К. Ж. Қожахметова


Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы



бет9/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы


Жеке айтарлықтай дамыған ғылым бола тұрып, зерттеу аума- ғының нақтылығына қарамастан, педагогика басқа ғылымдардан тыс тіршілік ете алмайды. Тәрбие ісінің объектісі дамушы адам болғандықтан, педагогика ең алдымен адамды зерттейтін ғылым- дармен тығыз байланысты.


Адамды қоғамның мүшесі ретінде, биологиялық эволюцияның өнімі ретінде қоғамдық ғылымдар зерттейді, биологиялық ғы- лымдар, ал ойлаушы, ішкі психикалық әлемі бар (ағза) тіршілік ретінде – психологиялық ғылымдар зерттейді.
Педагогиканың қоғамдық ғылымдармен байланысын неғұр- лым тереңірек қарастырайық. Қоғамдық ғылымдар тәрбиенің мәні мен мақсатын анықтауға, адам болмысы мен ойлауының (жалпы) ортақ заңдылықтарының әрекеттерін дұрыс ескеруге көмектеседі.
Қоғамдық ғылымдардан педагогика философиямен тығыз бай- ланысты. Философиялық ілім педагогиканың әдістемелік негізі болып табылады, тәрбие мен оқытудың мақсаттарын маңыздан- дыруға септігін тигізеді. Философиялық көзқарастар жүйесіне (материалистік, экзистенциалды, прагматикалық, неопозитивис- тік, т.б.) педагогикалық ізденіс бағыты, оқыту процесінің мазмұ- ны, мақсаты және технологиялық сипаттары тәуелді.

Философия мен педагогикада бірқатар ортақ сұрақтар мен мә- селелер бар, оның ішінде:



  • тәрбие мақсаты мәселелері;

  • дүниетанымды қалыптастыру мәселелері;

  • ұжым мен тұлғаның өзара байланысы;

  • таным теориясы мен оқушы танымының – адамның қорша- ған ақиқатты тану формаларының бірі ретінде тануы теорияла- рының қайта өңделуімен байланысты гносеологиялық мәселелер. Сондай-ақ педагогика философияның айтарлықтай өз бетінше аумақтары этика және эстетикамен тығыз байланысты. Олар өнегелі, эстетикалық тәрбиелеудің, ғылыми дүниетанымды қалып-

тастырудың педагогикалық міндеттерін шешуге септігін тигізеді. Педагогиканың қоғамның әртүрлі топтарының дамуының не-
гізгі тенденцияларын, әлеуметтену заңдылықтарын, әлеуметтік ортаның адамға әсерін, оның қоғамдағы жағдайын, тұлғаны әр- түрлі әлеуметтік институттарда тәрбиелеуді зерттейтін әлеумет- танумен байланысы анық байқалады.
Педагогика экономикамен тығыз байланысты, негізінен білім беру экономикасы аумағымен деп айтуға болады. Жалпы білім- нің жоғарғы деңгейі еңбек өнімділігінің жоғарылауының маңыз- ды шарттарының бірі болып табылады деген дәлелдер бар. Білім беру экономикасының мәліметтері келесі маңызды педагогика- лық мәселелерді шешу үшін қажет:

  • өмірдің қымбаттауымен байланысты оқуға деген шығындар- ды анықтау;

  • әртүрлі білім беру ұйымдарында оқу бағасын анықтау;

  • оқу кадрларына, құрылысқа, мүлікке, оқу құралдарына, т.б. кеткен шығындарды анықтау.

Бұл мәселелерді шешуде педагогика мен экономика демогра- фия мәліметтеріне сүйенеді, ол халықтың (туу, өлім, миграция) мәселелерін зерттейді. Тууды болжау мен тіркеусіз, жастық құ- рылымды және халықтың көшу процесін ескермеусіз құрылыс және мектеп салу, ұстаздар дайындау мәселелерін шешу мүмкін емес.
Педагогика биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Ол педагогика мен психологияның жаратылыстық-ғылыми базасы болып табылады.
Педагогика атақты физиологтар И.М. Сеченовтің, И.П. Пав- ловтың адамның жүйке-психикалық дамуының бірінші және

екінші сигналдық жүйелерінің мәселелері бойынша, психикалық әрекеттің рефлекторлық табиғаты, сезім мүшелерінің дамуы мен қалыптасуы бойынша жазылған іргелі еңбектеріне сүйенеді.


Оқыту мен тәрбиелеудің нақты сұрақтарын шешу үшін еңбек пен демалыс тәртібін құруда жас ерекшелік физиология маңызды орын алады, ол – адам ағзасының құрылуы мен қалыптасу ерекшеліктері туралы ғылым, мектеп гигиенасы мектептегі дәрістердің барлық тү- рінің гигиеналық ұйымдастырылуы сұрақтарын зерттейді.
Педагогиканың медицинамен байланысы түзету педагогика- сының педагогикалық білімдегі арнайы бұтағы ретінде пайда бо- луына алып келді, оның пәні дамуында кемшіліктері бар бала- ларды оқыту болып табылады. Медицинамен өзара байланыста ол құралдар жүйесін жасайды, олардың көмегімен терапиялық тиімділікке жетуге болады және балаларды әлеуметтендіру про- цестері жеңілденеді.
Педагогиканың психологиялық ғылымдармен байланысы пе- дагогика үшін аса маңызды. Адам табиғатының қасиеттерін түсі- ну, оның жаратылыстық мүмкіндіктерін түсіну тұлғаның дамуын және психикалық әрекет заңдарын, механизмдерін ескеру, сол заңдармен бірге қалыптаса отырып, білім құру (оқыту мен тәр- биелеу) қажет.
Педагогика педагогикалық фактілердің анықталуы үшін, баян- далуы үшін, түсіндірілуі мен жүйеленуі үшін зерттеудің психоло- гиялық әдістерін пайдаланады. Педагогика мен психологияның ағзалық байланысы бірқатар шекаралық ғылымдардан көрініс табады: педагогикалық және жас ерекшелік психологияда, кәсі- би педагогикалық әрекет психологиясында, педагогикалық жүйе- лерді басқару психологиясында, т.б. Педагогиканың кез келген қолданбалы тарауы өз зерттеулерінде психологияның аналогия- лық тарауына сүйенеді.
Жас ерекшелік және педагогикалық психология педагогика- ның ажырамас бөлігі деп айтуға болады, олар жасқа байланыс- ты оқыту мен мақсатты тәрбиелеу жағдайларындағы психикалық процестердің заңдылықтарын зерттейді.
Дифференциалды психология адамның индивидуалды айыр- машылықтарын зерттейді, тәрбиеге деген тұлғалық анықталған көзқарасқа қажет мағлұматтармен педагогиканы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік психология әртүрлі топтарға жататын тұлғалар- дың қалыптасу ерекшеліктерімен айналыса отырып, педагоги-

кадағы ұжымдық тәрбиелеу мәселелерін зерттеу үшін және оқу- шылардың ұжым арқылы тәрбиеленуінің әдістемесін жасау үшін қажет құнды фактілермен, мәліметтермен қаруландырады.


Педагогика инженерлік психологиямен тығыз байланыс орна- тады, ол адам мен техниканың өзара қатынастарын зерттейді. Бұл ғылымның мәліметтері педагогикаға техникалық құралдарды, ЭЕМ, оқу процесінде компьютерлерді қосу әдістемелерін ғылы- ми тұрғыдан құруда көмек көрсетеді.
Педагогика кибернетикамен де байланысты, ол – күрделі ди- намикалық жүйелерді басқару туралы ғылым. Кибернетиканың ортақ идеяларын қолданудың практикалық нәтижелерінің бірі бағдарламалы білім беру болып табылады. Информатика мен ки- бернетика педагогиканың алдынан қосымша жаңа мүмкіндіктер ашады, яғни олар оқыту мен тәрбиелеу процестеріне бағыттал- ған. Олардың мәліметтерін пайдалана отырып, педагогикалық ғылым білім беру процестерінің жаңа формаларын жасап шыға- рады (қашықтықтан оқыту), оқу-тәрбиелік процестің тәсілдері мен басқару механизмдерін жетілдіреді.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыс жүйесіне этног- рафия мен фольклористика ерекше орын алады. Ұлттық дәстүрлер- ді, салттар мен әртүрлі халықтардың ғұрпын меңгеру, ұлттық эпос ескерткіштерін игеру педагогиканың ерекше саласының қалыптасу- ына негіз болады, ол – халықтық педагогика. Қазіргі заман оқушы- ларын тәрбиелеуде мәдени ескерткіштерін пайдалануды зерттейді.
Мұның бәрі педагогиканың өз пәні және зерттеу аумағы бола тұра, басқа аралас ғылымдармен тығыз байланысын көрсетеді.
Педагогиканың жоғарыда аталған ғылымдармен байланысы- ның талдауы олардың өзара толықтырушы келесі формаларын анықтауға мүмкіндік береді:

  • басқа ғылымдардың ортақтасатын қорытындыларының, тео- риялық жағдайлардың, негізгі идеялардың педагогикамен шығар- машылық түрде пайдаланылуы;

  • басқа ғылымдарда пайдаланылатын зерттеудің ғылыми әдіс- терін алу;

  • психологиядан, физиологиядан, әлеуметтану мен басқа да ғылымдардан алынған зерттеудің нақты нәтижелерін педагоги- када қолдану;

  • педагогиканың кешенді зерттеулерге қатысуы (алты жастан оқыту, емдеу педагогикасы, т.б.).



Сонымен, педагогика адамзаттың жалпы мәдениетінің бөлшегі бо- лып табылады. Ол арқылы жасалған білім беру, тәрбиелеу мен оқыту концепциялары ғылыми және жалпы мәдениеттілік құндылыққа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет