К. Ж. Қожахметова



бет13/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Үлгілеу – процестер мен құбылыстарды олардың нақты және идеялық үлгілері көмегімен зерттеу.
Индукция және дедукция – мәдениеттердің эмпирикалық жол- мен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктив- ті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалы- сын білдіреді, ал дедуктивті керісінше.
Зерттеудің эмпирикалық әдісіне: мәліметтерді жинау амалы, бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, бақылау мен өл- шеу амалы (межелеу, тест); мәліметтерді өңдеу (математикалық- статистикалық, графикалық кестелік); бағалау амалы (өзін-өзі ба- ғалау, рейтинг, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы (эксперимент, көлемді енгізу) жатады.
Бақылау – белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу. Оның негізгі белгілері:



  • бақылаудың мақсатқа бағыттылығы;

  • бақылаудың аналитикалық сипаты;

  • бақылаудың жиынтықтығы;

  • бақылаудың жүйелілігі.

Уақытты ұйымдастыру бойынша бақылау үздіксіз және дис- критті, ал көлемі бойынша кең және тар шеңберлі болып бөлі- неді. Кең түрдегі бақылау пәнді максималды бақылау үшін қол жетерлік барлық ерекшеліктерінің белгіленуіне , ал тар шеңберлі бақылау құбылыстың жеке жақтарын ашуға бағытталған.
Мәліметтерді алу тәсілі бойынша тура (бақылау кезінде бақы- лаушы тікелей көрген фактілерді тіркейді) және жанама (тікелей заттың өзі емес, оның нәтижесі бақыланғанда) болып бөлінеді.
Жүргізу шарты бойынша табиғи (табиғи жағдайларда) және лабораториялық болып бөлінеді. Жоспарлануы бойынша форма- лизацияланбаған және формализацияланған. Біріншісінде жүргі- зудің алдын ала белгіленген шеңбер бағдарламасы, процедурасы жоқ. Ол зерттеу объектісін, сипатын бақылаушының тілегі бой- ынша өзгертуі мүмкін. Ал екіншісі алдын ала ойластырылған бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Қолдану жиілігі бойынша бақылау үздіксіз, қайталанатын бір мәртелі, көп мәртелі болады.
Ақпаратты алу тәсілі бойынша тура және жанама бақылау бо- лады. Тура бақылауды бақылаушы өзі жүргізеді, ал жанама басқа адамдардың бақылауы бойынша жүргізіледі.
Бақылаудың тиімділігі: затты тұтастай; табиғи жағдайларда; көп қырлы байланыстарда зерттеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі- не: көп уақыт алады; бақылаушыға қатысты қателіктер кетуі мүм- кін; кейбір құбылыстарды байқау мүмкін емес.
Ғылыми зерттеудің белсенді формасы зерттеушілік сұхбат бо- лып табылады. Сұхбат педагогикалық фактілерге тәрбиелеушінің де, тәрбиеленушінің де қатынасын сақтауға, сол арқылы бұл құ- былыстардың мәні мен себебі туралы терең түсінік қалыптасты- руға мүмкіндік береді.
Сұхбатқа:

  • алдын ала дайындық;

  • қатысушыны ашық әңгімелерге тарта білу;

  • сұрақтың нақты, сенімді болуы сияқты талаптар қойылады.

Интервью алу сұхбаттың түрі болып табылады. Интервью алу кезінде зерттеуші белгілі бір реттілікте қойылатын алдын ала

белгіленген сұрақтарды ұстанады. Жауаптарын ашық түрде жа- зып алуға болады.


Сұрақтарды көпшілік қатынаста зерттеуде сауалнама жүргі- зу пайдаланылады. Сауалнама жүргізу (анкетирование) – арнайы жасалған сұрақ қағаздарының көмегімен материалдық бұқаралық жинау тәсілі. Сауалнаманың әртүрлі типтері қолданылады; ашық

  • жауапты өз бетінше қарастыруды талап етеді, жабық – дұрыс жауаптардың біреуін таңдау, жартылай жабық – дайын жауап- тар бар, өзінің жауаптарын да қосуға болады; ашық сауалнама- да – сыналушының аты-жөні көрсетілуі керек, жасырын түрінде

  • жауапта автор көрсетілмейді; толық және қысқарған және т.б. Баллдық бағалаумен «полярлық» анкетада қолданылады. Мы-

салы, өзіне және өзгеге баға беру үшін сұрақ қағазшалары құры- лады, тұлғаның қасиетін зерттеу қағазына 5 баллдық межелік ен- гізілген.



Қайырымды

5

4

3

2

1

Сараң

Еңбексүйгіш

5

4

3

2

1

Жалқау

Жауаптылық

5

4

3

2

1

Жауапсыз

Дарынды

5

4

3

2

1

Қабілеті аз

Осыдан кейін әрбір сан шкала бойынша бағаланады. Баллдар қатары әртүрлі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет