жүйе- нің бірінші компонентінің өзгеруімен басқалары да өзгереді. Ол элементтер жүйесін құрайтындарда жоқ сапалық сипаттама- ны және интегративті жүйелік қасиеттерді шығаруға мүмкіндік береді.
Тұлға дамуының негізі және шешуші шарты іс-әрекет болып табылады. Осы факт педагогикалық зерттеуде және практикада тұлғалық және іс-әрекеттік амалды бөлу керектігін негіздейді.

Ал бұл диалогтық амалды пайдалануды қажет етеді. Ол адам мәні оның әрекетіне қарағанда бай және әр жақты, күрделі деген- нен шығады. Диалогтық жол адамның позитивтік потенциалына деген сенімге, оның шексіз шығармашылық мүмкіндіктеріне не- гізделген. Тұлғаның белсенділігі оқшау қарастырылмайды. Ол тек диалог принципі бойынша құрылған басқа адамдармен қаты- нас шарты бойынша дамиды.


Жоғарыда айтылған әдіснамалық принциптерді орындау мәде- ниеттанулық амалдармен өзара байланыста жүзеге асады. Мәде- ниет адам әрекетінің ерекше тәсілі ретінде түсіндіріледі. Өз кезе- ңінде ол (мәдениет) әлеуметтік гуманистік бағдарлама береді жә- не әрекеттің құнды типологиялық ерекшеліктері мен нәтижелерін анықтайды. Адам баласы нақты социомәдени ортада оқиды, өмір сүреді, белгілі бір этносқа жатады. Соған байланысты мәдениет- танулық амал этнопедагогикалыққа өзгереді. Қайта туылған ант- ропологиялық амал адам туралы барлық ғылымдардың мәлімет- терін тәрбиелеу пәні ретінде және педагогикалық процесті жүзеге асырудың пәні ретінде жүйелі пайдалануды білдіреді.
Әдіснаманың келесі деңгейі – нақты ғылыми, арнайы ғылы- ми пәнде қолданылатын зерттеу принциптері мен тәсілдерінің жиынтығы. Нақты ғылым әдіснамасы ғылыми таным үшін ерек- ше мәселелермен қоса, әдіснаманың жоғарғы деңгейлеріндегі сұ- рақтарды енгізеді.
Әдіснаманың технологиялық деңгейін әдістеме мен техника- сы құрайды, яғни оның эмпирикалық материалды алуда қамтама- сыз ететін рәсімдердің жиынтығы.
Жалпы алғанда, әдіснама ғылыми-зерттеу және практикалық әрекетті қалай жүзеге асыруды көрсетеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет